- Преподавателю
- Информатика
- Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбыстарды слайдтарға кірістіру
Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбыстарды слайдтарға кірістіру
Раздел | Информатика |
Класс | 12 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Нарбекова Ж.С. |
Дата | 16.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Пән: информатика. Пән мұғалімі: Нарбекова Ж.С
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбыстарды слайдтарға кірістіру.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін ұйымдастыра алу жөлдарын үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Мазмұнды қамтуға байланысты міндеттер:
-
Power Point бағдарламасында мәтін, кесте тұрғызуды игереді;
-
Power Point бағдарламасында суреттерді, бейнені слайд беттеріне кірістіру командаларын анықтайды;
-
Power Point бағдарламасында дыбыстарды слайдтарға енгізуді игереді.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттер:
-
Тақырып туралы өз ойларын ұсынады;
-
Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін үйренеді;
-
Тақырыпқа байланысты топтастыру құрастырады;
3. Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер:
-
Кесте құру командаларын талқылайды;
-
Өз білімдерін қолдана алады;
-
Қорытынды шығарады;
-
Өз білімдерін постерге түсіреді.
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ЖигСО немесе құрастыру, топтастыру, Блум жүйесі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
-
Құралдар: компьютер, проектор, маркер, А1 форматындағы қағаз.
-
Көрнекіліктер: дербес компьютер, слайды көрсетілімдері, қима- қағаздар, мәтіндік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Күтілетін нәтиже: Мәтіндік редакторда кесте құру жолын игеріп, оған мәтін енгізе отырып оны пішімдеу жолдарын біліп,кесте құруды басқа бағдарламалардада пайдалана алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ./1-2 мин/
Ойын: «Мысық және тышқан» Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мысық тышқанды қуалайды. Ойыншықтарды қолма-қол жүгіртіп мысық тышқанды ұстау керек. Егер тышқанды кім ұстатса сол оқушы өз өнерін көрсетеді. Ән, би, өлең, жұмбақ, жаңылпаш т.б.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді./1 мин/
Миға шабул: /2-3 мин/
-
Құжатты ашу командасы?
-
Құжатты жабу командасы?
-
Құжатты сақтау командасы?
-
Құжатты баспаға беру командасы?
-
Мәтінді көшіру командасы?
-
Мәтінді қою командасы?
-
Слайды көрсету батырмасы?
-
"ESC" батырмасының қызметі?
ІІІ. Мағынаны ажырату.
Бірлесіп қауымдасып жұмыс істеу. ЖигСО әдісі бойынша /жанұя, жұмысшы тобы/. Мәтінмен танысу.
-
Мәтін 2-ге бөлінген.
-
Сол бөлімге байланысты 1,2-деп оқушылар нөмерленеді.
-
Екі бөлім екі оқушыға беріледі. /жанұя тобы 1,2 /
-
Оқиды, уақыт беріледі. /.. мин./
-
Оқушылар нөмер бойынша топтасады, /жұмысшы тобы 1+1/
-
Топтар тақырыпты талқылып, постерге түсіреді.
-
Мәтінді қорғайды.
-
Жанұя тобына оралады.
Блум жүйесі:
Деңгейі
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Оқушының іс-әрекеті
Білім
І деңгей
ТОПТАСТЫРУ/2 мин/
І топ. Power Point бағдарламасын іске қосу командасын топтастыр.
ІІ топ. Power Point бағдарламасының меню жолындағы командаларды топтастыр.
Оқушы берілген сұрақ бойынша топтастыру құрады.
Түсіну
ІІ деңгей
Өтіліп отырған жаңа тақырыпты түсіну. /12 мин/
Жаңа сабаққа байланысты 2-ге бөлінген мәтін таратылады.
Жаңа ақпаратты есте сақтау.
Постер дайындайды және топ ішінен оқушылар қорғайды.
Қолдану
ІІІ деңгей
Дербес компьютерде тапсырмалар жүйесін орындайды. /15 мин/
№1 тапсырма.
№2 тапсырма.
Талдау
IV деңгей
Алған білімін салыстыру, нені есте сақтау керегін түсіну ең мәндісін білу. /3 мин/
-
Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері қандай? бұл мүмкіндіктер сенің ойынша қаншалықты, неліктен қажет?
Берілген сұрақтар бойынша қысқаша жауап береді.
Жинақтау
V деңгей
Батырмалардың қызметін айтып қорғау. /5 мин/
Бағалау
А-критерий
1. Power Point бағдарламасында мәтін енгізуді, кесте құру, сурет қою командаларын білдім- 1 ұпай.
В-критерий
-
Дербес компьютерде слайд жасау барысында мәтін енгізіп, кесте құрып, сурет қоюды үйрендім- 2 ұпай.
С-критерий
-
Дербес компьютерде слайд жасау барысында мәтін енгізіп, кесте құрып, сурет қоюды, дыбыс енгіздім және кез келген жерде бұл командаларды пайдалана алам- 2 ұпай
Критерий бойынша бағалау.
Рефлекция /2 мин/ Кері байланыс парағы «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?»
1 тапсырма.Салйдқа мәтін енгіз және кесте құр.
Презентацияға мәтін (надпись) енгізу үшін Вставка -Надпись (кірістіру-мәтін) командасын орындай отырып презентацияның кез келген жеріне мәтін енгіземіз.
Презентацияға кесте құру үшін Вставка менюінен Таблица (Кесте) батырмасын шертіп баған мен жолдын санын көрсетіп ОК батырмасын басамыз.
Тақырып: Ақпарат
Ақпарат өлшем бірліктері
Бит
0,1
Байт
8 бит
Килобайт
1024 байт
Мегабайт
1024 кбайт
Гигобайт
1024 мбайт
2 тапсырма. Слайдқа сурет және дыбыс енгіз.
Презентацияға сурет кірістіру үшін Вставка -Рисунок командасын орындаймыз.
Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлдарды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
-
Вставка-Фильм м звук -Звук из файла менюі пунктін таңдаңыз.
-
Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлеріңде сақталған дыбыстық файлдардың бірін таңдайсыз.
1 тапсырма.Салйдқа мәтін енгіз және кесте құр.
Презентацияға мәтін (надпись) енгізу үшін Вставка -Надпись (кірістіру-мәтін) командасын орындай отырып презентацияның кез келген жеріне мәтін енгіземіз.
Презентацияға кесте құру үшін Вставка менюінен Таблица (Кесте) батырмасын шертіп баған мен жолдын санын көрсетіп ОК батырмасын басамыз.
Тақырып: Ақпарат
Ақпарат өлшем бірліктері
Бит
0,1
Байт
8 бит
Килобайт
1024 байт
Мегабайт
1024 кбайт
Гигобайт
1024 мбайт
2 тапсырма. Слайдқа сурет және дыбыс енгіз.
Презентацияға сурет кірістіру үшін Вставка -Рисунок командасын орындаймыз.
Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлдарды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
-
Вставка-Фильм м звук -Звук из файла менюі пунктін таңдаңыз.
-
Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлеріңде сақталған дыбыстық файлдардың бірін таңдайсыз.