Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Әл-Хорезмидің ұсы...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Үйге берген тапсырманы тексеру


Жаңа сабақ

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз - іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін - программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

1) табиғи тілдегі жазылуы;

2) белгілі бір түйінді сөздер - терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

3) графиктік жолмен жазу;

4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен осы программалау тіліндегі программаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өндеу жұмысында кеңінен қолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі - кең таралған әдіс. Бұл - жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктар кескіндемесі

Блоктар қызметі

1

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Алгоритм басы

2

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Алгоритм соңы

3

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Есептеуіш әрекет

4

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5


Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

жоқ иә

Шартты тексеру

6

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Циклдың басы

7

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемаларАлгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Көмекші алгоритмді шақыру

8

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

Байланыс бағытын көрсету

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Блок-схема дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.


© 2010-2022