Сабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «модельдеуге тәжірибелік жұмыс»   Жалпы мақсаты: модельдей біледі. Оқу нәтижесі:  модельдеуге мысал келтіріп, талдай біледі. Моделді жіктей біледі. Ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модельдерді ажырата біледі. Түйінді идея:бір – біріне қолдау көрсетеді. Сабақтың түрі: саяхат – сабақ. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауға үйтеретін әдіс-тәсілдер: ассоциация әдісі, «фишбон» әдісі, «галерея» әдісі,  жіңішке, жуан сұрақтар. Барлық оқушыларды...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмысСабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «модельдеуге тәжірибелік жұмыс»

Жалпы мақсаты: модельдей біледі.

Оқу нәтижесі: модельдеуге мысал келтіріп, талдай біледі. Моделді жіктей біледі. Ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модельдерді ажырата біледі.

Түйінді идея: бір - біріне қолдау көрсетеді.

Сабақтың түрі: саяхат - сабақ.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауға үйтеретін әдіс-тәсілдер: ассоциация әдісі, «фишбон» әдісі, «галерея» әдісі, жіңішке, жуан сұрақтар.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту формасы: жеке, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, география, сурет, технология.

Үйрену барысын бағалау: формативті, жиынтық ( критериалды бағалау).

Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар: «Информатика 6 -сынып» Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ. Әбенов. Компьютерлер, интерактивті тақта, Activote құрылғысы.

Сабақтың жоспары:

І кіріспе бөлім. (8 мин)

  1. Тренинг «ИяЖоқ».

  2. Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.

  3. Бағалау (жетон тарату)

  4. Топқа бөліну.

  5. Сергіту сәті (1 мин)

ІІ тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру бөлімі (2 мин)

  1. Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру. «Бәйтерек» кешеніне модель құру.

ІІІ негізгі бөлім (30 мин)

  1. Оқушыларға тапсырмалар ұсыну (модельдеудің 4 кезеңін құру.)

І кезең: Есептің қойылымы. (ассоциация әдісі «Бәйтерек» сөзіне, Бейнеролик көру.)

ІІ кезең: Модельді құру. («Фишбон» әдісі.) Үйден орындап келген модельдерін қорғайды.

ІІІ кезең: Компьютерлік модель.( графикалық редакторда суретін салу. )

IV кезең: Модельдеу нәтижесін талдау. («галерея» әдісі.)

  1. Бағалау.

IV қорытынды бөлім. (5 мин)

  1. Өзін-өзі бағалау.

  2. Жиынтық бағалау.

  3. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болады, өйткені бүгін біз кемемен саяхатқа шығамыз. Саяхат барысынды біз аралдарға тоқтап, тапсырмаларын орындаймыз. Сапарларыңыз сәтті өтсін!

І бөлім. Кіріспе

І аялдама. «Еске түсір» аралы. Тренинг «ИяЖоқ». Бір оқушының басына тақия кигізіледі, (тақияда бір сөз жазылған) тақиядағы сөзді оқушы сұрақ қойып табу керек, қалған оқушылар сұраққа «ия немесе жоқ» деп жауап бере алады. Сөз өткен тақырып бойынша алынады, мысалы: «Модель», «модельдеу» т.с.с.

Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Модель дегеніміз не?

  • Модельдеу дегеніміз не?

  • Модельдеу неше кезеңнен тұрады?

  • Қандай?

Бағалау. Оқушыларға жауабына байланысты жетон тарату (толық жауап - жасыл, толық емес - қызыл).

Топқа бөліну: 1,2,3,4 санамақ.

ІІ аялдама. «Бойыңды сергіт» аралы.

  1. Сергіту сәті. ( қысқы сергіту)

ІІІ аялдама. «Модельдеу» аралы.

ІІ тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру бөлімі

  1. Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру. «Бәйтерек» кешеніне модель құру.

ІІІ негізгі бөлім

  1. Оқушыларға тапсырмалар ұсыну (модельдеудің 4 кезеңін пайдаланып, модельдеу.)

  2. І кезең: Есептің қойылу кезеңі. «Астана» дегенде ойымызға бірінші не түседі? Оқушылар ойларын айтып өтеді. «Бәйтерек» дегеніміз не? ассоциация әдісі бойынша оқушылар постер құрады.

Оқушыларға бәйтерек монументі туралы бейнежазба көрсету. youtube.com/watch?v=p6rjDECAyvA

ІІ кезең: Модельді құру

«Фишбон» әдісі. (ақпараттық модель)

1-қадам: мәтінді әр оқушы жеке оқу

2-қадам:оқу үрдісінде қаңқаның басында мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

3-қадам: жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4-қадам: балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады.

5-қадам: жұпта, топта жұмысты талқылау.

6-қадам: топ жұмысын аудиторияда презентациялау.



Мысал:

Қаланы безендіру

ұлттық мәдениетімізді көрсету

Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған

Қазақстан, Астана

Құрылысы басталды

30 тамыз 2002

Антеннаның төбесі

105 м

Шатыры

97 м

Лифтілер

2

Сабақ жоспары Модельдеуге тәжірибелік жұмыс

«Бәйтерек» кешенінің ақпараттық моделін құру

Түпнұсқасы Астана қаласында орналасты


Орналасуы

Ақмырза Исаұлы Рүстембеков

Сәулетшісі

М.Вахштейн

Инженер-құрылысшы


Үйден салып келген суреттерін немесе макеттерін қорғау.

ІІІ кезең. Компьютерлік тәжірибе кезеңі. «Paint» графикалық редакторында «Бәйтерек» монументін салу.

IV кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Түпнұсқасымен салыстыру. «Галерея» әдісі. Әр топ мүшелері топтардың салған суреттеріне баға қояды, критерий бойынша.

Ескерілетін жайттар(критерийлер) : Ұзындығы (10,5 см), «Бәйтерек» нысанының үш бөліктен тұруы, астының тамыр жаюы, ортасында, алтын шардың болуы,17 жапырағының болуы, орналасуы.

  1. Бағалау . (1-тапсырма - 1балл, 2-тапсырма - 2 балл, 3- тапсырма - 3 балл)

IV арал. «соңғы арал».

IV қорытынды бөлім.

  1. Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша жетон көтеру.

  2. Жиынтық бағалау. Бағалау парағын толтыру.

  3. «2жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын стикерге түсіріп, жабыстырады.

Бағалау парағы талдау.


  1. Үйге тапсырма беру. 15-16 тақырып, «Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешенінің макетін жасап келу»

Назарларыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

© 2010-2022