Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдалы ма зиян ба?»

Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарыментаныстырып өтейік.1. Әр топ өздерін таныстырады;2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындаркездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)3. Екі топ өзара сұрақ алмасады4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)5. қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймызАлғашқы кезек топ мүшелері өздерінің бастымақсаты, ұранымен таныстырса.ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлемӘділдікке бас иеді күллі әлемЖүйрік озар айтыстыра неше бірСарапқа сап, әділдікпен шеше білдемекші ә...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Компьютердің пайдалы мА зиян ба?»
Құрметті оқушылар. Бүгін сіздер «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты 6 сынып оқушылары арасындағы дебатта бас қосып отырсыздар. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Компьютер - ақпаратты өңдеу құралы. Компьютер түрлерін слайдта көрсету.
Бүгінгі дебат тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Сабақтың түрі: Дебат /пікір - талас/
Сабақтың мақсаты:
білімділік: білімгерлерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
дамытушылық: білімгерлердің зердесін көтеріп, ақыл - ойын дамыту. тәрбиелілік: білімгерлерді алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа ұстамдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Пікірталас (дебат)
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет - плакаттар, құрал - заттар /
Бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Намыс» тобы сөз қозғайды.
Яғни жақтаушылар құрамында-------------------------
Компьютердің зияны туралы «Мұрагер»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар--------------------------
Бүгінгі ашық пікір - таластың шарттарымен таныстырып өтейік.
1. Әр топ өздерін таныстырады;
2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады. Регламинт 3 - 5 минутты сақтау)
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
4. ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)
5. қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз
Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.
ІІ. Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар айтыстыра неше бір
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл
демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Сарапшыларымыз:
----------------------------------------------
Топтың аты: «Намыс» «Мұрагер»
1. Жүргізуші ашық пікір - таластың ойын - шартымен таныстырады.
Екі топтан ойларын айтатындар кезектесіп шығады.
Регламинт 5 - 7 минутты сақтау
Ашық дауыс беру / көрермендер мен жюрилер/
2. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.
1. Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы
1. «Намыс» тобының мүшесі 7 «А» сыныбының оқушысы _______________ ханымға береміз.
Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор».
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой - өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз.
Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер - уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

© 2010-2022