Информатика пәні 8 сынып «Суретпен жұмыс»

"Описание материала: Ұсынылып отырған сабақ жоспары 8 сыныпта өткізілген. Сабақтың мақсаты: Word мәтіндік редакторында суреттермен және графикалық объектілермен жұмыс жасауға үйрену. Сабақ барысы І. ұйымдастыру кезеңінен басталады. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. ІІ кезең Үй тапсырмасы тексеріледі. Өткен сабақта «Кесте» тақырыбы бойынша сұрақтар беріледі. ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру. Мұғалім суретпен жұмыс жасайтын әдістерді көрсетеді, практикалық жұмысқа сабақтан тыс »Ғылыми техника...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәні 8 сынып «Суретпен жұмыс» Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің

Информатика пәні мұғалімі

Балгабаева Куралай Габдылкызы


Пән: Информатика

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Суреттермен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: Word бағдарламасында суреттермен жұмыс жасауды үйрету. Практикалық тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту;

  2. дамытушылық: Ой өрісін кеңейту. Білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту;

  3. тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың құралдары: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, Word бағдарламалары.

Сабақты жүргізу жоспары

Кезеңдер

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, барлығының назарларын сабаққа аудару

Сәлемдесу, оқу құралдарын дайындау

Үй тапсырмасын тексеру

5-6 минут

"Кестелермен жұмыс" тақырыбы бойынша, орындап келуге берілген кестені тексеру

Қайталау сұрақтарын ауызша қою:

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Баған немесе жол қосу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

  3. Ұяшықтарды біріктіру үшін не істейміз?

  4. Бірнеше ұяшыққа бөлу үшін қандай әрекет орындаймыз

Өткен тақырыптарға байланысты қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру

Жаңа сабақ, жаңа матерал

15 минут

Жаңа тақырыпты интерактивті тақтада демонстрациялау арқылы түсіндіру, электрондық оқулықты қолдану.

Microsoft Word құжатына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік обьектілерді қоюға болады. Ол осы обьектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Басқа программада жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру үшін :

a. обьект қойылатын жерге курсорды әкелу;

b. Қою - Сурет - Файлдан (Вставка - Рисунок - Из файла) командаларын таңдау;

c. Пайда болған терезедегі Бума өрісінен дискіні, ал төменгі өрістен сурет орналасқан файлды таңдау керек.

Егер сурет орналасқан файлды шертсеңіз, қоршаудың сол жағында сурет шығып тұрады;

d. ОК батырмасын бассаңыз, таңдалынған сурет құжатқа орналасады.

Microsoft Word арқылы қойылатын суреттерді орналстыру үшін:

1) сурет қойылатын жерге курсорды орналстыру қажет;

2) Қою-Сурет - Картина (Вставка-Рисунок-Картина) командасын таңдау керек;

3) Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады;

4) Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын басу керек;

5) Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

Суреттермен жұмыс. Сурет қойылған соң сіздің оны басқаша орналастыруға, өлшемін өзгертуге, суретке қоршау жасауға мүмкіндігіңіз болады.

Суреттерді стандартты әдіспен көшіруге болады. Ол әдісті қолдану үшін суретті ерекшелеу, яғни оны тышқанмен шерту керек.

Сурет өлшемін өзгерту үшін оны тышқанмен шерту керек. Сол сәтте ол жан-жағынан сегіз қара тіктөртбұрышпен қоршалады. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгертеміз. Ал тіктөртбұрыштың қабырғаларын созу арқылы ені мен биіктігін өзгерте аламыз.

Егер суретте тышқанды шертсеңіз, үнсіз келісім бойынша суреттің параметрлерін өзгертетін Көрінісін баптау (Настройка изображения) батырмалары бар тақта пайда болады.

Бұл тақтаны қосымша меню арқылы да шақырып алуға болады.

Суретті өшіру үшін оны белгілеп және Delete (Өшіру) пернесін басу керек.

Жаңа материалға назар аудару, керекті ережелерді блок схема түрінде дәптерлеріне жазып алу

Бекіту кезеңі

15 минут

Практикалық таратпа тапсырма

Тапсырмаларды орындау

Жұмыстарын тексеру

3 минут

Оқушылардың орындағын практикалық жұмыстарын тексеру

Жұмыстарын көрсету, тексерту

Сабақты қорытындылау

2 минут

Қорытындылау сұрақтары:

  1. Балалар бүгін біз не үйрендік?

  2. Мәтінге сурет енгізу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?

  3. Сурет қалай ерекшеленеді?

  4. Енгізілген суреттің өлшемін қалай өзгертеміз?

  5. Суреттің орналасуы бойынша неші түрі бар?

Сұрақтарға жауап беру

Үйге тапсырма

1 минут

  1. Суретпен жұмыс тақырыбын оқу

  2. Word документінің белгішесін сурет ретінде енгізіп, Word бағдарламасы бойынша блок-схема арқылы жолсерік жасау

Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазу

Бағалау

1 минут

Оқушыларды сабақ бойы орындаған жұмыстары бойынша бағалау

Бағаларын күнделіктеріне қойдырту

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Ms Word-ТА СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС


  1. MИнформатика пәні 8 сынып «Суретпен жұмыс»S Word мәтіндік редакторын іске қос

  2. "Менің құжаттарым" бумасынан "Сурет1" суретін құжатқа енгіз

  3. Енгізілген суреттің ені, ұзындығы бойынша өлшемдерін өзгертіп көр

  4. Енгізілген суретті ерекшелеп ,"Delete" пернесін басып өшір

  5. Өшірілген суретті Правка-Отменить командаларын орындай отырып қайта аш

MS Word құжатына енгізілген суретке, мына мәтінді кірістір, суретті төмендегідей орналастыр, мәтінге ат қой

XИнформатика пәні 8 сынып «Суретпен жұмыс»X ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты - дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

Суретті "Менің құжаттарым" бумасына өз есіміңмен сақта

Информатика пәні 8 сынып «Суретпен жұмыс»

© 2010-2022