«Озық ойлы – дарындылар!» атты сайыс сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектеп





«Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ,
ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,
игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...
Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)

«Озық ойлы – дарындылар!» атты сайыс сабақ жоспары









Физика және информатика пәнінің «Озық ойлы - дарындылар!» атты сайыс сабақ жоспары



Орындаған

Пән бірлестігі: Кульбаева А.А











15 ақпан - 22 ақпан 2016 жы

Сайыс сабақ. «Озық ойлы - дарындылар!»

Мақсаты:
Оқушылардың физика және информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд - шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар


Армысыздар ма, құрметті оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Бүгінгі «Озық ойлы- дарындылар!» атты сайысына қош келіпсіздер!

Мектебімізде өтіп жатқан физика және информатика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8,9,10 сынып оқушылары «Озық ойлы - дарындылар!» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Әр сыныптан төрт оқушы шығады. Сайысқа 2 топ қатысады.
І топ « Диффузия» тобы
ІІ топ «Алгоритм» тобы

Ойын толқын, ойналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда , жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу шығып, біреу шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де жеңілсе де қалма жасып.

"Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады" деген дана халқымыз.

Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі сүйеніші боламыз! - дей келе сайысты бастамас бұрын, алдымен сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділдікпен баға берер сіздерге

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға-деп
1.................................................................
2................................................................
3................................................................

Бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейін.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру.

2."Ойлан, тап" сұрақ жауап

3. Бейне сұрақ.

4. "Білгенге маржан"

5. Үй тапсырмасы.

1) Екі топ өздірін ортада таныстырады.

2) Тарих, физика және информатика пәндерінен сұрақтар берілген. Ұяшықты таңдау арқылы сұрақ таңдалады, жауап берілмесе келесі топ жауап беріп, өздеріне ұпай санын алуға болады.

3) Экраннан екі топқада бейне сұрақ қойылады.

3) Екі топқа да компьютерге байланысты мақал-мәтелдер айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады.


Заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-ойын білгенге не жетсін! Ал енді, әр топ өздерін таныстырып кетсін.

І. ТАНЫСТЫРУ кезеңі

«Алгоритм» топ ұраны:

Кластас ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық

Жеңістің ұранын салайық.

«Диффузия» топ ұраны:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Айға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

ІІ. «ОЙЛАН ,ТАП» кезеңі

Информатикадан сұрақтар

1. Информатика пәні нені зерттейді -? (ақпарат, үдерістер)

2. E - mail - электрондық поштасы қандай қызмет атқарады?(Желі тұтынушылары арасында

мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі)
3. Ақпараттың өлшем бірліктерін саты бойынша ата? (бит, байт, кб, Мб, Гб, Тб.)

Физика сұрақтары

1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағай)

2. Сұйықтау ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (Тамшы)

3. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? (Алма)

Тарих сұрақтары

1. 1916 жылы ұлт азаттық қозғалыстың орталығы (Торғай мен Жетісу)

2. Қазақ хандығының құрылған уақыты (1465-1466ж)

3. Кеңесары Қасымұлының билік еткен уақыты (1841-47ж)

ІІІ. «БЕЙНЕ СҰРАҚ» кезеңі

Информатика пәнінен №82 Кеңесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Тоқтамысов Қуаныш сайыскерлерге өз сұрағын бейнеден түсіріп қояды.

Сұрақ: Біз флешка не винчестер сатып аламыз. Сыртында 1 Гб деп жазылып тұрады. Компьютерге салсақ көлемі 956 Мб. Осыдан сұрақ туындайды. Неге?

Жауабы: Егерде ақпараттық жүйеде ақпараттар екілік жүйеде есептеледі, ал сақтау құрылғыларын шығарушы компаниялар өздерінің сақтау құрылғыларын ондық жүйеді шығарады.

1Гб-1000 Мб

100 Мб-1000 000 Кб

1000 000 Кб-100 000 000 байт (Bytes)

Екілік жүйе (программалық жүйе бойынша)

100 000 000 байт/ 1024=976 562,5 Кб

976 562,5 Кб/ 1024=953,6 Мб

Сонымен 1 Гб=953,6 Мб болады

Физикадан бейне сұрақты №81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің

ІІІ. «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН» кезеңі

Информатика пәні бойынша

1) Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсен кәріге күл)

2) Антивирусы күштіні вирус ала алмйды (Досы көпті жау алмайды)

3) Байт биттен құралады. (Тиын теңгеден құралады)

4) Вирустан қорыққан, интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Физика пәні бойынша

  1. Ньютонның үш заңын біл (Жеті жұрттың тілін біл)

  2. Ом заңын білмеген, өмір бойы үйде жатар

  3. Ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тез жүреді, температурасы төмендейді (Аузы күйген, үрлеп ішер)

ІV. «ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» кезеңі.

Екі топ ортада үйде жасаған тапсырмасын көрсетеді.

  1. Информатика пәнінен Power Point бағдарламасында «Менің сыныбым» жарнамасын жасау.

  2. Физика пәнінен тәжірибе жасап көрсету

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

Осымен «Озық ойлы - дарындылар!» атты сайысын "Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек" деген керемет сөзін есімізге бірлік ұстанып, сайысымызды аяқтай отырып, бір-бірімізге жүректен шыққан жылы сөздерді айтамыз.



© 2010-2022