Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті

Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып т...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары.

Малдың қарасан ауруы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды малдың тұяқ ауруымен таныстыру.

Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов "Ветеринария негіздері"

Пәнаралық байланыс: химия, мал ауру негіздері, мал шаруашылық негіздері, еңбек қауіпсіздігі, фармакология негізі.

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

  1. Некробактериоз ауруы

  2. Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы

  3. Тұяқты тазарту

  4. Аурудың белгілері

  5. Аурудың өтуі

  6. Тағалау

  7. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ірі қара малдардың қарасан кеселі (эмфизематозный карбункул)

Жедел өтетін, безгек сияқты дене қалтырауымен, ағзаның етті жерлеріне басқанда дыбыс беретін ісіктердің пайда болуымен білінетін індетті ауру.
Қоздырушысы - «клостридиум хаввое» деп аталатын түзу немесе сәл имектеу, екі басы майысыңқы таяқша тәрізді микробтар. Олар спора (кеуіп түйіршектену) түзеді. Түйіршектері өте төзімді келеді, топырақта бірнеше жыл, қида, бұлшық еттер шіріндісінде 6 айға дейін күшін сақтайды. Тура түскен күн сәулесінен 24 сағатта күшін жоюды. Екі сағат қайнағанда залалсызданады. Ең тиімді залалсыздандыру ерітіндісі 4 пайыздық формальдегид. Негізінен бұл аурумен 4 жасқа дейінгі ірі қара мал ауырады. Сирек те болса қой-ешкі, бұғылар да ауырады.
Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады.
ауру алиментарлық жолмен (жем-шөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.
Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы). Ауруды жұқтырғанның белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде, жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки 1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады.

Қарасан қоздырғышы

Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті




Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

Осы, қарасан ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

1. Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.

Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.

2. Қарасанға диагноз індеттанулық деректер, клиникалық белгілер (сықырлайтын ісіну, дене қызуы, ақсау), патологоанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады.

Қарасанның алдын алу шаралары

Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:

1) мал орындарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;

4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;

5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау.

Оқушылар машық кезінде қарасанға қарсы ірі қара малды вакцинациялау кезінде

Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті

Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індетіСабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті



Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті

Ірі қара мал мен қойдың қарасанына қарсы вакцина

Қолданылуы

Вакцина қарасаннан таза емес шаруашылықтарда аурудың алдын алу үшін ірі қара мал мен қойларды иммундеуге арналған.

Сипаттамасы

Вакцина формалинмен өлтіріп алюминий гидра тотығымен тұндырылған қарасан қоздырғышының қойылтылған етіндісіні. Вакцина түбінде борпылдақ тұнба түзетін, сілкілегенде оңай бұзылатын біркелкі сұйық зат. Препараттық тұнбадан жоғары бөлігі сары түсті, ал тұнба ақшыл - cарғыш түсті келеді.

Иммунитеттің ұзақтылығы

Иммунитеттің ұзақтылығы вакцина егілген күннен бастап 9-12 айға дейін созылады.

Қолдану тәсілі және дозасы

Жануарларды 3 айлығынан бастап 4 жасқа дейін салмағы мен қондылығына қарамай

1 рет 2 см² мөлшерінде иммундейді.

Сақтау шарты

Жарықтан таса жерде +2 +8°С аралығында сақтайды. Тоңазытуға болмайды. Аталған шарт орындалған жағдайда вакцинаның сақталу мерзімі 12 ай.

Биологиялық қауіпсіздігі

Препаратпен жұмыс жасағанда арнаулы сақтандыру шаралары жүргізілмейді. Вакцина шыны 100 см³ мөлшерде шығарылады.

Пысықтау сұрақтар:

  1. Қарасан ауруының қоздырғышы?

  2. Ірі қарасан індетінің өтетін түрі

  3. Қарсан мен қандай мал ауырады

  4. Тұяқты тазарту

  5. Аурудың белгілері

  6. Аурудың өтуі

  7. Тағалау тәртібі

  8. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

  • Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

  • Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. "Ветеринария негіздері"


© 2010-2022