Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

I. Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылармен сәлемдесу -оқушыларды түгелдеу -сабаққа дайындықтарын тексеру -зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау. II. Үй тапсырмасын тексеру: «Білгенге маржан» аялдамасы Сәйкестендіру тесті: 1. MS Word редакторын іске қосу жолы А. Мәтінді курсивпен жазады 2. Құжатты сақтау командасы В. Файл – Создать (Құру) 3. Мәтінді пішімдеу деген не? С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft ...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№18 сабақ


Күні:_______________

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «Ә»

Мұғалім: Абдезимова С.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Нөмерленген және маркерленген тізімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

оқушыларға беттерді бағандарға бөлуді, бетке жиек қоюды, мәтінді

маркерленген және нөмірленген тізімдермен жазуды, беттерді бояуды, жақтаулармен жазуды үйрету

Тәрбиелілік:

оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық:

оқушыларды MS Word бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақтың типі: жаңа материалды үйрену сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

  1. Сабақты қорытындылау

  2. Бағалау

  3. Үй тапсырмасы

I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

«Білгенге маржан» аялдамасы

Сәйкестендіру тесті:

1. MS Word редакторын іске қосу жолы

А. Мәтінді курсивпен жазады

2. Құжатты сақтау командасы

В. Файл - Создать (Құру)

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

С. Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word

4. Жаңа құжат құру командасы

D. пернесі

5. Мәтінді редакциялау деген не?

E. Файл - Сохранить как.. (Сақтау)

6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою

7. Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер - батырмасының қызметі қандай?

G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.

Жауабы:

1 - С 2 - Е 3 - Ғ 4 - В 5 - G 6 - D 7 - А

III. Жаңа сабақ:

«Білімді мыңды жығар» аялдамасы

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдерКонспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Мәтінді бағандарға бөлу - сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы - Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

«Өзіңді тексер» аялдамасы

1-тапсырма Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

  • Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

    • Ақпараттың сенімділігі;

    • Ақпараттың толықтылығы;

    • Ақпараттың құндылығы;

    • Ақпарттың дер кезінде берілуі;

    • Ақпараттың түсініктілігі;

    • Ақпараттың қолжетімділігі;

    • Ақпараттың қысқалығы;

    • Ақпараттың нақтылығы;



2-тапсырмаКонспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

V.Сабақты қорытындылау:

«Ойнайық та, ойлайық» аялдамасы (сергіту сәті)

Экраннан бірдей екі сурет көрсетіледі. Оқушылар екі суреттің бір-бірінен 10 айырмашылығын табулары керек.

Конспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдерКонспект на тему Нөмерленген және маркерленген тізімдер

VІ. Бағалау

VІI. Үй тапсырмасы

Нөмерленген және маркерленген тізімдер.

© 2010-2022