Сурет үзінділерімен іс - әрекет орындау

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Сурет үзінділерімен іс - әрекет орындау

Сабақ мақсаты: А) Оқушыларды информатика пәнімен, графикалық редактор ұғымымен таныстыру. Сурет үзінділерімен іс -әрекетті орындауды үйрену

Б) Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. В) Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.

Сабақ көрнекілігі: АКТ

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Сабақ әдісі: Практикалық сабақ

Сабақ типі: Практикалық сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Практикалық жұмыс

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру

Үзіндіні жылжыту және көшіру.

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Түзету (Правка) менюінің Қиып алу (Вырезать) немесе Көшіру (Копировать) командаларының бірін пайдалануға болады. Вырезать командасын таңдағанда, Paint программасы үзіндіні суреттен алып (жойылады), алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасын орындаса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналастырылады.

Суреттің үзіндісін көшіру үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение Сурет үзінділерімен іс - әрекет орындау батырмасына шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

  2. Правка-Копировать командасын орындаңдар.

  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар.

Суреттің үзіндісін жылжыту үшін:

  1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение Сурет үзінділерімен іс - әрекет орындау батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер.

  2. Правка-Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді (жойылады).

  3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады.

  4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар.

Практикалық жұмыс:

№1

1.Суретке «Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер.Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.

№2.

  1. Көбелектің суретін салыңдар.

  2. Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

  3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

  4. Әр өзгертуді жазып, белгілеңдер. Мысалы «30 градусқа бұру».

  5. Суретті сақтаңдар.

№3. Үзіндіні шағылдырып бейнеле және әр түрлі бағытта бұрып сал.

Бұл тапсырмада бір жапырақты салып, содан кейін оны бірнеше рет көшіру керек, аяққы композицияны алу үшін, қажет бағытта бұрып суретке орналастыру керек. Әр түрлі нұсқалар болуы мүмкін.

Үйге тапсырма : Оқулықтағы 146 - беттегі тест .

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар



© 2010-2022