Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

«____» «____________» 2015 жыл

Аудандық оқушылар үйінің

директоры: Н.Наурызбаева



«Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары» ашық сабақ



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға компьютер құрылғылары туралы нақты білім беру.

Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, топтық жұмыс, сұрақ жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа сай дайындалған слайд, видеоролик, плакаттар, суреттер

Құрал жабдықтар: жұмыс дәптері, А4 парақтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Информатика сыныбындағы қауіпсіздік ережесін сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:

1-сұрақ: Пайнт редакторы дегеніміз не?

2-сұрақ: Пайнт редакторы қандай программаның ішіне кіреді?

3-сұрақ: Пайнт редакторының қалай іске косады?

4-сұрақ: Дайын суретті қалай сақтауға болады?

5-сұрақ: Пайнт редакторының жұмыс аймағында қанша құрал бар?

6-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

7-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

8-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

9-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

10- сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

11-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары



ІҮ. Жаңа сабақ

Дербес компьютер - бұл бір-бірімен байланысқан, әрі әрқайсысы өзіндік белгілі бір қызмет атқаратын электронды құрылғылардың жиынтығы. Компьютердің негізгі құрылғылары:

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Жүйелік блок (системный блок) - бұл компьютердегі кез келген ақпараттарды (текстік, графиктік т.б) электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен қабылдауға және өңдеуге негізделген құрылғы.

Жүйелік блогқа компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орналастырылған, сонымен қатар жүйені электр тоғына ұосатын батырма қойылған.

Оның ішінде:

-Аналық (материнская, системная плата)

-Процессор

-қоректендіру блогы

-жедел жад

-Қатты диск

-СД-РОМ

-көрініс платасы

-дыбыс платасы

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Процессор - ол компьютердің басты бөлігі. Ол өзіне ұсынылған программа бойынша есептеулерді жүзеге асырады және компьютерлерді жалпы басқарады. Оны кез келген компьютердің миы деуге болады.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Монитор (дисплей) бұл кез -келген ақпараттарды (текстік, графиктік т.б) экранға шығаруғанегізделген құрылғы. Мониторды адамға ақпараттарды беріп отыратын компьютердің «тілі» деп қарауға болады. Монитордың алдында көп отыруға болмайды себебі:

-Көз тез шаршайды;

-Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электромагниттік және ультракүлгін сәуле бөлініп отырады;

-20 минут жасағаннан кейн 5 минуттай демалыуды, көз жаттығуларын жасап отыруды ұмытпа!

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Пернетақта (клавиатура) - бұл кез -келгенақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы. Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:

-Пернелерді ақырын басу;

-Қатты соққылардан сақтану;

-Қолың таза және құрған болу керек;

-Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды;

Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Тышқан (мышь) - бұл компьютерде берілетін командалары жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы. Тышқан екі немесе үш батырмалы болады. Тышқанмен жұмыс кезінде: білек түзу болу керек. Тышқан күш салып басуға болмайды. Тышқанмен жұмыс істегенде қолды түгелдей созуға болмайды. Тышққанды еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Компьютердің қосымша құрылғылары:

Басу құрылғылары (принтер) бұл кез- келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады:

Матрицалық лазерлік Сия бүріккіш

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Сканер - бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Микрофон - дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Модем - бұл ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Диск, флешка, дискета - бұлар ақпаратты тасымалдайтын құрылғы.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларыКомпьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Ү. Сабақты бекіту

Компьютер құрылғылары туралы жұмбақтар шешу:

1-жұмбақ:

Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.(монитор)

2-жұмбақ:

Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.(пробел)

3-жұмбақ:

Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.(кактус)

4-жұмбақ:

Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам қағазсыз.(пернетақта)

5-жұмбақ:

Батырмасын бассаң,

Қажетті файлды ашасың.(тышқан)

6-жұмбақ:

Жұртты өзіне қаратқан,

Ақпаратты сақтап таратқан.(флешка,диск,дискета)

ҮІ.Сарамандық жұмыс (жұптық жұмыс)

Әр компьютерге екі оқушыдан отырып кез келген компьютер құрылғыларының суретін Пайнт графикалық редакторында салады. (10 минут уақыт беріледі).

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

  1. Бүгінгі сабақта көзің арқылы нені меңгердің?

  2. Бүгінгі сабақта құлағың арқылы нені меңгердің?

  3. Бүгінгі сабақта қолың арқылы қандай қызмет атқардың?

ҮІІІ. Бағалау

ІХ.Үй тапсырмасын беру



© 2010-2022