• Преподавателю
  • Информатика
  • Методические указания по выполнению лабораторно-практических заданий по дисциплине Прикладная информатика для специальности Техническое обслуживание и ремонт автомобилей

Методические указания по выполнению лабораторно-практических заданий по дисциплине Прикладная информатика для специальности Техническое обслуживание и ремонт автомобилей

Практикалық жұмыс №2 Тақырыбы: ОЖде папкалармен және файлдармен жұмыс жасау   Мақсаты: Windows операциялық жүйесінде папкалармен және файлдармен жұмыс жасап үйрену, папкалармен және файлдармен жұмыс жасауда білімдерін тереңдету   Теориялық негіздеме: Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады ж...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы:

ОЖде папкалармен және файлдармен жұмыс жасау

Мақсаты: Windows операциялық жүйесінде папкалармен және файлдармен жұмыс жасап үйрену, папкалармен және файлдармен жұмыс жасауда білімдерін тереңдету


Теориялық негіздеме:

Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы - қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне - клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Папкалар - бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, папка - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows папакалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде папканы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын папкапен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар Папкаларда сақталады. Папканың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Папканың пиктограммасы болуы мүмкін. Папкаларда таңбашалар, файлдар және басқа Папкалар да болуы мүмкін. Папка бос болуы да мүмкін. Папката аты бірдей объектілер болмауы керек. Папканың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Папкалар екі түрлі болады:

- кәдімгі папка - каталогтар;
- арнайы папкалар (Менін компьютерім, принтерлер және т. б.)

Папкаларды құру оның құрылымы:
Папка элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы. Қажет элементтер жиынын Бұл мына жолмен таңдауға болады: Түр - Құрал - Саймандар және Түр Қалып күй жолы.

Терезеде жаңа папка құру:

Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің Папкалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа папка белгішесі болады. Папканың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.СоздатьПапка аты

Жұмыс үстелінде жаңа папка құру:
Жұмыс үстелінің жаңа папкаты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде папка белгішесі пайда болады.
Папканың атын енгізіп, енгізу пернесін басу.
Танбаша - бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, Объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі
Немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows қандай да бір объектіге: файлға, папкаға, дискіге, компьютерге, принтерге т. б сәйкес келеді.

Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе Папканың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей.

Папкаларды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орыннан жоқ болып кетеді.

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту
Объектілерді жылжытуда ''апарып қою'' әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын командаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows'98 - дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері - жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.
Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.
Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай - ақ Windows - тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.
Папкалардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл - Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

Жұмыстың орындалу реті:

А) Объектілерді жылжыту мен көшіру:

1. Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.
Объектіні Папканың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағыш объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орын жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады. Онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, таңбаша қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.

2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.
Тышқанның сол жақ батырмасымен объектіні жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелер қолдануға болады.

3. Жылжыту кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типі және оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі

4. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.
Объектілерді жабық папкақа көшіру және жылжыту
Объектілерді басқа Папкаларға бұл Папкаларды ашпай - ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық папкақа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын папка белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

Б) Объектілердің аттарын өзгерту:

1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

2. Белгіленген объектінің папка терезесінің менюдегі Файл - Переименовать командасын орындау

3. Объектіні белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

4. Объектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңа жазу
Папкаларды, файлдар мен таңбашаларды жою

В) Объектіні немесе объектілер тобын жою:

1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу

4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару



Бақылау тапсырмалары

1.Жаңа папка құру;

2.Файлды, папканы көшіру;

3.Файлдардың,папкалардың орындарын ауыстыру;

4.Файлдың және папканың атын өзгерту;

5.Файлдарды және папкаларды өшіру;

6.Өшірілген объектілерді қайта қалпына келтіру және біржолата жою операциялары.

Әдебиеттер

  1. Информатикадан 30 сабақ. Жаңа ақпараттық технологиялар./Балапанов Ж.С., Алматы

  2. Практическая информатика/ Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. - М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.

  3. Специальная информатика/ Симонович С., Евсеев Г.- М.:Аст-Пресс; Инфорком-Пресс, 2000г.

  4. Вычислительные технологии/ ред. Ю.Н. Шокин- ин-т Вычислительных технологий Сибирского отделения Рос. академии наук - 2000,2003г.


© 2010-2022