Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Бағандар

Сабақтың мақсаты: MS Word әртүрлі құралдарын қолдана отырып, мәтінді бірнеше

бағанға рәсімдеуге үйрету, оқушылардың шығармашылық

қиялдарын дамыту.

Оқушылар білуі тиіс: мәтінді баған түрінде орналастыруды, процессордың баған

жасаудағы мүмкіндігін пайдалану, дайын баған бойынша орналастыру тәсілі мен мәтінді бағанға теруді;

Оқушылар үйренуі тиіс: дайын мәтінді берілген бағандарға орналастыруды, бағанның

енін өзгертуді, мәтін пішімдеу өлшемдерін бағанға келтуруді,

баған бойынша жасалған құжат белгісіне мәтін теруді.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ДК, таратпа, стикер, плакат

Түйінді идеялар: Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың

қуатты құралы болып табылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Оқушылардың құрал-жабдықтары, сабаққа дайындығын бақылау

Тренинг: «Сен қайдасың?»

  • Сәлем достым (қол беріп амандасу)

  • Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

  • Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

  • Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Суреттер арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • Сұрақ-жауап (Мұғалім әр топтың бірінші ойыншысына парақ суырып алуды ұсынады. Барлығы 2 парақ болады. Оның бірінде «таңбаланған тізім», екіншісінде «нөмірленген тізім» деген жазулар болады. Парақтарда сұрақтар тізімі беріледі. Әр парақта 4-5 сұрақ болады.

  • Сәйкестендіру тесті

Сұрақ-жауап:

  1. Тізімнің келесі элементін алу (Enter баспасы)

  2. Тізімді аяқтау үшін қандай батырманы басамыз (Backspase)

  3. Өзінің маркерленген тізімін құру үшін не істейміз? (Жаңа маркерді анықтау бұйрығы)

  4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма? (Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған)

  5. Мәтіндік процессорда тізімнің неше түрі бар? (3 - маркерленген, нөмірленген, көпдеңгейлі)

  6. Тізім деп нені түсінесіңдер?

  7. Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек? (Тізімнің түрін таңдау керек)

  8. Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қайсы? (Басты (Главная) - Абзац

  9. Тізімдермен жұмыс қашан керек? (жұмыс жоспарын құрғанда, құжаттың мазмұнын құрғанда, мектептегі сабақ кетесін құрғанда)

  10. Қаріп батырмасы нені реттейді? (құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сыр пішімін реттейді)

Сәйкестендіру тесті:

1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл - Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл - Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7. Информатика пәні Бағандар (6 сынып)- батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Жауабы:

1 - С,

2 - Е

3 - Ғ

4 - В

5 - G

6 - D

7 -А


ІІІ.Жаңа сабақ

Балалар, газет беттерінен мынандай жазу үлгілерін көрдіңдер ме?

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)Информатика пәні Бағандар (6 сынып)Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

Мәтінді парақ беттеріне бұлай орналастыру түрі бағандап жазу деп аталады. Word редакторында бағандап жазуды екі жолмен орнатуға болады :

  1. Мәтінді теріп алып, ерекшелеп, Разметка страницы - Колонки әрекеттерін орындап, бағандау түрін орнатамыз

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)



  1. Разметкастраницы - Колонки әрекеттерін орындап, өзімізге керек бағандау түрін орнатып, мәтін теруге болады.

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

  1. Компьютерде бағанның бірнеше түрі бар, ал ол үлгілерден басқа баған түрін орнату үшін : Колонки батырмасына басып, Другиеколонки-ді таңдап, ашылған терезеден колонка санын орнатамыз.

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)Информатика пәні Бағандар (6 сынып)Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

Мәтінді бағандарға бөлу - сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан

Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Шақыру билетін жасау

Сергіту сәті: «Ойнайық та, ойлайық»

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

V. Сабақты қорындылау

Тапсырма 2:

Сыныптың тізімін 2 бағанға жазыңдар.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Ұсынысым

ҮІ. Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты оқу

  • Өзіңді тексер тест 127 бет.

Бағалау















№11казақ орта мектебі

№11 қазақ орта мектебі











Ашық сабақ



Күні 5.02.2015 жыл

Сыныбы:6 Г

Пәні:Информатика

Пән мұғалімі:Айдарова Фарида





1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл - Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл - Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7. Информатика пәні Бағандар (6 сынып) - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету



Информатика пәні Бағандар (6 сынып)





Сұрақ

Жауап

  1. Тізімнің келесі элементін алу


  1. Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек?


  1. Тізімді аяқтау үшін қандай батырманы басамыз


  1. Өзінің маркерленген тізімін құру үшін не істейміз?


  1. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?




Информатика пәні Бағандар (6 сынып)





Сұрақ

Жауап

  1. Мәтіндік процессорда тізімнің неше түрі бар?


  1. Тізім деп нені түсінесіңдер?


  1. Жолақтың тізімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бөлімі қайсы?


  1. Тізімдермен жұмыс қашан керек?


  1. Қаріп батырмасы нені реттейді?


Информатика пәні Бағандар (6 сынып)

© 2010-2022