Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)

Пән аты : Информатика Сынып : 5    Сабақ тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word  мәтіндік редакторында құжат жасаудың                                                   негізгі элементтерімен таныстыру. 2. Дамытушылық:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру 3.Тәрбиелілік:      Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Сабақтың түрі:  Аралас  сабақ ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақ тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Microsoft Word мәтіндік редакторында құжат жасаудың

негізгі элементтерімен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

3.Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: теориялық, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, таратпа материалдар, плакат - таблица

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Информатика. WORD PAD мәтіндік редакторы

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау - 8 мин

Жаңа сабақты түсіндіру - 10 мин

Практикалық жұмыс - 15 мин

Жаңа сабақты бекіту - 5 мин

Үйге тапсырма беру - 2 мин

Бағалау - 3 мин

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Сабақ мақсатын айту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардан тест арқылы үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру

Microsoft Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған Microsoft Оffice қосымшасы.

Microsoft Word - бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кіріструге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқада көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді.

Microsoft Word редакторын бірнеше тәсілдермен іске қосуға болады.

БастауБағдарламаларMicrosoft ОfficeMicrosoft Word.

Microsoft Оffice-тің соңғы нұсқасы орнатылған болса, онда Microsoft Word-ты былай іске қосуға болады.

БастауБағдарламаларMicrosoft Word.

Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word - ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)






Microsoft Word бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • ТҚарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)ақырып жолағы- онда терезені басқару батырмалары және

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып) орналасады.


  • МҚарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)әзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады.


  • СҚарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)тандартты құралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.


  • Пішімдеу құралдар үстелі - мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның

құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)


  • СҚарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)ызғыш - құжаттың өрістерін жәнеөрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жақтағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тік сызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді.

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)


  • Тапсырмалар аймағы - пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.



  • Айналдыру сызығы - құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)


  • Қалып күй жолағы - құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)



Практикалық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты: MsWord мәтіндік редакторын іске қосу тәсілдерін меңгеру. Мәтіндік редактордың құжат құру экраны, мәзір қатары және аспаптар панелі элементтерімен танысу. Аспаптар панелін қолданып құжат даярлау, түзету және сақтауды үйрену.

Тапсырма № 1

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес қайта пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжат мәтінің «Экологиялық жүйе» деген атпен сақтаңыздар.

Экологиялық жүйе

Әртүрлі организмдер мен олардың тіршілік ету жағдайларының өзара байланысты болып келген жиынын экологиялық жүйе - деп атайды. Экологиялық жүйе мысалына - өзен, көл, орман, шабындық, және т.б. бірлестіктерді келтіруге болады. Мұндай жиын, қоғамдастық немесе бірлестіктерді, академик В.Н.Сукачев биогеоценоз - деп атауды ұсынды («био» - өмір, «гео» - жер, «ценоз» - қоғамдастық).

Биогеоноз - үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік реекшеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар дүниесі және микроорганизмдер).

Тапсырма № 2

  1. MsWord мәтіндік редакторында жаңа құжат ашыңыз.

  2. Төмендегі мәтінді теріңіз және ұсынылған үлгіге сәйкес қайта пішімдеп, құжат даярлаңыз.

  3. Құжат мәтінің «Экология» атымен сақтаңыздар.

Экология

Экологиялық фактор - тірі организмнің кез келген даму сатысының бірінде, тікелей не жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері.

Ал бұл факторға, тірі организм өзінің бейімделгіштік қабілетімен жауап береді.

Биогеоценоз - үнемі қозғалыста, дамуда, диалектикалық бірлестікте болатын, өзіндік ерешеліктері бар, өзара байланыста және қоршаған ортамен зат, энергия алмасулары орын алатын, жер бетінің белгілі бөлігін қамтитын бірыңғай табиғат құбылыстары мен олардың жиыны (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер әлемі, жан-жануарлар дүнеисі және микроогранизмдер).

Тапсырма № 3

Әр түрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша

«Информатика» деген сөзді бейнелеңіз

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)

IV. Сабақты бекіту.

  1. Мәтіндік процессоры дегеніміз не?

  2. Microsoft Word мәтіндік процессорының негізгі қызметін атаңыз?

  3. Microsoft Word мәтіндік процессорынан шығудың қандай тәсілдерін білесің?

  4. Microsoft Word мәтіндік терезесінің құрылымын сипаттаңыз, оның негізгі элементтерінінің қызметін атаңыз?

Үйге тапсырма беру. Жазылған конспектіні оқып келу.

Оқушыларды бағалау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

  2. Сабақта белсенділік танытқаны үшін

3. Жаңа сабақты бекіту кезінде

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі (5сынып)

© 2010-2022