Информатикадан Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Новый орта мектебі
информатика пәні мұғалімі: Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тарауы бойынша өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Паскаль тілінің шығу тарихымен, алфавитімен, тілдің объектілерімен және арифметикалық өрнектерді жазу ережелерімен жұмыс жасай
білуге үйрету.
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
В) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, ақпараттық диктант, тест, «Сиқырлы өрнектер» ойыны, АКТ - мультимедиа, жас ерекшеліктеріне сай оқушыларға практикалық тапсырмалар, диалогтік оқыту (мұғалім мен оқушы).
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, "Информатика негіздері" журналы,, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, стикер
Оқыту нәтижесі: Өтілген тақырыптар бойынша толық мәлімет алады. Паскаль программалау тілінің өрнектерімен жұмыс жасай алады.
Қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады.

І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық. Бір - біріне тілек айтып, сәттілік тілеу. Оқушыларды
4 топқа бөлу. Бағалау критерийлерін таныстырып, бағалау парақшасын топ басшыларына тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ақпараттық диктант арқылы сұрақ қою, оқушылардың жауабын бір - біріне тексерту.
1. Паскаль программалау тілін кім ашты?
2. Паскаль тілінің алфавиті нешеге бөлінеді?
3. Паскаль тілінің программасын ата?
4. Тұрақты деп нені айтамыз?
5. Айнымалылар қандай түйінді сөзбен белгіленеді?
6. Сандар нешеге бөлінеді және қандай?
7. Өрнектердің типін ата?

ІІІ. Оқушы қызмтеті
 Түрткі сұрақтар беру арқылы оқушыларға «Галерея» әдісімен жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша ойларын постерге жазып, топ болып қорғайды. 4 топты стейкер арқылы мадақтау.
1. Паскаль тілінің шығу тарихы, алфавиті
2. Паскаль тілінің негізгі элементтері
3. Паскаль тілінің объектілері
4. Паскаль тілінің өрнектері

Сергіту сәті «Бес саусақ»
Ақ қағазға алақан суретін сызып, сыныптастарының аттарын жазып, олармен қалай амандасатынын жазып, көрсетеді.

 «Сиқырлы өрнектер» ойыны арқылы арифметикалық өрнектермен карточкамен жұмыс жасау.
 Тест тапсырмасы
1. Паскаль тілі қай жылдары шықты?
А) 1968 - 1970
Б) 1968 - 1971
В) 1969 - 1971
Г) 1969 - 1970
Д) 1967 - 1971
2. Әріптер, сандар, айыру белгілері, арнайы символдар ненің жиынтығы?
А) алфавит
Б) программа
В) объектілер
Г) өрнектер
Д) негізгі элементтер
3. Program сөзі нені білдіреді?
А) сипаттау бөлімін
Б) оператор бөлімін
В) тақырыпты
Г) айнымалыларды
Д) өрнекті
4. Міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі
А) идентификатор
Б) айнымалылар
В) тұрақтылар
Г) сандар
Д) өрнек
5. Арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылар,
тұрақтылар, функциялар жиынтығы
А) өрнек
Б) алфавит
В) айнымалылар
Г) объектілер
Д) негізгі элементтер

ІV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» ойыны арқылы оқушыларды орындыққа шақырып, сұрақтар қою арқылы жауаптарын талқылау.

V. Бағалау
Әр топтың топ басшыларына өздерінің тобындағы оқушыларды бағалату. Қойған бағасын не үшін қойғандығы туралы ойларын білу.

VІ. Үйге тапсырма
1. «Паскаль - программалау тілі» тақырыбында мәнжазба жазу.
2. Тарау бойынша сөзжұмбақ құрастыру.


© 2010-2022