Внеклассный урок по информатике Информатика кеше, бүгін, ертең

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінші шағын орталықпен» КММ


Сайыс сабақ

Внеклассный урок по информатике Информатика кеше, бүгін, ертең

Тақырыбы:

«Информатика - кеше, бүгін, ертең»

6 сыныптар


Өткізген: Курманбаева Ж.


2015 - 2016 оқу жыл.

Бекітемін

____________

Сайыс тақырыбы: «Информатика - кеше, бүгін, ертең»

Сайыс мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Көрнекілігі: проектор, слайд, компьютер, мультимедиялық колонка.

Әділқазылар мүшелері: Информатика пәнінің мұғалімдерінен құралған мүше.
Мұғалім: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 2 топ қатысады.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Шын жүйрікте шаршау жоқ»

  2. «Білгенге маржан»

  3. «Білгір болсаң тауып көр»

  4. «Адасқан әріптер»

  5. «Компьютердің пайдасы мен зияны» -пікір сайыс

  6. Қорытынды бөлім

Барысы:

І тур. «Шын жүйрікте шаршау жоқ» кезеңі

Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

І командаға

1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)

9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)

10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)

ІІ командаға

1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

3. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)

6. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

7. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)

9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

ІІ кезең. «Білгенге маржан»

Компьютерге байланысты мақалдар айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады.

Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсе кәріге күл)

Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды)

Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)

Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)

ІІІ кезең. «Білгір болсаң тауып көр»

1. Редакциялау дегеніміз не? (Редакциялау дегеніміз-өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету)

2. Көбейтілуге және басқа программаларға жұғуға қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)

3. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы Microsoft компаниясының негізін қалаған кісі кім. (Билл Гейтс)

4.Microsoft Word мәтіндік редакторды қалай іске қосуға болады? (Пуск-Программы-MS Office-MS Word)

5. Графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға және қарап шығуға арналған программа қалай аталады? (графикалық редактор)

6. Алгоритм түрлерін атаңдар? (сызықтық, тармақталу, циклдік)

7. Қандай алгоритмдерді циклдік деп атайды?(Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды.)

8. Информацияны алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым. (информатика)

IV - кезең.

Ең қиынның жарыстың
Жеңіп алда жарыссың - деп , «Адасқан әріптер»
Монитор --------- Торнимо
Компьютер -------- Пьютерком
Тышқан ------------ Қантыш
Колонка ---------- Каколон
Интернет --------- Тенинтер
Сурет --------- Терус
Бояу -------- Уяоб
Наушник --------- Никнауш

V кезең Компьютердің зияны мен пайдасы.

Балалар конвертте жасырылған сөздерді алып шығады.

1- конвертте «компьютердің пайдасы»

2- конвертте «компьютердің зияны»

Алынған сөздер арқылы өз пікірлерін ортаға салады.

VІ кезең Қорытынды.

Оқушылардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз анықталады.

«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»

Н.Назарбаев

© 2010-2022