Word Pad мәтіндік редакторы

Урок называется Word Pad мәтіндік редакторы. Урок посвещен текстовому редактору Word Pad. В этом открытом уроке применены  новые методы проповедование урока в школе. Урок состоит из нескольких разделов при изучение которых ученик быстрее усваеваеть урок. В ходе урока ученики делятся на группы. Каждая группа выбирает название группы, своего лидера.  В ходе урока каждая группа выполняет задание. В выполнение задании члены группы должны участвовать все без исключение. в конце урока каждая группа оц...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 Күні: 15.03.14

Сабақтың тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Құжаттың құрылым, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық және бағдарлы бағытта даярлау, ақпараттық мәдениетке және ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, топпен жұмыс, іздену

Көрнекі құралдар: Компьютер, слайд, интерактивті тақта, кеспелер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Оқушылармен амандасу және түгендеу

  3. Кабинеттің сабаққа дайындығын бақылау

  4. Сабақтың мақсатын хабарлау

Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңыздар. Сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Өз атынын мағынасын білесін бе?» тренингі өткізіледі. Әр оқушы өзінің атының мағынасын сыныптағы басқа оқушыларға түсіндіреді.

Оқушыларды жұпқа бөлу, сыныптағы оқушылар саны - 8, сондықтан оқушыларды 2 топқа бөлемін.

Оқушылар, ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы, әрине мектепте басталады. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Word Pad мәтіндік редакторы». Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты Word Pad мәтіндік редакторы бағдарламасын білдіртіп, осы бағдарламамен жұмыс жасағанда білімді терең игерту.

Өтілген тақырыптар бойынша мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Компьютердің құрылғылары неше топқа бөлінеді?

  3. Негізгі құрылғыларды атаңыз?

  4. Қосымша құрылғыларды атаңыз?

Мәтін - бұл компьютердің алфавитіндегі символдардың кез келген тізбегі.

Мәтіндік редактор - магниттік дискіде құжат құруға оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолданылатын қолданбалы бағдарлама.

Сонымен, Word Pad мәтіндік редактор жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.

Word Pad мәтіндік редактор іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындаймыз. Пуск - программы - Стандартные - Word Pad (схемасын көрсету).

Word Pad қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады. (суретін көрсету)

Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жол, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің тақырыбында құжат атымен бағдарламаның аты көрсетіледі.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Құрал - саймандар тақтасы жиі пайдаланытын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, тінтуірдің нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты, оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Топтық жұмыс: Топ мүшелерімен біріге отырып Word Pad мәтіндік редакторының терезесін талдау. Word Pad және MS Word бағдарламаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Екі топтың біреуі айрықшаларын, ал екіншісі ұқсастықтарын тауып тақтаға шығып қорғайды.

Word Pad мәтіндік редакторыWord Pad мәтіндік редакторыWord Pad мәтіндік редакторы

Word Pad мәтіндік редакторы

Word Pad мәтіндік редакторы

Word Pad мәтіндік редакторы

СызғышWord Pad мәтіндік редакторыWord Pad мәтіндік редакторы






Word Pad мәтіндік редакторы

  • құрал- саймандар тақтасы

Word Pad мәтіндік редакторы

  • пішімдеу тақтасы

Word Pad мәтіндік редакторда құжат құру үшін:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау керек;

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау;

  3. Мәтінді пішімдеу;

  4. Құжатты сақтау және ашу;

  5. Баспаға шығару.

Оқушылар, енді бүгінгі сабақты бекіту үшін сіздерге тапсырмалар беремін, сіздер соны компьютерде орындайсыздар.

Тапсырма 1

Пішімдеу тақтаны қолдана отырып, берілген мәтінді теріңіз:

Белбеу

Алтын белбеу - былғарыға алтын шығыра орнатып жасаған өте қымбат белбеу.

Алтын емле белбеу - алтын шапқан, әшекейленген белбеу.

Берен белбеу - қымбат металдан жасалған белбеу.

Гауһар кәмәр - гәуһармен сәнденген белбеу

Зер белбеу - алтынмен әшекейленген белбеу.

Қамар белбеу - зәрлі, әшекейлі белбеу.

Оқушылар, біз бүгін Word Pad мәтіндік редакторы тақырыбын өттік. Бүгінгі сабақта алған білімімізді бекіту үшін, келесі сұрақтарға жауап алайық:

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  3. Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін ...

  4. Word Pad мәтіндік редакторының терезе элементтері ...

Оқушылардың тапсырманы орындауы бойынша, сабаққа белсене қатысқаны бойынша тиісті бағаларын қою.

Оқушыларды бағалау: Оқушыларды топ көшбасшылары олардың сабақ барысында белсенді қатысулары бойынша ортақ бағалау парағына бағалайды.

Үй тапсырмасы: Word Pad мәтіндік редакторы.

Рефлексия

1. Не білдің?

2. Сұрағың

3. Пікірің



© 2010-2022