Урок по информатике на тему Жиымдар. Есептер шығару (9 сынып)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика. 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жиымдар. Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

  • Жиым тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау;

  • Оқушылардың өз бетімен іздену, ілімділік материалдарды іс жүзіне (практикалық) қолдана білу дағдыларын дамыту;

  • ЭЕМ көмегімен есеп шығарту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың құрал жабдықтары мен көрнекілігі: ДК, «Паскаль тіліндегі арифметикалық өрнектер мен стандартты функциялары» кестесі, үлестірме тапсырмалары, техникалық диктант, бағалау бетшелері.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Конференция сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Техникалық диктант

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жауап бер.


Жиым

... - нөмірлермен реттелген ортақ атпен және типімен біріктірілген мәндердің жиынтығы. Элементтердің реттік нөмірі ... деп аталады.

Бір баған мен бір жолдан тұратын кесте ...

Жиымдар ... операторы көмегімен сипатталады.

Жиым элементтерін енгізу, шығаруды ... операторлары көмегімен ұйымдастырады. Бірінші элементтің нөмірін ... операторының көмегімен 1-ге өзгертуге болады.


  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Сабақты өткізбес бұрын оқушылармен кеңесе отырып, олардан мынадай «маман» оқушылар таңдап алынады.

  1. Информатик

  2. Бағдарламашы ( программист)

  3. Оператор

ЭЕМ көмегімен есептерді шығару кезеңдері:

  • есептің математикалық қойылуы (моделі)

  • алгоритм құру

  • бағдарламасын құру

  • ЭЕМ көмегімен бағдарламаны орындау

  • Алынған нәтижелерді талдау.

«Информатик» берілген есептің математикалық қойылымын ( моделін) құрады, алгоритмін жазады.

«Бағдарламашы» оның Паскаль тілінде бағдарламасын жазады. «Оператор» бұл бағдарламаны компьютерге енгізіп оны орындайды, нәтижені көрсетеді.

І деңгей.

А[8] жиымы берілген. А жиымының әрбір элементін

B[I] =A[I]3 формуласымен есептейтін бағдарлама (программа) құрыңыз.

  1. «Информатик» есепті шешудің бірінші кезеңі бойынша

оның математикалық қойылымын құрады. Алгоритмін жазады.

Берілгені: 8 элементтен тұратын А кестесі

Қажет: А кестесінің 3 дәрежесін есептеп шығару

Байланыс: В[І]=А[І]3

алг есептеу (арг нақ кес А[1:8], нәт нақ кес B[1:8])

басы бүтін І

енгізу А

І үшін 1-ден 8-ге дейін

цб

В[І]:=А[І]3

цс

шығару В

соңы

2. «Бағдарламашы» Паскаль тілінде бағдарламасын жазады.

program mass;

var a, b: array [1..8] of real;

i: integer;

begin

for i:=1 to 8 do

readln (a[i]);

for i:=1 to 8 do

b[i]:=exp(3*ln(a[i]));

for i:=1 to 8 do

writeln (b[i]);

end.

  1. «Оператор» бағдарламаны ЭЕМ - ге енгізіп, нәтижесін алады.

  2. Алынған нәтижелерді бірігіп талдайды.

ІІ деңгей.

В (9) жиымы үшін 3- тен кем элементтердің көбейтіндісін, 3- тен артық элементтердің қосындысын, 3- ке тең элементтерді екі еселейтін бағдарлама құр. Нәтижесін экранға шығар.

ІІ деңгей.

Математикалық қойылымы

Берілгені: 9 элементтен тұратын В кестесі.

Қажет: P - 3- тен кем элементтердің көбейтіндісін,

S - 3- тен артық элементтердің қосындысын,

3- ке тең элементтерді екі еселейтін.

Байланыс: Нәтижелерді анықтау үшін кестенің барлық элементтерін кезегімен қарау және таңдау жасау керек.

а) егер B[I] элементі B[I] < 3, онда оны P=P* B[I]

ә) егер B[I] элементі B[I] > 3, онда оны S=S+ B[I]

б) егер B[I] элементі B[I] = 3, онда оны B[I] = 2*B[I]

Алгоритмі:

алг есептеу (арг нақ кес В[1:9], нәт нақ S,P)

басы бүтін І

енгізу В

S:=0; P:=1

І үшін 1-ден 9-ге дейін

цб

таңдау

егер B[I] < 3 онда P=P* B[I]

егер B[I] > 3 онда S=S+ B[I]

егер B[I] = 3 онда B[I] = 2*B[I]

бітті

цс

шығару В,P,S

соңы

Бағдарламасы:

program mass;

var b: array [1..9] of real;

i: integer;

s,p: real;

begin

for i:=1 to 9 do

readln (b[i]);

s:=0; p:=1;

for i:=1 to 9 do

begin

if b[i]<3 then p:=p*b[i];

if b[i]>3 then s:=s+b[i];

if b[i]=3 then b[i]:=2*b[i];

end;

writeln ('p=',p, 's=',s, 'b[i]=',b[i]);

end.

ІІІ - деңгей

А кестесі берілген. Кестенің максимал және минимал элементтерінің орындарын ауыстыру.

Математикалық қойылымы:

Берілгені: А кестесі берілген.

Қажет: Кестенің максимал және минимал элементтерінің орындарын ауыстыру.

Байланыс: a) егер A[I] >MAX онда MAX=A[I];K1=I

ә) егер A[I] онда MIN=A[I]; K2=І

Алгоритмі:

алг ауыстыру (арг бүт N, нақ кес А[1:N], нәт нақ кес А[1:N])

басы бүтін І

енгізу N,A

MAX:= А[1]; K1:=1

MIN:= А[1]; K2:=1

үшін І бастап 2 дейін N

цб

таңдау

егер A[I] >MAX: MAX:=A[I]; K1:=I

егер A[I] K2:=І

бітті

цс

А[K1]:=MIN; А[K2]:=MAX

шығару A

соңы

Алынған нәтижелерді бірігіп талдайды.

4. Білімдерін бағалау

5. Сабақты қорытындылау.

6. Үй тапсырмасын беру. 1,2 есептер.

1.10. Жиымдар тақырыбын оқу.


© 2010-2022