Урок по информатике на тему Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 12

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Ақпараттарды жазып, өлшем бірліктер арқылы санауды, ақпарат тасымалдаушыларды қолданылуы тәртібін меңгеру

Сабақтың міндеттері

- ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білуге үйрету

- ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру

- теориялық білімін практикамен ұштастыру

Оқыту нәтижесі

- ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білуге үйренеді

- ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік алады

- теориялық білімін практикамен ұштасады

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығушылығын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Әдіс-тәсілдер:

"конверт-сұрақ" "Фишбон", "Тақырыптық түйінді сөздер", "Кері байланыс бутерброды", топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


1-тапсырма: Білу-"Конверт-сұрақ" -өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап

2-тапсырма: Түсіну - Жаңа тақырып. -«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдісі - бойынша талқыланады.

3-тапсырма: Қолдану - "Компьютердегі тәжірибелік жұмыс "деңгейлік тапсырма

4-тапсырма: Талдау "Ағымдағы тест сұрақтары" /онлайн-тест/

5-тапсырма: Жинақтау "Тақырыптық түйінді сөздер" - тақырыпқа қатысты сөздерді жинақтайды

6-тапсырма: Бағалау

"Кері байланыс бутерброды"

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

2 минут




5 минут














12 минут

















15 минут









































4 минут



3 минут










4 минут







І. Ұйымдастыру

-оқушылар бойлары бойынша сапқа тұрып, 1,2-деп санау арқылы

2 топқа бөлінеді.

ІІ. Білу - "Конверт-сұрақ"

2-3 сұрақ жазып, конвертке салынады (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындалады. Әрқайсысына екі минут беріледі, оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

1. Нысандарға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер?

2. Қандай нысандарды шектес нысандар деп аталады? Оларды қалай ерешелейміз?

3. Нысанды көшіру (орын ауыстыру) үшін қажетті бұйрықтарды атаңдар.

ІІІ. Түсіну. Жаңа тақырып - Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар -«Фишбон» немесе «Балық қаңқасы» әдісі

  1. Тақырыпты оқу

  2. «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

  3. Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді,

төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

  1. Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

  2. Презентация

Себептері

Проблема Қорытынды

Урок по информатике на тему Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Дәлелдер

ІV. Қолдану - Деңгейлік тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.

  2. Сурет салыңдар.

  3. Өз сереттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.

  4. Осы файл үшін жарлық құрыңдар.

  5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып,іске қосыңдар.

В деңгейі

  1. Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларында «информатика» сөзі бар файлдарды табыңдар.

  2. Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар.

  3. 1-2 пунктерді әдебиет пен математика пәнднріннің файлдарфы үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданыңдар.

  4. Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.

С деңгейі

1. Word Pad программасын іске қосыңдар.

2. Кестеде көрсетілген мәтінді теріңдер.

3. Мәтінді Мысал 1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.

Бірінші сынып оқушысының құралдары

  1. Дәптерлер 12 дана;

  2. Сурет салатын альбом 5 дана;

  3. Шарикті қалам 5 дана;

  4. Қарапайым қарандаштар 3 дана;

  5. Сызғыш 1 дана.

4.Колькулятор программасын іске қосыңдар .

5. Бірінші сынып оқушысының жиынтығына қанша зат кіретнін санаңдар.

6. Шыққан нәтижені Калькулятордан Блокнот мәтіндік редакторына кірістіріңдер.

7. Шыққан файлды Мысал2 бумасында сақтаңдар.

8. Paint графикалық редакторын ашыңдар.

9. Таңдауларын бойынша : компьютердің, жануардың, адамның суретін салыңдар.

10. Суретті Сурет деген атаумен Children бумасына сақтаңдар.

11. Мысал1, Мысал2 бумаларының екеуін де Іздеу терезесіне шығарыңдар.

12. Өздерің құрған мұғалімге көрсетіңдер.

13. Өздерің құрған нысандардың бәрін Қоржынға орналастырмай жойыңдар.

V. Талдау - Ағымдағы тест сұрақтары /онлайн тест/

VІ. Жинақтау - "Тақырыптық түйінді сөздер"

Урок по информатике на тему Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

Оқушыларды саралап бағалау. Кейінгі оқу:

- ІІІ тарау. "Программалық жабдықтама. Операциялық жүйелер" тарауын қайталау

VІІ. Бағалау - Кері байланыс бутерброды

бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

МУрок по информатике на тему Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.аған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....



© 2010-2022