Сабақтың тақырыбы Беттің өлшемдері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні:17/02/2016

Сыныбы:6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Беттің өлшемдері

Сабақ мақсаты:

Білімділік: MS Word бағдарламасының әр түрлі құралдарын пайдалана отырып, мәтінді бірнеше бағанға рәсімдеуге, құжаттарды басып шығаруға үйрету.

Тәрбиелілік: Оқушылар тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып бір-бірлерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, технология

Сабақтың әдісі: түсіндіру техникасы

Құрал-жабдықтар: дәптер, қалам, компьютер, посттер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Тәжірибелік жұмыс

5. Сабақты қорытындылау

6. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сабақ құралдарын, дайындығын тексеру. Назарларын сабаққа аудару .

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Бірнеше сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру:

Сұрақтар:

1) Мәтіндік бағдарлама кіру үшін тізбектерді орындаймыз?

(Жауабы: Пуск - Все программы -Microsoft Office - MS Word )

2) Интервал дегеніміз не? (Жауабы: Қаріптер арасындағы интервалды ұлғайтуға немесе кітірейтуге мүмкіндік береді)

3) Мәтіндік экранға пішімдеу сызғышын қою үшін қандай бұйрық орындаймыз? (Жауабы: Түр - Көресту - Сызғыш)

4) Екі жолға жазылған мәтіндердің арасындағы интервалды қалай жоюға болады? (Жауабы: Басы - Интервал - Жою)

5) Сызғыш не үшін керек? (Жауабы: Мәтіннің екі жағын теңестірі үшін)

ІІІ. Жаңа сабақ

Көпбағанды мәтіндер сирек болсада кітаптар мен баспа құжаттарын кездесуге болады. Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды қолданған жөн. Мәтінімізді оң жақ және сол жақ екі бағандарға бөлу үшін Бетті белгілеу - Бағандар батырмасын пайдаланамыз.

Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға болады. Өздеріңді мынадай келеңсіздіктерден қорғау үшін бірнеше жағдайларды есте сақтау керек.

1. Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді. Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қатты бағалаңдар!

2. Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу - Бағандар - Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

Мәтіннің бағандарға бөлінуден бас тарту үшін Бетті белгілеу - Бағандар бұйрығында бір бағанды ғана таңдау керек.

Құжатты баптау үшін негізінен жолақтың Бетті белгілеу - Бетің өлшемдері тіркеме парағы жауапты.

Құжат құрудың соңғы қадамы оның қағаздағы көшірмесін алу болып табылады. Ол үшін Office батырмасы - Басып шығару бұйрығын орындаймыз. Құжатты шығару кезінде терезе пайда болады. Оң жағында беттің қалай орналасқаны және астыңғы жағында барлығы қанша беттен тұратыны көрсетіледі.

IV.Тәжірибелік жұмыс.

ІІІ. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жаңа тақырыпты түсінгендерін сұрап білу, түсінбеген жерлерін толықтырып айту, сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыстарын тексеру.

ІV. Үйге тапсырма

Тақырыпты қайталап оқып келу



© 2010-2022