Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспарыЦиклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспарыЦиклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары8 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Циклдің алғы шарты.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға программалау кезінде циклдің алғы шартты оператордың

жазылу ережесін таныстыру және түсіндіру;

оқушыларға Whilе - do операторын программа құру кезінде қолдануды

үйрету;

оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ынтымақтылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайд, дидактикалық материалдар

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қайталау кезеңі.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІҮ. Пысықтау.

Ү. Бекіту.

ҮІ. Үй тапсырмасы.

ҮІІ.Қорытынды.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау.

А. «Миға шабуыл»:

  1. Оператор деген не?

  2. Меншіктеу операторы қалай жазылады?

  3. Сызықты алгоритм мен тармақталу алгоритмнің айырмашылығы неде?

  4. Тармақталу алгоритмнің қандай түрлері кездеседі?

  5. Тармақталу және циклдік алгоритмдердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтыңыз?

  6. Қандай тармақталу операторларды білесіздер? Оның жазылуы.

  7. Шартсыз көшу операторының жазылуы мен орындалуы.

  8. Шартты және шартсыз көшу операторларының айырмашылығы неде?

В. Карточкадағы тапсырмаларды орындау (4 оқушы жазбаша орындайды).

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Белгілі бір шартқа байланысты қайталанатын әрекеттер тобын жүзеге асыратын алгоритм циклдік деп аталады. Ал, қайталанатын әрекеттер тізбегін (цикл денесі) цикл деп аталады.Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

Егер есепте қайталанудың саны белгісіз болса, онда алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторы қолданылады. Түйінді сөздері While - әзірше, do - орындау. Шарт While сөзінен кейін жазылады, do-дан кейін цикл денесі жазылады.

Жалпы жазылу түрі (ИБТ-дан көрініс - слайд):

Түрлері

Блок схемасы

Алгоритмдік тілдегі

жазылуы

Бағдарламалау тілінде

Шартын алдын ала тексеретін цикл.







Ц.денесі

шарт

жоқ

иә

әзір шарт

цб

цикл денесі

цс

while шарт do

begin

цикл денесі

(серия);

end;

While - Do операторының орындалуы:

1. While операторы циклге кіру шартынан және цикл денесінен тұрады.

2. Цикл денесін әрбір қайталау алдында шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болған жағдайда, цикл денесі орындалады, әйтпесе бағдарлама келесі операторға көшеді.

3. Егер шарт алғаш тексерілгенде жалған болса, цикл денесі бір рет те орындалмастан бағдарлама цикл соңына шығады.

Мысалы, бүтін сандардың қосындысын табу программасын құру.Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

Циклдің денесіРrogram KVADRAT;
var s, i, n, Y: integer;
begin
s:=0; i:=1;
write ('Вutin san engiz ');
readln (n);
while i<=n do
begin
s:=s+i;

i:=i+1;

Y:=s+i;
end;
writeln ('s= ', s); Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

writeln ('i= ', i);

writeln ('Кosyndy Y= ', Y);

readln;
end.

IY. Пысықтау.

  1. Бүгінгі сабақта қандай оператормен таныстық? Ол қазақша қалай аударылады?

  2. Циклдің алғы шарты қалай орындалады?

Ү. Бекіту (ДК-де тәжірибелік жұмыс).

А деңгейі (тапсырмалары слайдта)Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

1. Тақ сандардың квадраттар кестесінің программасын құру керек.
2. Сандардың кубы болатын кестесін құру.

3. 1-ден n-ге дейінгі стандартты квадраттың қосындысын табатын программа құрыңыз.

В деңгейі

  1. Х € [1; 3] аралығындағы 0,2 қадаммен өзгергендегі y = функциясының мәнін тап.Циклдің алғы шарты тақырыбындағы сабақ жоспары

  2. y=ex sin x + cos x функциясы мәндерінің [a, b] аралығында h қадамы бойынша өзгерту кестесін құратын программа құрыңыз.

YІ. Үй тапсырмасы: Whilе - do операторының орындалуын жаттау, В деңгейдегі есептерді дәптерге аяқтау.

ҮІІ. Қорытынды: оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеру, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою, оқушылардың бағаларын айту.


© 2010-2022