Поурочный план на тему С++ программалау тілінде тармақталу операторын пысықтау

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: С++ программалау тілінде тармақталу операторын пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С++ тілінің операторларын ажырата және қолдана білу, олардың программада жазылу ерекшеліктерін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру , олардың өзіндік ойлау , шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ
Сабақта қолданатын әдістер: сұрақ - жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, кроссворды бар қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.

2. Өткен материалды қайталау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма.

6. Қорытындылау.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Тармақталу операторы дегеніміз не?

  • Тармақталу операторы қалай орындалады?

  • Тармақталу операторының жазылу форматы қандай?

Cабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Сынып екі топқа бөлінеді және топ капитандары сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Программалау» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз С++ программалау тілінен өткен тақырыптарды пысықтауға арналады.

Сайысымызға 8 Ә сыныбынан құралған 2 топ «Үздік программисттер» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8-сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

- Оқу ісінің меңгерушісі Сағындықова Н.Қ.

Мүшелері:

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Жунисбекова Г.А.

2. Математика пәні мұғалімі Сыздыкова Г.

3.Физика пәні мұғалімі: Мансурова А.

Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Сәттілік кезең.

2. Шешімін тап!

3. Ғажайып алаң.

4. Байқағыштығыңды байқат!

Енді сайысымызды бастаймыз.

1-кезең. "Сәттілік кезеңі" Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы - 5 ұпай.

«Алгоритм» тобының сұрақтары:

Сұрақтар

Жауаптар

1

С++ тілінің енгізу-шығару кітапханасының атауы қандай?

2

С++ тілі қай тілдің негізінде пайда болды

С тілі

3

Алгоритм дегеніміз не?

Іс-әрекеттердің реттелген тізбегі

4

Енгізу операторын ата

cin>>

5

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ бір сызық бойынша орналасқан алгоритм түрі.

6

Тармақталу алгоритмінің көмекші сөздері қандай?

if , else

7

Меншіктеу операторының жазылу форматы қандай?

<айнымалы> = <айнымалы> <операция> <өрнек>;

8

x2 - C++ тілінде қалай жазылады?

pow(x,2)

9

Стандартты функцияларға нелер жатады?

sinx, cosx, fabs(x),sqrt(x)

10

Циклдік алгоритм дегеніміз не?

Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдер деп аталады.

«Программа» тобының сұрақтары:

Сұрақтар

Жауаптар

1

С++ тілін кім ойлап тапты және қай жылы?

1983-85 жылдары Бьерн Страуструп

2

Мәліметтердің қандай типтері бар?

Бүтін сан типі, нақты сан типі, символдық типтер

3

Шығару операторын ата

cout

4

Алгоритмнің түрлерін ата

Сызықтық, тармақталу және циклдік

5

Тармақталу операторы дегеніміз не?

Тармақталу -белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылатын, шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылатын оператор.

6

Программаның басы және соңы қандай фигура арқылы белгіленеді?

эллипс

7

Тармақталу операторында қандай жағдайда 2- оператор орындалады?

Шарт ақиқат болмаған жағдайда

8

С++ тілінің математикалық кітапханасы қалай аталады?

math.h

9

Тармақталу операторының жазылу форматы қандай?

if (шарт) 1-оператор;

else 2-оператор;

10

|x| С++ тілінде қалай жазылады?

fabs(x)

2-кезең. Шешімін тап!!! Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары қима қағазды алып, кроссвордты шешеді.

Сөзжұмбақты бірінші әрі толық шешкен топ интерактивті тақтада шешеді және жауаптары дұрыс болған жағдайда 5 ұпай қосылады. Дұрыс емес жерлерді екінші топ айтуға құқылы және оған 2 балл көлемінді ұпай қосылады.

3-кезең. Сиқырлы қобдиша. Бұл кезеңде екі топ капитандары тақтаға шығып, қобдишадан тапсырмалар алады. Әр топқа өткен тақырыптардан 2 есептен беріледі. Есеп компьютерде тексеріледі. Әр дұрыс шыққан есеп үшін топқа 10 ұпайдан жазылады.

«Алгоритм» тобының есептері:

  1. Қолданушы пернетақтадан 2 сан енгізеді. Сол сандардың қосындысын, көбейтіндісін, бөліндісін және азайтындысын есептейтін «Калькулятор» программасын құру.

  2. Екі бүтін сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, сол сандардың квадратын табу, кері жағдайда түбірдің астынан шығару.

  3. Енгізілген санның 1 мен 100-дің арасында жататынын тексеру прораммасын құру, егер ол аралықта жатпаса, сәйкес жауап шығару.

«Программа» тобының есептері:

  1. Пернетақтадан 2 сан енгізіледі. Сол сандардың абсолют шамасын және квадраттарын табатын программа құру.

  2. Пернетақтадан бүтін сандар енгізіледі. Егер ол сан тақ болса, 10 есе арттыр, кері жағдайда 10 есе кеміт.

  3. у-мәнін есептейтін программа құру.
    2x + 20, егер x<=2
    Y= х + 50, егер x>2

4-кезең. Байқағыштығыңды байқат!!! Бұл кезеңде берілген есептерден 2 минут ішінде қатесін табу қажет. Әр топтың қателерді табуына байланысты қазылар алқасы баға береді. Ең жоғарғы баға - 10 ұпай.


  1. #include

#include

using namespace std;

int main{}

{;

int x,y;

float z,w;

cout<<"Berilgen sandardy engiz;

cin<

z=sqrt(pow(x,5)/pow(x,3)-exp(x-1))+fabspow((x+y),2);

w=/z+pow(x,y);

cout<

return 0;

}

  1. #include

#include>

using namespace std;

int main()

{

int x,y;

float max;

cout<<"Eki sannyn ulkenin tabu";

cin<

if (x>y) max=y;

else max=max ;

cout<<"max="<

return 0;

}

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Сайысымыздың қорытындысы: оқушыларды бағалау. Сайыстың нәтижесі бойынша жеңген оқушылар марапатталады Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз команда оқушыларын құттықтаймыз!


© 2010-2022