Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік
алгоритмдер)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары,
кеспе қағаздары т.б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеремін.
Жаңа сабақ
Алгоритм типтері. (сызықты тармақталу және циклдік алгоритмдер).
Алгоритмнің жазылу пішімі мынадай болады:
Алг алгоритмнің аты;
Басы
Командалар сериясы
Соңы
Алгоритмнің типтері және блок схемалары:
Сызықты алгоритм.
Сызықты алгоритм дегеніміз - іс-әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.

Тармақталған алгоритм.
Тармақталу алгоритмі дегеніміз - іс-әрекеттердің логикалық шартын тексере отырып, тармақтала орындалуын сипаттайтын алгоритмдер. Тармақталу алгоритмінде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері қолданылады.

Циклдік алгоритм.
Циклдік алгоритм дегеніміз - іс-әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритмдер. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл басы, цикл соңы түйінді сөздері қолданылады.

Тапсырма №1
1. 2 санның қосындысын (c=a+b) табатын формуланың блок схемасын
құрыңыздар
2.,Егер достарым келсе, онда мен серуенге шығамын, әйтпесе шықпаймын

Тапсырма №2
Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.

Тапсырма№3. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
• Газды жақ
• Газға табаны қой
• Жұмыртқа мен майды дайында
• Табаға майды еріт
• Жұмыртқаны жар
• Жұмыртқаның қабықтарын таста
• Жұмыртқаға тұз сеп
• Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
• Газды өшір.

Сабақты бекіту. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: Алгоритм типтері тақырыбын оқу, 67 беттегі тестті орындау.
Бағалау.

© 2010-2022