Киелі сандар ғылыми жоба

Шарипова Лена-Атырау облысы Қызылқоға ауданы,Қарабау селосы, Қарабау орта мектебінің І санатты информатика пәнінің мұғалімі А б с т р а к т Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату. 2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланағанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру. Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер: - киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау; - зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу; - жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру; - маңыздылығын анықтау; - электронды нұсқасын әзірлеу. Зерттеу жұмысының кезеңдері:І – теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, ғаламтордан қарау. ІІ – практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру. ІІІ – бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау. Зерттеу әдістері:1. Тарихи - салыстырмалық талдау. 2. Бақылау әдісі (анкета) 3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі. Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады. Жоспары: I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1Киелі сандар сыры 2.2Сандар сөйлейді 2.3Мақал- мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу 2.47 санына байланысты қазақ аспаптары 2.5Санмен басталатын адамдардың есімдері және жер-су атаулары ІІІ. Қорытынды Кіріспе 1. Киелі сандар сыры туралы «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дегенмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз. 1. 1 Киелі сандардың қасиеті Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. [1] Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады. Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстармалы - тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы, жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас. «Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралап, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді. Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады. Сандар сыры. Математика ғылымы Қызықтырды біздерді Сандар сырын ұғуға Шақырамыз сіздерді. Білмеймін деп қысылма Талабың болса бойыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. «Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік – бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі. Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау. Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеудің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды. Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7). Олар сандардың жоғарыдағы сипаттамасына қосымша мынадай анықтамалар береді: БІР – тәуелсіздік пен жетістік; ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас; ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы; ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу; БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік; АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер; ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық; СЕГІЗ – ақша мен билік; ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам. ҚЫРЫҚ – бак, дәулет. 2.2Сандар сөйлейді Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма? Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. 40санын халқымыз Бақ дәулетке балаған Талай дәстүр салтымыз Осы атаудан тараған.3 саны туралыҮш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы. Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз. Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым 4 саны туралы Төрт тұлға: от, су, жер, жел Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран 5 саны туралыБес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма Бес жаман мен бес асыл: Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой Бес асыл іс көнсеңіз.7 саны туралы 1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе. 2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды. 3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды. Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз. 4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар. 5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді. 6. Жеті санына байланысты асыл сөздер: Жеті жетім: Тыңдалмаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу - қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім Замандасы қалмаса Бәрінен де сол жетім. Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы. Жеті ата: Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата. Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: Жерде өлшеуіш жоқ, Аспанда тіреуіш жоқ, Таста тамыр жоқ, Тасбақада тамақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ. Жеті қат көк: Меркурий, Шолпан, Күн, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран. Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады: 1. Дәрісләм – қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – күмістен. 3. Жәннатіл нағим – замруттан. 4. Жәннатіл ғадин – лағылдан. 5. Жәннатіл мәғуй – гауһардан. 6. Дәрін нақар – нұрдан. 7. Жәннатіл фердәуіс – зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла – алтыннан. Сегіз адамға жұмақ лайық: 1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге. 8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге. Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер: 1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» кәлимасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар. [3]9 саны туралы 9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідей түсінік бар. 1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды. 2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған. 3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды. 4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі. 5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі. 6. 9 - дың символы – темір немесе қару жасайтын темірлер. 7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы. 8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді. Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Он түрлі жаман: Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті. Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті. 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман. 13 саны туралы Осы жұрт 13 - тен неге шошиды? Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды. Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды. 13 жылда мүшел жас келіп отырады. 13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға 12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.[5] Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында. Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ. Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ. Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ. 666 – ең қорқынышты сан Әлемді әсіресе батыстықтарды дір еткізетін санның бірі 666 саны. Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатынасы шамалы. 666 - ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 6 саны еркіндіктің ешкімге еш нәрсеге бас имейтін асау сан екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.Шехеризада саны. Бұл Шехеразаданың әйгілі 1001 саны. 1001 саны немен ерекшеленеді? Бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. Бұл сан қалдықсыз 7 - ге, 11 - ге, 13 - ке бөлінеді, яғни, ол осы үш жай сандардың көбейтіндісі болып табылады. 1001= 7 × 11 × 13 мұнда таңданарлықтай ештеңе жоқ. Таңданарлық жай мынау: осы санға үш орынды санды көбейткенде, көбейткен санның өзінен тұратын, тек екі рет қайталанатын нәтиже шығады. Мысалы: 873 × 1001 = 873 873 207 × 1001 = 207 207 2.3Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың сырын ашу Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді. Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер және тағы басқалары мақал-мәтелдердің қорын көбейтіп отырады.[12] Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз». «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз». Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі – аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір тақырыбы – еңбек пен кәсіпке арналған. Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-мәтелдердің маңызы зор. Мақал-мәтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, әсіресе, 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы: Бір мылтықтың аузына, Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді. Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады: 1. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар. 2. Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер. 3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер. Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген. Бір жетіде жеті күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде ән күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сәрсенбі күні кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген. Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын ерекше құрмет тұтқан.Аяғы ауыр әйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған. Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, әрі қарайғы мүшелі 12 жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді – қатерлі жыл деп санаған. Өлең жолдары, мақал-мәтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып отырғандықтарын байқаймыз. Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер. Мақал-мәтелдерде киелі сандар әртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты түрінің бірі – есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша деген сұрақтарға деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді. Есептік сан есімдерде –ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан есімдер жасалады. Мысалы: Айла – алтау, ақыл – жетеу. Адам баласы қанша жерден айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп, ақылды болуға шақырады. Бұның тәрбиелік мәнінің зор екендігі аңғарылады. Бас екеу болмай, Мал екеу болмайды. Ажал ақымақ үшін алтау, Ақылды үшін біреу. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, Жетеумін деме, сегізге жолығасың, - деп ақылдандырады. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке шақырады. Төмендегі мақал-мәтелдердегі бір саны сандық мәнін жоғалтып, белгісіз есімдік (біреу) ретінде қолданылып жүр. Біреудің бойы аласа, Біреудің ойы аласа. Біреуге мал қайғы, Біреуге жан қайғы. Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді. Біреуге пышақ оқтама, Қара пышақ қарыс ұзарады, - деп болатын әртүрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден сақ болу керек екендігін ескертеді. Бұндай ақыл-кеңестер есте сақталып қалады, балаларды тәрбиелеуге септігі тиеді. Есептік сан есім тұрғысындағы киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер: Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді. Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды. Он екі мүшең сау болса, Жаралымын деме, Он саусағың сау болса, Дәулет емес немене, - деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады. Лиро-эпостарда 12 киелі санына байланысты кездесетін жолдар: Үлкендігі басының Он екі қарыс қазандай (Қамбар батыр) Орай да орай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан. (Қобыланды батыр) Он екі айдың жартысы жаз болады, Жаз белгісі үйрек пен қаз болады. (Қозы Көрпеш – Баян сұлу) Сондай-ақ, 12 санына байланысты тағы да: «Он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ», «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген де сөз тіркестері бар. Реттік сан есімдер заттардың саналу ретін білдіріп, нешінші, қаншасыншы деген сұрақтарға жауап береді де, -ыншы, -інші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақ жаулық, Үшінші байлық – он саулық. Қашан да адам баласы үшін денсаулық – байлықтың ең негізгісі екенін, денсаулықсыз ешқандай ісіміздің алға баспайтынын айтса, үйдің ішіндегі құт-береке әйелге байланысты болатындығына мән бере келе, қойды төрт түліктің алды деп санағандығын көрсетеді. Еңбек – адамның екінші анасы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.[14] Мақал-мәтелдердегі сан есімдер жалғаудың түрлерін (септік, жіктік, тәуелдік) қабылдайды: Қырықтан артық жас жоқ, Қымыздан артық ас жоқ. Елу – ердің жасы, Алпыста ел ағасы, - дейді халық. Елу-алпыста ақыл тоқтатып, еліңнің, халқыңның қамын, жағдайын, болашағын ойлайтын уақытың, шынығып, қайрат-күшіңнің шыңдалатын уақыты. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүрген, сол көшпенділіктің өзі қазақ халқын шыңдаған, күш-қуатын жетілдіре түскен. Отызында орда бұзбасаң, Қырқыңда қыр аспассың. Қырықта – қылаң, елуде – елес. Мыңның түсін білгенше, Бірдің атын біл. Бір ақымақтан – мыңға зиян, Мың ақымақтан – он мыңға. Бірдің кесірі мыңға, Мыңның кесірі түменге. Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген ойдың мәнісі осында. Тоқсанымыз жиылып, Тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жабылып, Серке жыққан батырмыз. Сегізбін деме, – тоғызға жолығарсың, Тоғызбын деме – доңызға жолығарсың, - дейді. Күйеу жүз жылдық, Құда мың жылдық. Қазақ халқы ағайын, туған-туысқанын сыйлап, дәріптеп келген. Құда-жекжаттың, күйеу, жиен, нағашылардың алатын орындары ерекше. Бұл мақал арқылы үрім-бұтақтың, құда-жекжаттың бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріні-бірі сыйлап өткендігін көрсетеді. Халық даналығы, байлығы – мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор. Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді. 2.47 санына байланысты қазақ аспаптары Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары- сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған. Жетіген -қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. 2.5 Санмен басталатын адамдардың есімдері және жер-су атаулары Тоқсанбай Құлтумиев (1933, Атырау облысы, Қосшагыл а. - 1964) - белгілі домбырашы, әуесқой сазгер. Құрманғазының шығармаларын шебер орындаушы, насихаттаушы. Оның бірнеше күйлері, «Анашым», «Жазыңмен өмірімді жылытшы», «Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы» әндері жұртшылык көңілінен шыққан шығармалар. «Аманат» (1965) атты шығармалар жинағы жарық көрді. [1] Тоқсанбай Құлтумиевтің атында Жылыойда саз мектебі және халықтық ұлт-аспаптар бар. Арыстанғалиев Алтыбай (15.5.1948 жылы, Атырау облысыҚызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы – 21.8. 2007 жылы, сонда) – еңбек ардагері. Мәскеу Қазіргі заман гуманиталық институтының Атырау бөлімшесін сырттай бітірген (2005 жылы). 1965 – 84 жылдары “Қызыл Ту” кеңшарында трактор жүргізуші, бригадир болды. 1984 – 97 жылдары осы шаруашылықта ферма меңгерушісі, 1997 – 2003 жылдары “Айбар” шаруа қожалығының төрағасы, 2003 – 06 жылдары “Жас қайрат” АҚ-ның президенті болған. 2007 жылдан Тайсойған ауылдық округінің әкімі болды. Ол қой тұқымын асылдандыру бағытында көп жұмыстар атқарған. Арыстанғалиев “Атыраулық” етті-майлы елтірілі қаракөл қой тұқымы авторларының бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005 жылы).[1] Қырықбай Бекбаев -1937 жылы 10 қарашада Жайық бойындағы Есбол ауылдық советіне қарасты №11 ауылда дүниеге келіп, 1956 жылы махамбет орта мектебін бітірді. Қырықбайдың балалық балауса шағы да Ұлы Отан соғысының зобалаңына тап келді. Ел көрген қиыншылықты ол да бір кісідей бастан кешті. Елді мекендер : «Үштұрба» - Атырау облысы, Жылой ауданы, Қосшағыл ауылының елді мекені. «Ақ үш там»- «Төртқұдық» - Атырау облысы , Қызылқоға ауданына қарасты ,Төртқұдық қыстағы 4. Қорытынды Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету. Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім. 1- жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді. 2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін. Қатысқан 8 «а» сыныбы, барлығы 16 оқушы. 4. 1 Практикалық кезең Сауалнама: 1. Қасиетті сандар туралы білесің бе? а) иә ә) жоқ 2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің? а) ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден 3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ? а) иә ә) жоқ 4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе? а) иә ә) жоқ 5. Қандай қасиетті сандар білесің? Сауалнама қорытындысы: 1. иә -16 оқушы 2. ата-анадан – 6 оқушы мұғаліммен – 10 оқушы 3. Иә - 5 оқушы Жоқ – 11оқушы 4. «7 саны» - 13 оқушы «3 саны» - 10 оқушы «4 саны» - 16 оқушы Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың білімі бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты. Ал балардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді Пайдаланылған әдебиеттер: Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.2. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы 2001 ж. 3. Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері. Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. А. , 2001 ж. – 28 б. 4. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский 5. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003. - 28-33- б. 6. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы 7.Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987 8. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б. 9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. - 256 б. 10.Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И. Көкенова Ж. Алматы – 1974ж 11. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002 12. Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы, Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б. 13.Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 б 14. Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары. –Алматы, Білім.2006 ж. 36-б
Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А б с т р а к т

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:
1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланағанын дәлелдеу. Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
І - теориялық. Көтерілген мәселе төңірегіндегі әдебиеттермен танысу. Сайт, ғаламтордан қарау.
ІІ - практикалық. Кесте толтыру, дерек сөздерін салыстыру.
ІІІ - бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама дайындау.
Зерттеу әдістері:
1. Тарихи - салыстырмалық талдау.
2. Бақылау әдісі (анкета)
3. Тірек сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы:
Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады.



Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1 Киелі сандар сыры

2.2 Сандар сөйлейді

2.3 Мақал- мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу

2.4 7 санына байланысты қазақ аспаптары

2.5 Санмен басталатын адамдардың есімдері және жер-су атаулары

ІІІ. Қорытынды







Кіріспе

1. Киелі сандар сыры туралы


«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дегенмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.

1. 1 Киелі сандардың қасиеті

Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. [1]
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады.
Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады. Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстармалы - тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы, жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас.
«Сандар сыры» атты жобада бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралап, орнына, маңызына сай қолданылды. Әр санда өзіндік кие болатыны, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болатыны көрсетілді.
Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады, пәндік білімін тереңдетеді, оқушылардың ақыл - ойын кеңейтіп логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Сандар сыры.
Математика ғылымы
Қызықтырды біздерді
Сандар сырын ұғуға
Шақырамыз сіздерді.
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.

«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады. Пифагоршылар барлық сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі бүкіл әлем 1 санынан басталады. Бірлік - бүкіл әлемнің бастауы. Екілік өзімен бірге махаббат ала келеді, сонымен бірге тұрақсыздық әкеледі. Үштік қарапайым емес сан, себебі ол жоғарыдағы екі санның қосындысынан шықты. Ал, алты саны таңғажайып сан болып есептеледі. Себебі ол бұған дейінгі сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. Алтылық 1, 2, 3 сандарына бөлінеді. Жеті саны киелі де, қасиетті де сан болып есептеледі.
Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны - ар мен ұтыс, 2 - жеңілдік, 3 - өсу, 4 - өлім, 5 - жоқтық, 6 - байлық, 7 - белгісіздік, 8 - өркендеу, 9 - көп жасау.
Мәселен олар 28 - нөмерлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 өркендеудің, алға жылжудың жоқтығын білдіреді дейді. Олар 4 санынан өлердей қорқады екен, бірақ 48 - ге жуық деген құрметтері ерекше, шамасы «өлердей ақша» дегенді білдіретіндіктен болар. Тіпті 2828 нөмерлі үйдің құны қанша шарықтап тұрса да оны сатып алушылардың санында шек болмайды.
Егер сіздің үйдің нөмері 2457 болса, онда өміріңіз шат - шадыман (2), дегенмен шектелу де бола қоймайды (4). Өзгеріс көп болғанымен (5), білімділігіңіз, даналығыңыз сізді биіктетіп тұрады (7).

Олар сандардың жоғарыдағы сипаттамасына қосымша мынадай анықтамалар береді:
БІР - тәуелсіздік пен жетістік;
ЕКІ - әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;
ҮШ - шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;
ТӨРТ - шектелу, бір орында қалу;
БЕС - жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;
АЛТЫ - қызмет, үй, түрлі міндеттер;
ЖЕТІ - талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;
СЕГІЗ - ақша мен билік;
ТОҒЫЗ - махаббат, берік байлам.
ҚЫРЫҚ - бак, дәулет.


2.2 Сандар сөйлейді

Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?
Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
40санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаудан тараған.

3 саны туралы
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет
Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.
Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым



4 саны туралы
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил
Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету
Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран

5 саны туралы
Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма
Бес жаман мен бес асыл:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.

7 саны туралы
1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.
2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.
3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.
Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.
4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.
5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.
6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:
Жеті жетім:
Тыңдалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына:
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,
топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада тамақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Жеті қат көк:
Меркурий, Шолпан, Күн, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран.

Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:

1. Дәрісләм - қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар - күмістен. 3. Жәннатіл нағим - замруттан. 4. Жәннатіл ғадин - лағылдан. 5. Жәннатіл мәғуй - гауһардан. 6. Дәрін нақар - нұрдан. 7. Жәннатіл фердәуіс - зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла - алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер:
1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» кәлимасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар. [3]

9 саны туралы
9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідей түсінік бар.
1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.
2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.
3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.
4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.
5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.
6. 9 - дың символы - темір немесе қару жасайтын темірлер.
7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.
8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.

Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл - пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы.
2. Мекайіл - барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.
3. Әзірейіл - барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл - ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште.
5. Дардайыл - ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл - жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл - қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл - барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік - жеті тозақтың уәкілі.
Он түрлі жаман:

Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.

13 саны туралы
Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?
Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға
12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.[5]
Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.
Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ.
Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ.
Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ.


666 - ең қорқынышты сан
Әлемді әсіресе батыстықтарды дір еткізетін санның бірі 666 саны.
Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатынасы шамалы. 666 - ның соншалықты жексұрын болуына 6 санының мінезінің жамандығы жазықты. 6 саны еркіндіктің ешкімге еш нәрсеге бас имейтін асау сан екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке айналмақ.
Шехеризада саны.
Бұл Шехеразаданың әйгілі 1001 саны. 1001 саны немен ерекшеленеді? Бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. Бұл сан қалдықсыз 7 - ге, 11 - ге, 13 - ке бөлінеді, яғни, ол осы үш жай сандардың көбейтіндісі болып табылады. 1001= 7 × 11 × 13 мұнда таңданарлықтай ештеңе жоқ. Таңданарлық жай мынау: осы санға үш орынды санды көбейткенде, көбейткен санның өзінен тұратын, тек екі рет қайталанатын нәтиже шығады.
Мысалы: 873 × 1001 = 873 873
207 × 1001 = 207 207

2.3 Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың сырын ашу

Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.
Уақыт озған сайын мақал-мәтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер және тағы басқалары мақал-мәтелдердің қорын көбейтіп отырады.[12]
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: «Мақал - үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз». «Мәтел - тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз».
Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі - аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық - жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір тақырыбы - еңбек пен кәсіпке арналған.
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-мәтелдердің маңызы зор.
Мақал-мәтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, әсіресе, 1 сан есімі көп кездеседі. Мысалы:
Бір мылтықтың аузына,
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.
2. Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер.
3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер.
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары және соларға байланысты ырымдар жатады. Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген.

Бір жетіде жеті күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде ән күнге арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сәрсенбінің сәтті күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сәрсенбі күні кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп «жетіге келгенше жерден таяқ жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын ерекше құрмет тұтқан. Аяғы ауыр әйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған.
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, әрі қарайғы мүшелі 12 жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді - қатерлі жыл деп санаған. Өлең жолдары, мақал-мәтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып отырғандықтарын байқаймыз.
Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын береді. Бұлар - ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.
Мақал-мәтелдерде киелі сандар әртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты түрінің бірі - есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша деген сұрақтарға деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді.
Есептік сан есімдерде -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан есімдер жасалады. Мысалы: Айла - алтау, ақыл - жетеу. Адам баласы қанша жерден айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп, ақылды болуға шақырады. Бұның тәрбиелік мәнінің зор екендігі аңғарылады.
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.

Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың, - деп ақылдандырады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - деп ауызбіршілікке шақырады.
Төмендегі мақал-мәтелдердегі бір саны сандық мәнін жоғалтып, белгісіз есімдік (біреу) ретінде қолданылып жүр.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.

Біреуге пышақ оқтама,
Қара пышақ қарыс ұзарады, - деп болатын әртүрлі жамандықтардан, қауіп-қатерден сақ болу керек екендігін ескертеді. Бұндай ақыл-кеңестер есте сақталып қалады, балаларды тәрбиелеуге септігі тиеді.
Есептік сан есім тұрғысындағы киелі сандарға байланысты мақал-мәтелдер:
Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада.
Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды.
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса,
Дәулет емес немене, - деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана денсаулықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.
Лиро-эпостарда 12 киелі санына байланысты кездесетін жолдар:
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай (Қамбар батыр)

Орай да орай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан. (Қобыланды батыр)

Он екі айдың жартысы жаз болады,
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады. (Қозы Көрпеш - Баян сұлу)
Сондай-ақ, 12 санына байланысты тағы да: «Он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ», «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген де сөз тіркестері бар.
Реттік сан есімдер заттардың саналу ретін білдіріп, нешінші, қаншасыншы деген сұрақтарға жауап береді де, -ыншы, -інші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады:
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.
Қашан да адам баласы үшін денсаулық - байлықтың ең негізгісі екенін, денсаулықсыз ешқандай ісіміздің алға баспайтынын айтса, үйдің ішіндегі құт-береке әйелге байланысты болатындығына мән бере келе, қойды төрт түліктің алды деп санағандығын көрсетеді.
Еңбек - адамның екінші анасы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етуге баулиды, еңбекті екінші анаға теңейді.[14]
Мақал-мәтелдердегі сан есімдер жалғаудың түрлерін (септік, жіктік, тәуелдік) қабылдайды:
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Елу - ердің жасы,
Алпыста ел ағасы, - дейді халық. Елу-алпыста ақыл тоқтатып, еліңнің, халқыңның қамын, жағдайын, болашағын ойлайтын уақытың, шынығып, қайрат-күшіңнің шыңдалатын уақыты. Ата-бабамыз көшіп-қонып жүрген, сол көшпенділіктің өзі қазақ халқын шыңдаған, күш-қуатын жетілдіре түскен.
Отызында орда бұзбасаң,
Қырқыңда қыр аспассың.
Қырықта - қылаң, елуде - елес.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.

Бір ақымақтан - мыңға зиян,
Мың ақымақтан - он мыңға.

Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір жаман адамның кесірі мың адамға тиеді, мың адамды бүлдіреді деген ойдың мәнісі осында.
Тоқсанымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Сексеніміз жабылып,
Серке жыққан батырмыз.

Сегізбін деме, - тоғызға жолығарсың,
Тоғызбын деме - доңызға жолығарсың, - дейді.

Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Қазақ халқы ағайын, туған-туысқанын сыйлап, дәріптеп келген. Құда-жекжаттың, күйеу, жиен, нағашылардың алатын орындары ерекше. Бұл мақал арқылы үрім-бұтақтың, құда-жекжаттың бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріні-бірі сыйлап өткендігін көрсетеді.
Халық даналығы, байлығы - мақал-мәтелдердің еліміздің болашағы - жастарды тәрбиелеуде, ақыл-кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор. Ғылымымызға, тілімізге байланысты келіп қосылып жатқан жаңалықтарға, жаңа ағымдарға байланысты мақал-мәтелдер толықтырылып, өзінің қорын көбейте береді.

2.4 7 санына байланысты қазақ аспаптары

Киелі сандар ғылыми жобаЖеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары- сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап - сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.

Киелі сандар ғылыми жоба

Жетіген -қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген - жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, "Жетігеннің жеті күйін" шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 - 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

2.5 Санмен басталатын адамдардың есімдері және жер-су атаулары

Тоқсанбай Құлтумиев (1933, Атырау облысы, Қосшагыл а. - 1964) - белгілі домбырашы, әуесқой сазгер. Құрманғазының шығармаларын шебер орындаушы, насихаттаушы.

Оның бірнеше күйлері, «Анашым», «Жазыңмен өмірімді жылытшы», «Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы» әндері жұртшылык көңілінен шыққан шығармалар. «Аманат» (1965) атты шығармалар жинағы жарық көрді. [1] Тоқсанбай Құлтумиевтің атында Жылыойда саз мектебі және халықтық ұлт-аспаптар бар. Киелі сандар ғылыми жоба

Арыстанғалиев Алтыбай (15.5.1948 жылы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы - 21.8. 2007 жылы, сонда) - еңбек ардагері. Мәскеу Қазіргі заман гуманиталық институтының Атырау бөлімшесін сырттай бітірген (2005 жылы). 1965 - 84 жылдары "Қызыл Ту" кеңшарында трактор жүргізуші, бригадир болды. 1984 - 97 жылдары осы шаруашылықта ферма меңгерушісі, 1997 - 2003 жылдары "Айбар" шаруа қожалығының төрағасы, 2003 - 06 жылдары "Жас қайрат" АҚ-ның президенті болған. 2007 жылдан Тайсойған ауылдық округінің әкімі болды. Ол қой тұқымын асылдандыру бағытында көп жұмыстар атқарған. Арыстанғалиев "Атыраулық" етті-майлы елтірілі қаракөл қой тұқымы авторларының бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005 жылы).[1]

Қырықбай Бекбаев -1937 жылы 10 қарашада Жайық бойындағы Есбол ауылдық советіне қарасты №11 ауылда дүниеге келіп, 1956 жылы махамбет орта мектебін бітірді. Қырықбайдың балалық балауса шағы да Ұлы Отан соғысының зобалаңына тап келді. Ел көрген қиыншылықты ол да бір кісідей бастан кешті.

Елді мекендер :

«Үштұрба» - Атырау облысы, Жылой ауданы, Қосшағыл ауылының елді мекені.

«Ақ үш там»-

«Төртқұдық» - Атырау облысы , Қызылқоға ауданына қарасты ,Төртқұдық қыстағы

4. Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.
Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
1- жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.
2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін.

Қатысқан 8 «а» сыныбы, барлығы 16 оқушы.

4. 1 Практикалық кезең

Сауалнама:

1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?

Сауалнама қорытындысы:
1. иә -16 оқушы
2. ата-анадан - 6 оқушы
мұғаліммен - 10 оқушы

3. Иә - 5 оқушы
Жоқ - 11оқушы

4. «7 саны» - 13 оқушы
«3 саны» - 10 оқушы
«4 саны» - 16 оқушы

Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың білімі бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.
Ал балардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді




Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
    ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.

  2. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы 2001 ж.

  3. Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері. Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. А. , 2001 ж. - 28 б.

4. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
5. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003. - 28-33- б.
6. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы

7.Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
8. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. -Алматы, 2004, -565б.

9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. - Алматы: Ғылым, 1983. - 256 б.

10.Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И.

Көкенова Ж. Алматы - 1974ж

11. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
12. Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы,

Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б.

13.Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 б
14. Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу

жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің

шығармашылық жолдары. -Алматы, Білім.2006 ж. 36-б







21


© 2010-2022