Білім қарақшылары информатика теңізінде

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Информатика теңізінің білім қарақшылары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін сынау, шыңдау, өнерге сүйіспеншілігін, информатика сабағына қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар инорматика пән бойынша білімдерін жетілдіреді, пәнге қызығушылығы, өнерге құштарлығы артады.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: презентация, тапсырмалар, музыка.

ТСО: компьютер, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, өнер, география.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Ақпарация» аралы

  2. «Алгоритмус» аралы

  3. «Компьютерит» аралы

  4. «Мың сұрақ» аралы

ІІІ. Қорытынды



Кіріспе

Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер, оқушылар. Құрметті, оқушылар, қонақтар, өздеріңіз білетіндей мектебімізде «Білім үйрен данадан» атты информатика-физика-математика бірлестігінің апталығының төртінші күнінде информатика пәні бойынша «Информатика теңізінің білім қарақшылары» атты 8 сынып оқушыларымен саяхат сабағы өткізгелі отырмын.

Бұл сабақтың мақсаты:

«Білім мен өнер егіз» демекші бұл сабағымды оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін дамытып, шыңдау, сонымен бірге өнерлерін де жетілдіру.

Білім қарақшылары информатика теңізінде

(Сахнада кеме қасында қарақшылар отыр. Біріншінің қолында үлкен циркуль, екіншінің қолында үлкен сызғыш. Екеуі бір-бірімен соғысып ойнап отыр. Үшінші қарақшының қолында диск саусағына салып шыр айналдырып отыр. Төртінші қарақшы жүйелік блок үстінде отыр басы салбырап)

Үшінші қарақшы:

  • Уххх, шіркін іш пысып кетті -ау!

Бірінші мен екінші қарақшылар:

  • Иә, ішіміз пысты. Жолға шықпағанымызға көп уақыт өтті-ау!

Төртінші қарақшы: (астындағы жүйелік блокқа қарап)

  • Эх, жүйелік блок арғымағым - ай сеніңде іске қосылмағаныңа біршама уақыт болды - ау!

Сол кезде сахнаға капитан кіріп келеді

Капитан:

  • Э, еңселерің түспесін. №273 мектебінде «Білім үйрен данадан» атты апталық басталып кетіпті. Енді сендерді информатика теңізімен қызықты аралдарда болып және сол аралдардан білім сандықтарын жинап қайтуға шақырамын.

Қарақшылардың барлығы:

  • Ура, ура, ал канеки кеттік!-деп кемеге жайғасады.

Қарақшы матрос:

  • Кемеміз информатика теңізіне шығуға дайын.

Капитан:

Якорьді көтер, парусты түсір. Курсты тік ұста! Ал, алға, білім қарақшылары!

Хормен:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

(«Жая»у Серік Ибрагимовтың әнімен )

Компьютер

Компьютер жан досың,

Қолдана біл досым

Түрлі іс атқарасың, білсең сен тілін.

Көресің жемісін

Интернет желісін

Ашылар жаңалықтар досым, сен үшін.

Мышка, зулайды әрдайым

Бассаң тетіктің қандайын

Қайырмасы:

Компьютерсіз сіз бұл күнде іс бітпес

Заманның ның ағымы еш күтпес

Жазудан да да құтылып парақтан

Компьютермен досым, жедел ақпараттан

Үнемі ойнама

Ермек қып жай ғана

Уақыт өткізер ойыншық па ол саған?

Білімді іздегін,

Ғылымды көздегін

Мұратқа жетерсің сонда сен аңсаған.

Мышка, зулайды әрдайым

Бассаң тетіктің қандайын.

Экранда теңіз көрінісі. Капитан винокльмен қарап тұрады. Экранда «Ақпарация» аралының суреті пайда болады.

Капитан:

  • Мынау қандай арал екен. Қане мына аралға тоқталып қандай қызықты білімдер бар екен! Тоқтайық!

Кемеден барлығы түседі. Алдарынан үш адам (бит, байт, Кбайт) шығады. Үстері нөл мен бір сандарынан тұрады. Олар:

-Сәлеметсіздер ме? Сіздер кімсіздер?

Барлық қарақшылар бірге:

  • Сәлеметсіздер ме?

Капитан:

  • Біздер - білім қарақшыларымыз? Ал, сіздер кімсіздер?

Бірінші қарақшы:

  • Мынау қандай арал өзі?

Кбайт:

  • Менің атым Килобайт. Бұл «Ақпарация аралы». Бұл аралда ақпарат өлшемдері өмір сүреді. Біздер ақпаратпен тамақтанамыз. Мынау менің бауырым байт. Мененде үлкен ағаларым бар. Сендер білім қарақшылары болсандар, қанеки айтындаршы менің ағаларымның аты кім деп ойлайсыңдар?

Жауап береді.

Байт:

  • Жарайды, алғашқы сынақтан өттіңдер. Енді құрметті, білім қарақшылары, сіздерге қоятын тағы бір тапсырма бар. Қазір мен сіздерге бір мен нөлден тұратын код беремін. Сіздер соны ондық жүйеге ауыстырасыздар. Егер дұрыс тапсаңыздар білімге толы сандықты аласыңдар.

Тапсырма.

101011010011012 =

Есептеп дұрыс болса білім сандығын алады.

Байт:

  • Жарайсыздар, міне сіздерге білім сандығы.

Капитан:

  • Сіздерге рахмет, біздің білімімізді біраз сынадыңыздар. Ал, менің командам өз білімдерін тамаша көрсетті. Ал, енді біз жолға шығайық.

Барлығы мінеді. Информатика туралы өлең. Экранда теңіз көрінісі.

Хормен

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер

Капитан қарап тұрады. Алгоритмус аралының суреті.

«Алгоритмус» аралы. Барлығы кемеден түседі. Алдарынан арал тұрғыны робот шығады.

Капитан:

  • Сәлеметсіз бе? Бұл қандай арал екен.

Робот:

  • Сәлем, сәлем барлығыңа! Бұл - Алгоритмус аралы. Мұнда тек командамен жүреді. Сендердің мақсаттарыңды біліп тұрмын. Онда сол мақсаттарыңа жету үшін, менің орнымда болып, командаларды орындай отырып суретті салып көріңдер. Егер суретті салып шықсаңдар білім сандығын беремін.

«Робот болып көр» тапсырмасы. Сурет салу алгоритмін орындау.

Робот:

  • Қане қайсыңыз робот болып команда орындайды. Қазір мен сурет беремін. Басқа қасыңдағы білім қарақшылары команда беріп тұрады сен соны орындайсың, орындай келе суретті салып шығасың.

Робот сурет береді.

  • Ал бастаңыздар.








Робот:

  • Робот болу да оңай емесін түсінген шығарсыңдар. Жарайсыңдар, міне сіздерге білім сандығы.

Капитан:

  • Рахмет, саған. Тапсырмаң өте қызық болды. Ал, білім сақшылары, саяхатымызды жалғастырайық.

Барлығы қайтадан кемеге мінеді. Білім сақшылары кемеде. Капитан қарап тұрады. Экранда арал суреті.

Капитан:

  • Қандайда бір аралға келіп қалған сияқтымыз. Қанеки, тоқтап мұнда не қызық бар екенін көрейік.

Барлығы түседі. Очки киген, қолында шнурлары бар инженер шығады.

Инженер:

  • Хош келдіңіздер, қадірменді қонақтар, «Компьютерит» аралына.

Капитан:

  • Хош көрдік. Біздер білім сақшылары.

Инженер:

  • Иә, иә сендер туралы естуім бар, мақсаттарыңды да білемін. Сол білім сандығын беремін, бірақ мына құрылғыларды орын-орнына қойып берсеңдер.

Бірінші қарақшы:

  • Әрине, қойып береміз құрылғыларды.

Тапсырма. Компьютердің құрылғыларын жинау.

Инженер:

  • Эээ, бұл тапсырмадан орындадыңдар, онда тағы бір сынап көрейін сендерді.

Екінші қарақшы:

  • Сынақтың ешқайсынан да қорықпаймыз, өйткені біз білім қарақшыларымыз. Қанеки көрейік сынағыңды.

Инженер:

  • Онда, мына заттарды беремін. Осы заттардан қандай да бір киім немесе сәндік бұйым немесе киім элементін жасаңдар.

USB шнур, диск беріледі

Инженер:

  • Өздерің керемет екенсіңдер, сіздерге ризамын. Міне сіздерге білім сандығы.

Капитан:

  • Рахмет. Іш пыстырмайтын тапсырмаларың көп екен. Қызықты болды. Біз жолға шығамыз.

Барлығы кемеде. «Компьютерная страна» өлеңі. (Н. Королева «Маленькая страна» өлеңі).

Компьютерная страна

Есть в нашей с вами доброй школе,

Компьютерная страна.

Где среди техники заморской,

Сеть в интернет дана.

И если что-то вдруг зависнет,

И пропадает вдруг файл,

Ты не спеши-ка и не кисни,

Все поправимо знай.

Компьютерная страна,

Компьютерами полна.

Где мне достать, вы подскажите,

В эту страну билет.

Компьютерная страна,

Вирусы нам не нужна

Им не дает житья учитель

Хакера круче нет.

Қарақшы бір аралды көреді.

Үшінші қарақшы:

  • Жер көріп тұрғандаймын. Иә, иә тағы бір аралға келдік - ау шамасы.

Капитан:

  • Иә дұрыс. Канеки, тоқтайық.

Барлығы түседі. Үсті сұраққа толған бір адам шығады.

Мың сұрақ:

  • Салем, салем, қонақтар! Менде мың сұрақ бар!

Капитан.

  • Слеметсіз бе? Менде бір сұрақ- бұл қай арал?

Мың сұрақ:

  • Атымда, аралымда аталады- мың сұрақ. Қоямын мен сіздерге көп сұрақ. Дұрыс жауап берсең, білім сандығын аласың.

Қарақшы:

  • Сұрақтарыңызды қойыңыз, білімізді сынап көрейік, білім сандығын өзімізбен алып кетейік.

Мың сұрақ:

  • Сендер білесіңдер ақпаратты адамдар, өздерінің бес дене мүшелерімен алатынын. Сіздерге бір зат беремін. Сол зат туралы ақпарат бересіздер. Мысалы: мынау ақ қағаз-түсі ақ, төртбұрышты; ұстаған кезде жұмсақ, жұқа, тегіс; қағаздың иісі шығады; бұрышымен қолыңа тигізсең жырып кетуі мүмкін.

Диск, кітап

Мың сұрақ:

  • Жарайды, мені мазалам журген мына сұрақтарға жауа беріңіздер:

Неге монитор төртбұрышты?

Неге мына тінтуір тышқан тәріздес?

Неге жүйелік блок деп аталады?

Неге сканер деп аталады?

Мың сұрақ:

  • Көп рахмет, сіздерге! Өздерің білімді екенсіңдер. Міне, сіздерге білім сандығым.

Капитан:

  • Сізге рахмет, мың сұрақ мырза. Ал біз жолға шығайық.

Барлығы кемеге мінеді.

Капитан:

  • Білім қарақшылары, осы жинаған білім сандықтарымызға қанағат деп. Елге оралайық. Әлі де талай теңіздерді жүзіп, білім сандығын жинаймыз.

Қарақшылар:

  • Иә, иә дұрыс айтасыз.

Капитан:

  • Мен сендерге бүгін информатиктердің батасын берейін:

Көмектессін әрдайым көмекшіміз F1, сақтасын құжатымыз бен өзімізді F2, қайта жүктеп, тоқтатпасын жұмысын Alt пенен ctrl, del.

Бірге ортаға келіп ұранды айтады:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.


© 2010-2022