9 сынып Жұмыс Оқу Бағдарламасы

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы


Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;

  2. есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  3. ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;

  4. программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;

  5. ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  6. жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;

  7. алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  8. қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  9. оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

  1. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9 сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

  1. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.

  2. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;

  2. калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;

  3. графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.

  1. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;

  2. электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;

  3. стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;

  4. кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;

  5. есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;

  6. математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;

  7. программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өндеу.

  1. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;

  2. әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;

  3. геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.

  1. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;

  2. дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;

  3. физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;

  4. алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;

  5. дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.

  1. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:

  1. информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;

  2. мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

  3. мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;

  4. жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;

  5. операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  6. программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;

  7. телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.

  1. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:

биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:

химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.

  1. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:

дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.

  1. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;

  2. мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:

мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.

  1. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:

  1. есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;

  2. ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.





Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):

компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

  1. Компьютер:

қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар.

  1. Алгоритмдеу және программалау (16 сағат):

файл және оны баптау, құрылымдық мәліметтер;

салынған циклдер;

массив туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер;

символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.

  1. Ақпараттық модельдеу (3 сағат) :

компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат):

деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі;

жазулар, жиектер, деректер типі;

кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару;

видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі;

жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету;

видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.

  1. Жобалық іс-әрекет (2 сағат) .

  1. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

  1. қауіпсіздік техника ережесін;

  2. ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;

  3. қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етудің даму үрдісін;

  4. қызметтік программаларын;

  5. программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын;

  6. массив ұғымын;

  7. символдық және жолдық мәліметтерге орындалатын амалдарын;

  8. есептеу экспериментін;

  9. деректер қоры ұғымын;

  10. деректер типін;

  11. деректер қорының құрылымын;

  12. деректер қорының кестесінде жазуларды іздеу және сұрыптау тәсілдерін;

  13. видеофайлдардың пішімін;

  14. видеомен жұмыс істеу кезеңдерін;

  15. видеомонтаж тәсілдерін.

  1. 9-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

  1. қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;

  2. қызметтік программаларды қолдануды;

  3. программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;

  4. салынған циклдермен программаларды құруды;

  5. программаларды құруда массивтерді пайдалануды;

  6. өңделген символдық алгоритмдерді программалауды;

  7. программалау тілі арқылы модельдер құруды;

  8. электрондық кестеде деректер қорын құруды;

  9. электрондық кесте арқылы деректерді іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыруды;

  10. видео ақпаратты программалық құралдар арқылы өндеуді.

  1. Жеке тұлғалық нәтижелер:

  1. өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;

  2. оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеті;

  3. қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдылары;

  4. өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;

  5. салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;

  6. жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;

  7. оргтехникаға ұқыпты қарауды.

63.Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

  1. оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;

  2. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;

  3. қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;

  4. ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;

  5. жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;

  6. мәтіндік және мультимедиалық объектілерді құру;

  7. оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;

  8. кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;

  9. деректер қорында ақпараттарды сақтау;

  10. күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;

  11. векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъетілерді құруды;

  12. күрделі емес математикалық және физикалық есептерді шешу үшін әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;

  13. дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды




ИНФОРМАТИКА

9-сынып


Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Пәнаралық байланыс

Көрнекілік

Үйге тапсырма

1

2

3

4

5

6

7

8

Кіріспе - 1 сағат

1

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1


қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды білу.

физика

«Қауіпсіздік ережелері» тіркеу журналы, интерактивті тақта, ДК, тақырып бойынша жасалған слайд, жұмыс дәптері

Қауіпсіздік ережесі

Ақпаратжәнеақпараттықүдерістер - 2 сағат

2

Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік.

1




компьютер, интерактивті тақта

Конспект

3

Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы



1



Адам.

Қоғам.

Құқық


Компьютер - 1 сағат

4

Қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі. Қызметтік программалар

1


компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнату





плакаттар, интернет материалдары

§10

Информатика 10 сынып оқулық

Алгоритмдеу және программалау - 16 сағат


5

Файл және оны баптау

1






6

Практикалық жұмыс №1

1


Теориямен практиканы б/у





7


Құрылымдық мәліметтер

1


Мәліметтер типтерін. Айнымалыларды ажыратып

Математика

компьютер, интерактивті тақта,

§3,1

8

Практикалық жұмыс №2

1


Теориямен практиканы байланыстыру




9

Салынған циклдер

1


Циклдік алг-мнің шартын сипаттау

Физика

плакаттар, интернет материалдары,

§7

10

Практикалық жұмыс №3

1


Теориямен практиканы б/у




11

Массив туралы түсінік

1


Массивтер ұғымын түсіндіру.

математика

интернет материалдары,

§12

12-13

Массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер

2


массивтерге мысал келтіріп есептер шығару



§5,4

14

Есептер шығару

1


Есептер шығару

математика


Қайталау

15

Практикалық жұмыс №3

1






16

Жарты жылдық бақылау жұмысы №1

1


Оқушылардың білімін бақылау




17

Символдық жолдар

1


Символдық мәліметтермен жұмыс. жазылыуын, қолдану жолдарын үйрету


математика

Слайд

§9

18

Символдар бойынша жолдарды өңдеу

1


символдық шамаларды дұрыс сипаттап, стандартты функцияларды программаларда қолдану



§10

19

Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция


1


Стандартты функцияларды қолданып сапалы, сауатты программаларды құру


математика

компьютер, интерактивті тақта

§11

20

Практикалық жұмыс №4

1


Теориямен практиканы байланыстыру




Ақпараттық модельдеу - 3 сағат

21

Компьютерлік модельдеу

1


Модель, модельдеу түсінігін, модельдеудің әдістерін

әр түрлі модельдерге мысал келтіріп, стат-калық және динамикалық модельдердің айырмашылықтарын меңгеру



§13

22

Есептеу эксперименті

1



плакаттар, интернет материалдары,

§14





23

Программалау тілі арқылы модельдер жасау

1


Физика

Слайд

§15

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - 9 сағат

24

Деректер қоры. Деректер қорының құрылымы. Деректер қорының кестесі.

1


түрлері және олармен


байланысты жұмыс жасау


әрекеттері


Деректер қоры, олардың


түрлері және олармен


байланысты жұмыс жасау


әрекеттерін


компьютер,


интерактивті


тақта, плакаттар,


интернет


материалдары,


25

Жазулар, жиектер, деректер типі.

1




26

Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру. Іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнін шығару.

1


Математика




27




Практикалық жұмыс №5




1



Теориямен практиканы байланыстыру




28

Видео ақпаратты өңдеу. Видео файлдардың пішімі. Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі.

1






компьютер, интерактивті тақта


29

Жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету.

1





30

Видео монтажы. Анимациялар және визуалды әсерлер. Дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.

1


Музыка

плакаттар, интернет материалдары,


31

Практикалық жұмыс №6

1


Теориямен практиканы байланыстыру




32

Жылдық қорытынды бақылау жұмысы №2

1


Оқушылардың білімін бақылау


Слайд


Жобалық іс-әрекет - 2 cағат

33

Қорытынды жобаларды әзірлеу

1


Оқушылар алған білімі бойынша жоба жасақтап, оны қорғау




34

Жобаны қорғау

1






© 2010-2022