Операциялық жүйелер, операциялық жүйелердің жіктелуі

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
№201 орта мектеп -лицей информатика пәнінің мұғалімі Баймаханова Назерке

Сыныбы: 7
Пәні: информатика
Тақырыбы: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары
Мақсаты:
 өткен тақырып бойынша анықтамалар мен атауларды еске түсіру, түсіндіру;
 компьютердің аппараттық жабдықтамасының түрлерін төртбұрыштарға ретімен тіркеу, байланысын көрсету, жіктеу, түсіндіру;
 операциялық жүйе түрлеріне жоспар құру, салыстыру, дәлелдеу.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Оқыту және оқу үшін бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.
Стратегиялар: «Кездесу», «Өрмекші торы», «Елсіз арал», «Салыстыру картасы» , «Екі жұлдыз, бір тілек».
Кіріспе
Сабаққа дайындық (сергіту сәті, топпен жұмыс
Өткен тақырыпқа шолу
Тұлға аралық байланысты орнату.2 мин.
«Кездесу» стратегиясы
Топқа бөліну 3 мин.
Оқушыларды 3 топқа бөлінеді.
Топ ұстанымын ескеру
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
"Өрмекші торы" стратегиясы
Оқушылар бір - біріне жіпті беріп, сұрақ қояды. Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама -қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, жақсы қасиетін айтады.
Топқа бөлінеді.
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтарына жауап береді.
Ауызша бағалау
АКТ
трубочкалар
Жаңа материалдың таныстырылымы
Жаңа тақырып
"Елсіз арал" стратегиясы 5 мин
Жоғары деңгейде "Компьютердің аппараттық жабдықтамасы" орналасқан Оның жұмыс істеуі үшін бағдарламалық жабдықтама керек, оның схемасын пирамида - сарай түрінде көрсетілген. Оқушылар өздеріне таныс қолданбалы және бағдарламалау жүйелерінің бағдарламаларының аттарын сәйкес төрбұрыштарға жапсыруы керек.
Түрткі сұрақ:
Компьютердің аппараттық жабдықтамасы жұмыс істеу үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
Бейнетаспа көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс 6 мин
1. Дербес компьютерде неліктен операциялық жүйе маңызды рөл атқарады?
2.Қазіргі операциялық жүйелер қолдануға ыңғайлы ма?
3.Драйверлердің рөлі неде?
Жеке оқушы
Компьютер бағдарламарын жинақтау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі.
Рөлге бөліп оқиды
Жұптық және топтық жұмыс
жақсы жауап берген топқа немесе оқушыны ынталандыру /СЫЙЛЫҚ/
Сурет АК оқулық
Жаңа материалды тәжірибеде қолдану
Тапсырмалар Салыстыру картасы 10минут
Қосымша мәлімет беріледі.
MS Dos және Windows операциялық жүйелерінің даму тарихын салыстырып, түсіндіреді.
Операциялық жүйенің екі түрінің даму тарихын постерге салып, салыстымалы түрде көрсетіп түсіндіреді.
Өзара бағалау
Постер, маркер,
Жеке оқушыға дербес компьютерде өздік жұмыс тапсырма беріледі
Бағалау өлшемдері:
1.АКТ білуі
2.Алған білімін тәжірибеде қолдана алуы
3.Өз ойын жеткізе алуы
Қорытынды
Рефлексия
4 мин
Сабақтан алған әсерлері мен
көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдын Екі жұлдыз, бір тілек
әдісі бойынша талқылау
Үй тапсырмасын беру.



© 2010-2022