Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Программа құрылымымен таныстыра отырып, арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде қатесіз жазуын үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру.Тәрбиелік: Жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережені сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайд...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақАшық сабақСабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Программа құрылымымен таныстыра отырып, арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде қатесіз жазуын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережені сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Көрнекілігі: компьютер, карточкалар, слайдтар көрсету, сабақта қолданатын MS Office программалары.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан

Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан

В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан

2. Алгоритм дегеніміз не?

А) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет

А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі

Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы

В) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы

  1. Алгоритмнің жазылу түрлерін көрсет

А) табиғи тілде, блок-схема түрінде, программалау тілінде

Б) табиғи тілде, программалау тілінде, Паскаль тілінде, математикалық тілде

В) блок-схема түрінде, графикалық түрде, ағылшын тілінде

5.Паскаль тілі қай жылдары жасалды?
А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
Ә) 1968-1971 жылдары
Б) 1980 жылдардың ортасында
В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты
6. Блок-схемада қандай геометриялық фигуралар қолданылмайды?

А) тіктөртбұрыш, ромб

Б) стрелкалар, параллелограм

В) шеңбер, үшбұрыш

7.

Қандай қызмет атқарады?

8.

Қандай қызмет атқарады?

9.

Қандай қызмет атқарады?

10.

Қандай қызмет атқарады?

11.

Қандай қызмет атқарады?

12.

Қандай қызмет атқарады?

Жаңа сабақ.

Паскаль тілінде программа стандарт бойынша программа тақырыбынан басталады және жеке - жеке жолдардан тұрады. Бір қатарға бірнеше команда орналастыруға болады, олар бір - бірімен нүктелі үтір( ;) арқылы ажыратылады. Бірақ бір жолға бір оператор балғаны дұрыс, ол түзетуге, әрі оқуға ыңғайлы болады.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады. Тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Программаның алғашқы жолы Program сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.

Одан кейін программаның ішкі объектілерін сипаттау бөлімінде жазылады.

Сипаттау бөлімі толық болған жағдайда 7 бөліктен тұрады:

  1. Кітапханалық модульдер атауы - uses

  2. Белгілерді сипаттау - label

  3. Тұрақтыларды сипаттау - type

  4. Мәліметтер типі - type

  5. Айнымалылар - var

  6. Процедуралар - procedure

  7. Функциялар - function

Программадағы операторлар бөлімі begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақшалардың ішінде орналасады.

Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру мақсатында орындалатын іс - әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі.

Операторлар бөлімінде де командалар ретімен орналасады.

Program Esep;

Сипаттау бөлімі

Begin

Операторлар бөлімі

End.

Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:
(5+7*х)/1. 8;
(sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т. б

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.
Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

Ашық сабақ

Ашық сабақ

Тапсырмалар
1. (a + b):(ху)
2. 8-2+[21/4];мұндағы [] бүтін бөлу дегенді білдіреді.
3. (2+3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
4. (5+2*4):3
5. (3,18-4,98)(1,171-0,27):(2,7-1,9)+5,96
6. (8+4):10
7. 25 санын 3 ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар
8. 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар
Өрнекті Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.

Сергіту сәті.

Сабақты бекіту сұрақтары


  1. Программа құрлымы қандай түйінді сөзден басталады?

  2. Оператор дегеніміз не?

  3. Айнымалы , тұрақты шамалар деп қандай шамаларды айтады?

  4. Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
    Үй тапсырмасы: Өрнектердің жазылу ережелері. Жаттығу
    Бағалау


© 2010-2022