План урока Қауіпсіздік ережесі

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік

техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып

жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен

таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жүмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

1 НЕІІЗП КАҒИДАЛАР

ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіздік техникасы бойынша нұскау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігіи сақтау талаптарына, кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін алгашқы дөрігерлік көмек тәсідері, жалпы шаршаганда және кәз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.

КАУТІІС13ДІК ТЕХНИКА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін темендегі пунктгерге бөлуге болады:

І.Жалпы

  1. ДК-де жүмысты бастау алдында

  2. Жұмыс істеу кезінде

  3. Авариялық жағдайларда

  4. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік ережелері:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штеккерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге жэне сыныптан шығуға болмайды.

  3. Мүғалімнің рұксатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

  4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жүмыс істеуге тыйым салынады.

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  7. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жугіруге, ойнауға, жолдастарыңның коңілін қажегсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жүмыс істеуді бастау алдыңда қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін жэне айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап түрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жүмые кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-
70см)

сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан түрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданганда алгашкы медициналық көмек корсету
әдістерін,

өрт сондіргішиен жүмыс істеу жэне өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жүмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру жэне оқытушыға хабарлау керек.

  1. Қажет болса, өртті сондіруге көмектесу керек.

  2. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсеге білу керек.

  1. Компьютер сыныбында өріті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  2. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жүмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.


  1. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен закымданганда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді ешіру);

  1. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін кол астындағы материалдарды пайдаланып босату;

  2. Зақымданған адамды карап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

  3. Дәрігер шақыру {мектепің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:

  1. Ауруды сездірмейгін және тыныштандырғыш дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин);

  3. Жарақаттанған жерге мнкробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап. суық судың астына ұстау;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда комек көрсету:

  1. Зақымданган адамды басын бүрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

  2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 тіглефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды тілінін аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;

  2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немеее жақын жердегі емдеу мекемесінен). Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келін жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызга) керек.

3 КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР

1 -жаттығу

- Көздеріңнің бүлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.

  • Көздеріңнің бүлшық етін босаңсытьш, ашындар.

Бүл кезде бір қалыпты дем алындар. 4-5 peт қайталандар.

2-жаттыгу

  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздерінді талдырмаңдар.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа кадалып қарандар.

5-жаттығу

  • Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, кездерің түскен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттыгу

  • Басхарыңды бүұмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттьпу

- Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.

© 2010-2022