Тақырыбы: Ақпаратты жазу, іздеу және оқу (5 сыныптар үшін)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыт

8,12,2015


Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты іздеу, жазу және оқу


Сілтеме

«Информатикадан оқыту әдістемесі», 5 сынып оқулығы, қосымша материалдар.


Сабақтың мақсаты:

Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.


Оқыту модульдері

Оқыту үшін бағалау, сын тұрғысынан ойлау


Оқыту нәтижесі:

Ақпаратты іздеуді, ақпараттарды көшірмелеуді, орнын ауыстыруды және жоюды, алмасу буферімен жұмыс жасауды білетін болады. Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге,

 интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді


Сабақтың жүрісі:

Мұғалімнің іс - әрекеті


Оқушының іс - әрекеті


Психологиялық дайындық

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу


Өлеңді қосылып оқиды


Топқа бөлу

Оқушыларды үш түрлі карточкалар арқылы бөлінеді.

І- топ: Монитор

ІІ - топ: Пернетақта

ІІІ - топ: Жүйелік блог

Оқушылар үш түрлі негізгі құралдар арқылы топқа бөлініп отырады.


Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасына байланысты. Әр топқа екі сұрақтан беріледі

І - топ:1. Нысандарға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер?
- Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру
2. Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз?
- Shift пернесін жібермей басып тұрып та ерекшелеуге болады, егер нысандар әр жерде орналасса онда оларды ерекшелеу үшін CTRL пернесін қолданады.
ІІ - топ: 1. Алмасу буфері дегеніміз не?
- Алмасу буфері дегеніміз - компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймақ. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық орындалады. Көшіру және Кірістіру.
2. Қоржынды қолданбай нысанды қалай жоямыз?
- Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін пернетақтадан Shift+Del пернелер тіркесімдерін қолданамыз. Қоржынға орналастырмай бірден жою өте қауіпті.

ІІІ - топ:1. Қандай нысандар шектес нысандар деп аталады?

Қатар орналасқан нысандар.

2.Қандай пернелермен көшіру бұйрығын орындауға болады?

Ctrl + С


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім жаңа сабақ тақырыбына байланысты бір сұрақ қояды.


Оқушылар қамтылған сұраққа жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Мағынаны тану:

Үш топқа тақырыпқа байланысты топтастыру беріледі.

І - топ: Ақпаратты іздеу

ІІ - топ: Ақпаратты жазу

ІІІ - топ: Ақпаратты оқу


Оқушылар берілген үш түрлі топтастыруды орындайды.

Сергіту сәті:

Музыка ырғағын ұсынады.


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Ой - толғаныс:

Сұрақ қою, қайта сұрақ қою әдісі арқылы топтар бір - біріне сұрақ қояды.

Оқушылар топқа қойылған сұрақтарға жауап береді.

Практикалық жұмыс:

Үш топтан 3 оқушы шығып, компьютерде практикалық жұмысты орындайды.


Қалған оқушыларға информатикалық диктант беріледі.

Оқушылар диктанттан көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.


«БҮҮ» сызба әдісі:

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді





Оқушылар тақырыпқа байланысты сабақ барасында не білетінін, не үйренгенін, не үйренгісі келетіні туралы кестеге толтырады.

Бағалау:

Білім ағашына оқушылар өзін - өзі бағаланады.

Үйге тапсырма:

§13 оқып, түсінігін айту. Тақырыптың соңында өзінді



© 2010-2022