Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу. Ретке келтіру 10 класс

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 10 сынып күні________ ___________

Тақырыбы: Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу. Ретке келтіру.

Сабақ мақсаты: а)Құжат терезесін баптау, құжатты көру режімдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.

Б) Тапсырманы өздері істеп көруге және құжат құрылымын ажырата білуге үйрету.

В) Оқушыларға бір-біріне көмек беруге, уақытты үнемдеуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточкалары

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: Тәжірибелік элеменрті бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу

II. Сабақтың мақсаты мен міндетін айқындау

III. Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

IV. Білімді өзектендіру

1.Құжат терезесін қалай баптаймыз? Мысал келтіріңдер

2. терезелерді реттеудің және бөлудің маңыздылығы неде?

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Терезелерді мына параметрлер бойынша баптауға болады. Сызғыш керекті тақталардыорналастыру, айналдыру жолақтарын орнату немесе алып тастау, құжаттарды көру режімін орнату. Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады.

Масштабты өзгерту: Түр (Вид) мәзірінен масштаб бұйрығын таңдаймыз.Масштаб диалогтық терезесі пайда болады.

Беттің ені бойынша -мәтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сәйкес келеді.

Мәтіннің ені бойынша -беттің мөлшерін барлық мәтін экранға сиятындай етіп өзгертеді.

Жалпы бет-экранға бетті тұтастай орналастырады.

Бірнеше бет-құжаттың барлық беттерінің кішкене нұсқасын бейнелейді.

Еркін тізімін пайдалана отырып, құжатты бейнелеудің кез келген масштабын орнатуға болады.

ОК батырмасын шертеміз.

Жаңа білімді бекіту

Тәжірибелік жұмысты орындау арқылы білімдерін бекітеміз

Қорытынды кезең

Жаңа тақырыпқа сұрақтар қою арқылы білімдерін қорытындылаймыз

Үйге тапсырма

Бақылау сұрақтарына жауап беру

Тест кілті

1

2

3

4

5

A

D

A

D


© 2010-2022