Разработка урока по информатике /8-класс/

Сабақтың тақырыбы "Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары" 8-сыныпқа арналған сабақ . сабақтың мақсаты Microsoft Excel электрондық кестелермен таныстыру; Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандармен үйрету; Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың күтілетін нәтижесі Microsoft Excel электрондық кестелермен танысады; Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандарын үйренеді; Топпен жұмыс жасауды үйренеді.
Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20.02.2015 ж

Информатика

8-сынып

Бекітемін:

Сабақтың аты

Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары

Сілтеме

Жоспар

Мақсаты

Microsoft Excel электрондық кестелермен таныстыру; Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандармен үйрету; Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Microsoft Excel электрондық кестелермен танысады; Кестелік процессордың терезесімен, құрал-саймандарын үйренеді; Топпен жұмыс жасауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Microsoft Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office -тің құрамына кіретін программа

Тапсырмалар

Жеке жұмыс: «Мен саған, сен маған» сұра-жауап

Топтық жұмыс: «Аквариум әдісі»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Сөйлемді аяқта»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс: Практикалық жұмыс «Шығармашыл оқушы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

ІІ. Жеке жұмыс «Миға шабуыл» сұрақ-жауап

  1. MS Word дегеніміз не?

  2. MS Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

  3. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?

  4. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?

  5. Word құжатын қалай сақтауға болады?

  6. Редакциялау дегеніміз не?

«Саусақпен» формативті бағалау (5 минут)

ІІІ. Топтық жұмыс. «Аквариум әдісі» 2 топқа мәтін беріледі. Топтар арасында мәтінді оқып шығып талқылайды. Талқылап болғаннан соң мәтінді түсіндіреді.

Топ пікірлерін тыңдау (15 минут)

ІУ. Жұптық жұмыс: «Сөйлемді аяқта»

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы ................................ деп аталады. .............................................арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.

Жұмыс парағы ....... бағаннан және ........ жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп ........................... тұрады. Алфавиттің .........әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың ....... атынан және ........ атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені ........ мен ............ қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ............. F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

Жаңа жұмыс кітабын құру үшін ......... менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған ......................................... солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ......... батырмасын шертіңіз.

Жұптарды өзара бағалау

1 - /1-5 сұрақ дұрыс болса/

2 - /1-8 сұрақ дұрыс болса/

3- /1-10 сұрақ дұрыс болса барлығына дұрыс жауап берсе/

Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру /10 минут/

У. Жеке жұмыс «Практикалық жұмыс »

1 тапсырма. Excel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.

1) Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.

2) Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.

3) 2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.

2 тапсырма.Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

1) Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.

(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)

"Шығармашыл оқушы" (10 минут уақыт)

1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.

2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.

3-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.

4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.

5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.

6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.

7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.

8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.

9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.

10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.

Формативті бағалау «Бағдаршам»

УІ. Жеке жұмыс Деңгейлік тапсырма /5 минут/

1) Электрондық кестелер қайда қолданылады?

2) Excel программасын қалай іске қосамыз?

3) Excel мен Word процессорынан айырмашылығын атаңыздар?

4) Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?

Кейінгі оқу

Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары























С. Есқараев атындағы №27 орта мектебі















Ашық сабақ

Тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары







8-сынып







Пән мұғалімі: С. Ильясова













2014-2015 оқу жылы



















































































© 2010-2022