Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

Раздел Информатика
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Күні: 25.02.2016ж

Сыныбы: 7 «а,ә,б»

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелігі: Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен , кітаппен, компьютермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аударту

  1. Үй тапсырмасына шолу

  1. Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

  2. Тік төртбұрыштың биіктігі менкөлденеңнің нақты мәнін см-мен қалай анықтауға болады?

  3. 5 тармақтың жұлдыз жасау алгоритмін сипаттаңдар.

  4. 52-суреттегідей доға жасау үшін бұрышқа қандай мәндер беру қажет?

  5. Фигураларды салу құралына бастапқы баптауларын қайтару үшін не істеу керек?

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Бұл амалдар ереушелеу құралын  (Ғ1 немесе бос орын) қолдану арқылы орындалады. Нысан айналасында қара нұсқалар (стрелки) пайда болады. (54-сурет). Енді нысан жылжиды, тінтуірмен бір нұсқарды тарту арқылы нысанның өлшемін өзгерте аласыңдар.

Тінтуірмен қайта шертіп, нұсқардың түрін өзгертуге болады (55-сурет)-енді фигураны айналдыруға және түрлендіруге болады.

«+» таңбасы нысанның айналдыру орталығын анықтайды, оны тінтуірмен апаруға болады.

Тік төртбұрышты 56-суреттегідей түрге келтіріңдер. Дәл мәндерді Түрлендіру сұхбатында беріңдер (Нысан-Түрлендіру)

Бұл амалдардан басқа , арнайы Нысан мәзірінің бұйрықтарын орындап, нысандарды бейнелеуге және аударуға болады.

Нысандарды топтау

Көптеген амалдарды бір уақытта бірнеше нысандармен орындауға болады - түсті, өлшемді өзгертуді , көшірме жасауды және т.б. Ол үшін не істеу керек? Алдымен , нысандары ерекшелеп алып, содан соң топтау қажет.

Нысандарды ерекшелеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

Барлық нысандарды Ctrl+A пернелер үйлесімін басу арқылы немесе ерекшелеу құралы арқылы, яғни Shift пернесін басып тұрып, нысанды тінтуірмен шерте отырып, ерекшелеуге болады.

Нысандарды топтастыру Нысан  Топтастыру (Сгруппировать ) (Ctrl+G) бұйрығы арқылы орындалады.

Нысандарды бөлу

Бірнеше нысанмен жұмыс істегенде оларды ұйымдастыру үшін Теңестіру және орын-орындарына қою, Нысан мәзірінен тор бойынша орындарына қою құралдарын қолданған ыңғайлы.

Мысалы: Нысандардың жақтаулары тиер -тимес қиылысатындай , Орын ауыстыру параметрін қолдану нәтижесі 57-суреттегідей болады:





57-сурет. Нысандарды жабуды жою

Нысындарды қосарлау және клондау

Қосарлау (Түзету  Қосарлау немесе Ctrl+D) нысан үстінен дәл көшірмесін алуға мүмкіндік береді. 58-суретте алдымен дөңгелекті қосарлап, көшірмені жылжытып, оған айқын құю орындалады (Нысан  Құю және жиектеу , айқын еместік - 50).

58-сурет. Қосарланған шеңберге мысал

Бұл амал Paint графикалық редакторы мен MS Office-тегі векторлық редактордағы экрандық көшіруге сәйкес келеді. (Ctrl пернесін басылып тұрған кездегі басқа орынға көшіру).



  1. Компьютермен тәжірибелік жұмыс

Сурет салу құралы мен векторлық нысандар амалдарының мүмкіндіктерін қолдана отырып, берілген кескіндерді салыңдар (59-сурет);

А деңгейі В деңгейі С деңгейі

Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.Сабақтың тақырыбы: Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру.

59-сурет. Тәжірибелік жұмыс тапсырмасына берілген суреттер

  1. Сабақты бекіту

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.



  1. Рефлексия (Кері байланыс орнату)

Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапсырады.

  1. Сабақты қорытындылау

  • Нысанды қосарлау үшін Түзету  Қосарлау немесе Ctrl+D бұйрығы қолданылады.

  • Клондау бастапқы нысанды өзгерте отырып, клон - нысандарды өзгертуге мүмкіндік береді.

  • Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттер жасау үшін оларды ерекшелейді (Shift басып тұрып) және топтастырады (Ctrl+G)

  • Топтастыру амалына кері амал - нысанды бөлу (Ctrl+ Shift+ G).



  1. Үйге тапсырма

§23.Векторлық нысандармен қарапайым амалдар құру

  • Бақылау сұрақтары мен өзіңде тексерге және тапсырмаларды орындап келу.

© 2010-2022