Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 03.03.2016ж

Сыныбы: 7 «а,ә,б»

Пәні:Информатика

Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды графикалық ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары , контураларды жасау, оларды редакциялау және фигураларды салу туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды жан-жақты баулуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен, оқулықпен, дербес компьютерлермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютерлер, стикер, ою-өрнектер, киіз үйлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аударту

  1. Үй тапсырмасына шолу

(сұрақтар мен тесттерге жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұраймын)

  • Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар.

  • Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?

  • Клон дегеніміз не?

  • Клондау амалының қосарлаудан айырмашылығы неде?

  1. Жаңа сабақ

Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі - КонтурНысанды контурлау (КонтурОконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар:

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау- Түіндер, Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау-Қаламұш,

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау- Қарындаш, Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау- Каллиграфиялық қаламұш.

Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда , бірнеше түйін ерешеленеді.

Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерешеліктерін қарастырайық.

Қарындаш . Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға да болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегіТүйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Түйіндер саны автоматты түрде КонтурСабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялауЖеңілдету (Упросить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.

Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.

Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімнен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады.(60-сурет)

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

60-сурет. Қарындаштың қолжетімді пішіндер тізімі

Қаламұш

Құралдар қисықтарымен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Төрт режім қолжетімді:

  • Безье қисығы;

  • Спиро қисығы;

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);

  • Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда);

Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған парллель екі контурды құрайды (61-сурет)

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

Түйіндерді редакциялау

Өздеріңнің көздерің жеткендей , Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардын басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. Жүрекше салып көрелік.

  • Қаламұш құралын пайдалана отырып, жүректің жартысын саламыз.

  • Оны түйіндер құралымен ерекшелеңдер және Құралдар параметрлерінің панелінде батырмасын шертіңдер. Ерекшеленген түйіндерді тегістеңдер.

  • Контурдың көшірмесін жасаңдар. (Ctrl+D)

  • (Н) көлденең бейнелеңдер.

  • Алынған екі контурды сәйкестендіріп, оларды ерекшелеңдер.

  • Түйіндер құралын таңдап, масштабты үлкейтіңдер. Тоғысқан жерде бұрынғыдай екі түйін тұр, яғни, жүрек әлі бір бүтін емес.

  • Төменгі екі түйінді ерекшелеңдер (Shift басып тұрып)және Түйіндер құралдар параметрлерінің панеліндегі ерекшеленген түйіндерді қосу бұйрығын орындаңдар.

  • Жоғарғы түйіндер үшін амалдарды қайталаңдар.

  • Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) сұхбатын ашыңдар және алынған жүректің контурын градиентпен қойыңдар.

  • Жүрекке блик қосыңдар. (62-сурет)

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялауСабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялауСабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялауСабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

  1. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы 63-суреттегідей.

  2. Контурды көшіріп алыңдар (Ctrl+D)

  3. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: КонтурКонтурлық әсерлер редакторы

  4. Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады(64-сурет)

  5. Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар.(65-сурет)

  6. Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар (66-сурет)

  7. Контурларды топтап, жиектеудің түсін өзгертіңдер.

В деңгейі

  • Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялауСабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

С деңгейі

  • Киіз үйді салып , оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.

Сабақ жоспары: Контурды жасау және редакциялау

  1. Сабақты бекіту (Қорытындылау)

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікір айту.

  1. Рефлексия (Кері байланыс орнату)

Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алма стикеріне жазып жабыстырады.

  1. Үйге тапсырма

Контурды жасау және редакциялау тақырыбын оқып келу. Өзіңді тексер мен бақылау сұрақтарына жауап беріп келу.

© 2010-2022