Вариативная учебная программа по информатике на тему Основы компьютерной грамотности

Раздел Информатика
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Серебрянск қаласының №4 орта мектебі"КММ










Вариативті оқу бағдарламасы

Компьютерлік сауаттылық негіздері

3-4 сыныптар


Құрастырушы: информатика пәнінің мұғалімі

Каримова Гульназ Кенесбековна





2014-2015 оқу жылы

Түсінік хат

Білім саласы: Информатика

Оқытылатын курс: Компьютерлік сауаттылық негіздері

Қызметі: Жалпы орта білім берудің мемелекеттік жалпыға міндетті стандартынан тыс оқушыларға дербес компьютерді жан-жақты пайдалану, техникалық білім беру, іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру бағытына арналған.

Жаңашылдығы: Қазіргі заманға сай оқушылар мектептен бірнеше пәндерді игеріп шығуы қажет. Бұл бағдарлама 3-4 сыныптар арасында ұсынылып отыр. Ақпараттық бағдарламаны кең көлемде және тез дамыту мақсатындағы енгізілген курстың маңызы өте зор. 3-4 сыныптарда компьютерді қолдану аспектісін тереңдетіп оқыту, сондай-ақ болашақ маман таңдауға бағыт-бағдар беру.

Көкейкестілігі: Ұсынылып отырған курстың ақпараттық кәсіптік салалардың қызметінің жалпы құрылымына ықпалын тигізіп отыр. Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануға, білікті және іскер оқушыларды қалыптастыру мақсатында, қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай мамандар қажет. Сонымен ата-аналар тарапынан сұраныстарды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарлама мақсаты: оқушылардың заманға сай компьютермен жұмыс атқара алуларына, алгоритмдік, логикалық ойлауын қалыптастырып дамыту, ақпараттық мәдениетін, эмоциалдық сезімталдығын өздігінен жетілу қажеттілігін тәрбиелеу.

Бағдарлама міндеттері:

  • ЭЕМ-нің даму кезеңдері және элементтік базалар туралы мәліметтер алу

  • Арнаулы ЭЕМ-нің ақпаратық және программалық қамсыздануы туралы түсінік беру,

  • Қолданушы ретінде арнаулы ЭЕМ-де жұмыс жасау дағдыларын меңгерту.

  • Әртүрлі жағдайлардан дұрыс шешім таба білуге үйрету.

  • Оқушы өзінің ақыл ойының даму нәтижесінде оқуда елеулі жетістіктерге жетуге болатынын сезіну.

  • Өзінің болашақ өмірге қажеттілігін сезіну.

Ерекшілігі: Мамандыққа баулу курсы болып табылады. Арнаулы компьютер қолданушылар, компьютерде іс маманы болып шығуына мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұны:

  • Бағдарлама мазмұнының логикалық жаттығуға негізделуі;

  • Оқушылардың ойлау деңгейін психологиялық тренинг, тестар арқылы мерзімді тексерілуі;

  • Оқушылардың білімін тексерудің өз-өзін бақылауға, жұптық бақылауға, топтық жұмыстарда қорытынды бақылауға негізделуі;

  • Бағдарлама мазмұнына ұлттық сипаттағы ойын есептердің енгізілуі;

  • Бағдарлама мазмұнына енген жаттығулар оқушылардың сөздік қорын байытуға ықпалын тигізуі;

Ұзақтығы: 3-4 сыныптар бойынша аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

Курсқа қойылатын талаптар:

  • Негізгі ұғымдарға түсінік беру

  • Оқушылар арасынан информатикаға қабілетті оқушыларды таңдау;

  • Таңдалынған оқушының алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • Есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп ережесі, алғашқы көмек көрсету тәсілін, көзге жаттығу жасауды; ЭЕМ-ның мүмкіндіктерімен таныстыру.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

  • Компьютерлік сауаттылық негіздері курсының мақсаты мен негізгі міндеттерін саналы түрде түсіне алуы;

  • Қолданушы ретінде арнаулы ЭЕМ-де жұмыс жасау дағдыларын меңгерту;

  • Оқу үрдісінде жаратылыстану математика бағытыттарын байланыстыра алу;

  • Жан-жақты ақпарат алу жөнінде көзқарасының болуы және оны оқушыға бере алуы;

  • Интернетпен қамсыздандырудың жаңалықтары мен оны пайдаланудың ұсыныстары туралы ақпарат ұсына алу;

  • Оқытудың жаңа технологияларын қолдана білу алу;

  • Оқушыларға жекелей және саралай жұмыстар бере алу

  • Оқушыларды дұрыс бағытқа қойып, олардың ойлау қабілеттерін шыңдау;

  • АКТ пайдаланып, оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру;

Оқушыға қойылатын талаптар:

  • Есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп ережелері, алғашқы көмек көрсету тәсілін, көзге жаттығу жасауды;

  • ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін толық меңгеру/қосу, ажырату, программа қосу, интернет жүйесіне кіріп ақпарат алуды;

  • Компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау/сурет, енгізу, баспаға шығару/

  • Әртүрлі тәсілдермен алгоритм құру, әртүрлі типтегі шамалармен есептерді программалау, хабарды тарату және қабылдай алу.

  • Пәннің қажеттілігін түсіну.

Өткізілу түрлері: ойын түрінде, практика сабақтары.

Бағдарлама бөлімдері:

  1. Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесі және жұмыс орнын ұйымдастыру;

  2. Ақпарат. Ақпаратпен жұмыс түрлері

  3. Алгоритм және оның түрлері

  4. Компьютердің құрылғылары және оның қызметтері.

  5. Операциялық жүйе түсінігі.ОЖ объектілерімен жұмыс.

  6. Мәтіндік редактормен жұмыс

  7. Графикалық редактормен жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

  • Ақпараттық технологиялық жетістікті меңгерген, оны іс жүзінде қолдана алатын, интернет жүйесіне шыға алатын, кәсіби-техникалық маманға икемді тұлға;

«Компьютерлік сауаттылық негіздері» курсының тақырыптық жоспары

3-сынып


Өтілетін сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері және жұмыс тәртібі

1

2

Ақпарат және қоршаған орта

1

3

Алгоритм ұғымы. Алгоритм командасы

1

4

Сызықтық алгоритм

1

5

Тармақталу алгоритмі

1

6

Циклдік алгоритм

1

7

Алгоритм тәсілдері

1

8

Ақпартты өңдеу, сақтау

1

9

Ақпаратты кодтау, бейнелеу

1

10

Ойын сабағы

1

11

1-бақылау жұмысы

1

12

Графикалық редактормен жұмыс

1

13

Графикалық редактордың сурет салу құралдары

1

14

Суреттердi ашу.Суреттердi сақтау

1

15

"Жазу" құралы. Жазуды қою

1

16

Нысанды көшiру және қою

1

17

Ойын сабағы.

1

18

Нысанды бұру

1

19

Нысанды қиып алу және қою

1

20

Симметрия.

1

21

Ойын сабағы

1

22

Өз ойынан сурет салу.

1

23

2-бақылау жұмысы

1

24

Қатемен жұмыс

1

25

WORDPAD текстік редактормен жұмыс.Ашу.

1

26

WORDPAD құжатына суреттерді кірістіру. Сақтау

1

27

Жарыс сабағы.

1

28

Компьютер - математика сабағында.

1

29

Екiлiк код

1

30

Хабарламаның ақпараттық көлемi

1

31

Ойын сабағы.

1

32

3-бақылау жұмысы

1

33

Қатемен жұмыс

1

34

Қорытынды сабақ.

1

Барлығы

34

"Компьютерлік сауаттылық негіздері" тақырыптық жоспарлау

4 сынып


Мазмұны

Сағат саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Ақпараттық модельдер

1

3

Тiзбектер. Алгоритмдер

1

4

Сызықтық алгоритмдер

1

5

Тармақталу алгоритмi

1

6

Циклдiк алгоритм

1

7

Практикалық жұмыстар

1

8

№1 бақылау жұмысы

1

9

Компьютердің құрылғылары. Қосымша құрылғылары

1

10

Операциялық жүйе туралы түсінік. Негізгі нысандары.

1

11

Терезелер

1

12

Файлдар, бумалар, жарлықтар

1

13

Нысандармен жұмыс істеу.

1

14

Ақпаратты іздеу, оқу және жазу. Кодтау.

1

15

Сурет салу, сақтау және ашу

1

16

Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

1

17

Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

1

18

Суретті басуға шығару. Сурет трансформациясы.

1

19

№2 бақылау жұмысы

1

20

Microsoft WordPad мәтіндік редактор. Құжатты құру. Мәтінді теру және түзету ережелері.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

1

21

Мәтінді пішімдеу. Әріптер. Абзац

1

22

Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.

1

23

Мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу

1

24

Практикум. Аралас құжат құру.

1

21

№3 бақылау жұмысы

1

22

Блокнот және Калькулятор.

1

23

Дыбыстық ақпараты өңдеу

1

24

Дыбыс жазу. Практикум

1

25

Windows Media диск ойнағышымен танысу. CD- ROM және DVD-ROM ақпаратты шығару

1

26

Компьютерді вирустан қорғау: қауіпсіздік негіздері.

1

27-28

Интернет туралы түсінік. Ақпаратты белгілі адреспен іздеу технологиясы

2

29

№4 бақылау жұмысы

1

30

Пернетақтаның кейбір пернелерінің қызметі. «Ыстық пернелер»

1

31

«Сенің ақпараты қабылдау тәсілің» тест

1

32-33

Жобамен жұмыс

2

34

Қорытынды бақылау жұмысы

1

Барлығы

34



Пайдаланылған әдебиеттер:

Оқушы үшін:

  1. Есжанов А.Е, Тәжіғұлова Ә.І, ТюлеевТ.Қ Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал, Алматы-2007ж

  2. Кенин А.М, Печенкина Н.С, для пользователелй или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание/ Екатеринбург: 1997

  3. Е. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»

  4. «Компьютерлік сауаттылықты тестілеу бағдарламасы» электронды бағдарлама

Мұғалім үшін:

  1. Есжанов А.Е, Тәжіғұлова Ә.І, ТюлеевТ.Қ Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал, Алматы-2007ж

  2. Кенин А.М, Печенкина Н.С, для пользователелй или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание/ Екатеринбург: 1997

  3. Е. Бөлебаев, Е Балапанов, А. Даулетқұлов Н. Ермеков ,Н. Стифутина «Информатика-7», «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу әдістемелік құрал, Алматы,2006ж

  4. Е. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ»

  5. «Компьютерлік сауаттылықты тестілеу бағдарламасы» электронды бағдарлама

Интернет ресурстары: Сервер «Обаразование и наука» http:/edu.kz; http:informatica.ru «Компьютер в школе»

10

© 2010-2022