Paint графикалық редакторы тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 Пәні: Информатика. Күні: 09.12.2014ж. Мұғалімі: Исаханова Е.К.

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Paint графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:компьютер, слайдтар интерактивті тақта.

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

1.Нысандарды Қоржынға орналастырмай түсіру үшін қай пернелер тіркесімдерін қолданамыз?

2. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

3. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

4. CTRL+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

5. CTRL +O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

Жан- жақты пысықтау:

1. CTRL+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

2. Буманың атауын өзгерту үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

3. Х - мына батырма қандай қызмет атқарады?

Жаңа білімді меңгерту:

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік.

Графикалық редактор- графикалық бейнелердің құруға және өзгертуге арналған программа.

PAINT ( ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді. Пиксель - (ағылшын тілінен аударғанда - суреттің элементі)

Paint графикалық редакторы тақырыбына сабақ жоспары

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows -тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск → Барлық бағдарламалар → Стандартты → PAINT

PAINT терезесімен таныстыру.

Сурет салу кезеңдері

• Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

• Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

• Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек.

Paint графикалық редакторы тақырыбына сабақ жоспарыPaint графикалық редакторы тақырыбына сабақ жоспары

• Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

Өшіргіш / түрлі-түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.

Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез-келген нүктесіне түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш құралы, кез-келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.

Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:

PAINT графикалық редакторын іске қосып табиғат суретін салу және А деңгейі тапсырмасын орындау.

Жаңа білімді тексету:

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. PAINT ағылшын тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?

  3. PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін қандай бұйрықтарды орындау керек?

  4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?

Жаңа білімді бекіту:

Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар қолданылады.

Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі - пиксель.

Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.

Үйге тапсырма: Өзіндік жұмыс (PAINT графикалық редакторында өз үйінің суретін салу) , §14 оқу.



© 2010-2022