«Қуыршақтың туған күніне арналған сыйлық »

Мақсаты : Практикалық- өмірде М.Монтессорий технологиясының элементтерін пайдалана отырып, сөйлеу қабілеттерінарттыру; Балалардың тілін дамыта келе, заттарды атымен атауға және тәрбиешінің сұрағына нақты жауап беруге үйрету. Туған күнге деген балалардың қызығушылығын ояту. Көрнекі құралдар: Балаларға арналған оқтаулар, дастархан, қант, жұмыртқа, ұн, сода,сурет саламын деген балаларға сурет салуға арналған заттар. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекетіДұрыс айтасыңдар бал...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Қуыршақтың туған күніне арналған сыйлық »
Хамзина Гулизат Кайратовна
Қостанай облысы ,Арқалық қаласы ,Ашутасты ауылы «Гүлдер » бөбекжайының тәрбиешісі
Білімберу саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Мақсаты : Практикалық- өмірде М.Монтессорий технологиясының элементтерін пайдалана отырып, сөйлеу қабілеттерінарттыру; Балалардың тілін дамыта келе, заттарды атымен атауға және тәрбиешінің сұрағына нақты жауап беруге үйрету. Туған күнге деген балалардың қызығушылығын ояту.
Көрнекі құралдар: Балаларға арналған оқтаулар, дастархан, қант, жұмыртқа, ұн, сода,сурет саламын деген балаларға сурет салуға арналған заттар.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотива-
циялық
қозғау-
шылық
Шаттық шеңбері.
Сәлем деймін - күнге мен,
Сәлем деймін-достарға.
Сәлем деймін - апайға,
Қонақтарға баршаға.
Сәлем, сәлем, сәлем!Балалар шаттық шеңберін құрады.

Балалар барлығы бірге амандасады.


Ұйымдас-
тыру
іздестіру

Балалар кәнекей барлығымыз бірге терезеге қарайықшы , дала қандай?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше қазір қай жыл мезгілі?
-Жарайсыңдар балалар,өте жақсы.
Топқа қолындағы хатымен айқайлап, пошташы жүгіріп келеді.
-Алақай ,алақай сіздерге хат келді!
-Балалар мына кісі кім?
-Сәлеметсіңдерме балалар?
-Балалар мен һөте асығыспын, тарататын хаттарым өте көп, мына хатты сендерге қуыршақ беріп жіберді, ал енді мен кетейін.
Балалар хатты ашып көремізбе?
-Ой балалар , айтпақшы бүгін қуыршақтың туған күні екен,соған орай бізге шақыру билетін беріп жіберіпті. ( тәрбиеші балаларға таңырқап қарап), не істейміз, не сыйлаймыз?
-Жарайсыңдар балалар! Дұрыс ойлап таптыңдар.
( тәрбиеші арнайы екі стол дайындап қояды, біреуінде сурет салуға арналған заттар, біреуінде торт дайындауға арналған заттар).
-Кәнекей балалар , кімнің сурет салып бергісі келеді?
-Ал ендеше балалар, кімнің торт жасағысы келеді?
-Бәрекелді балалар, торт жасау үшін бізге не керек?
-Өте дұрыс балалар, ендеше осы аталған заттарды маған әкеп бересіңдерме торт жасайық.
(тәрбиеші балалардың бергендерін араластырып, дайындайды)
-Жарайсыңдар балалар, дайын болған қамырдың түсі қандай?
-Кәнекей умаждап, уқалап көрейікші, қамыр қандай?
-Ал енді балалар, осы дайын болған қамырды мына оқтаулармен ысамыз.
-Балалар сендер қандай сурет салып жатырсыңдар?
-Балалар сендер не жасап жатырсыңдар?
-Торт бізге не үшін керек?
(тәрбиеші әр баланың ысып жатқан қамырын бақылап жүреді)
Жарайсыңдар балалар, енді осы дайын болған қамырымызды мына табаққа салып, аспазшы апайымызға табыс етейік, ол бізге дайын болған тортты пісіріп әкелсін жарайма?
(тәрбиеші балалармен дайын болған тортты аспазшы апайға табыстайды)
-Балалар кәнекей сендерде сурет салып шамалап шаршап қалған боларсыңдар, тортымыз дайын болғанша тақпақтарымызды айтып алайық.
-Бәрекелді балалар, тақпақтарды өте жақсы айтады екенсіңдер.
Таң қаларлық жағдай: топқа аспазшы тортты әкеледі.
-Балалар көрдіңдерме біздің өз қолымызбен жасаған тортымыз дайын болды.
-Енді балалар дайын болған тортты , мына кішкене өрнектермен әшекейлейміз.
-Балалар әшекейлеп болсақ, тортымызды және салған суретімізді алып , қуыршақтың туған күніне барайық.
Балалар сыйлықтарын алып,тәрбиешімен бірге қуыршақтың туған күніне барады, құттықтауларын айтады.
-Дала суық, қар жауып тұр.
-Қыс. -Пошташы
-Сәлеметсізбе

Балалар таңдана қарайды.
-Көреміз

-Сурет салып береміз, торт пісіріп береміз.
Сурет салғысы келген балалар барады.
Торт жасайтын балалар келеді.
Ыдыс, ұн, қант, жұмыртқа, сода.

Балалар аталған заттарды тәрбиешіге апарып береді.
-Ақ
-Жұмсақ,иілгіш.
Балалар оқтауларын алып , қамырды ысуға дайындалады.
Балалар жауап береді.
Тортқа нан ысып жатырмыз.
Қуыршақтың туған күніне керек.
Балалар қуанышпен келіседі.
Балалар тақпақ айтады.
Балалар қуанады.
Балалар қуанышпен қарсы лады.
Балалар ұсақ өрнектермен торттың бетін әшекейлейді.( қол моторикасына байланысты)
Балалар қуанышпен келіседі.

Қуыршақ рахметін айтып, қуанады.

Рефлексив-ті түзету
Балаларды мақтау,мадақтау.
Қуыршақпен бірге торт жейді. Балалар қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
-біледі: М.Монтессорий технологиясын қолдана отырып,тортты өз қолдарымен дайындауды біледі.
-түсінеді:торттың қамырын қалай ысу керек екенін түсінеді. .
-қолданады: Балаларға арналған оқтаулар, дастархан, қант, жұмыртқа, ұн, сода,сурет саламын деген балаларға сурет салуға арналған заттар.



© 2010-2022