Информатика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ

1 - сабақ

Сабақ өтілетін уақыт:

Орны: №20 кабинеті.

Барлық оқушы саны: 22

Қатысқаны: 20

Сілтеме

Оқулық, ғаламтор

Сабақ тақырыбы

Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Жалпы мақсаттар

1. ЕТ-мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен танысып , оны білу.
2. Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін үнемі естен шығармау дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушы мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Түйінді идеялар

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отрырып, шешім қабылдау.

Оқыту нәтижелері

1.Оқушы жалпы ережелерді, ДК-мен жұмыс жасау алдындағы, жұмыс жасау кезіндегі, апаттық жағдайдағы, жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді біледі.

Көрнекіліктер

Суреттер, модель

Дереккөздер

Оқулық, әдістемелік құрал, ғаламтор, А. Әлімов «Интрабелсанде әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы

Сабақ барысы

Уақыты

Модуль

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау(формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру өткен

тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

10 мин

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту

Диалогтік оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



"Ой шақыру" стратегиясы,

"Миға шабуыл"

1.Ұйымдастыру.

1. Сергіту сәті. "Жылы лебіз" жаттығуын жасатып, сыныпта көңілді атмосфера қалыптастырамын.

2. Топқа бөлуін ұйымдастыру. Қобдишада компьютер, планшет, ноутбук суреттері бар буктелген қағаздардарды таңдай отырып топтарға бөлінеді. Топ спикерін сайлауын ұйымдастыру. Бағалау критерийлерін тарату.

3. Балалар қалай ойлайсыңдар компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтауымыз керек пе? Мұғалімнің рұқсатынсыз
информатика кабинетіне кіруге ...
Компьютер сыныбына
Сабырлықпен кіріп
өзінің жұмыс орнына
отыруға ...Информатика кабинетіне сырт киіммен кіруге ...
Компьютер сыныбына кірерде бір - біріңді есікте
итермелеуге ...
Компьютердің көзге түсетін ақауларын көрсең мұғалімге хабарлауға ...Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге ...
Компьютерде жұмыс істеуді
тек мұғалімнің рұқсатымен
бастауға ...
Электр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге ... Компьютерде су қолмен жұмыс істеуге ...

1. Сергіту сәтінде оқушылар "Жылы лебіз" жаттығуын жасау арқылы көтеріңкі көңілмен сабаққа жинақталады.

2. Оқушылар қобдишадағы қағаздарды алу арқылы топқа 3 топқа бөлінеді. Топпен ақылдасып, топ спикерін сайлайды.

3. Мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді.


Критерий бойынша бағалау





2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастыра

ды;


25 мин.

Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету, АКТ,

диалогтік оқыту;

Дилогтік оқыту, Жас ерекшеліктеріне сай оқыту,

Дарынды және талантты балаларды оқыту

«ДЖИГСО» әдісі


"Екі жұлдыз бір тілек" стратегиясы.

Жеке жұмыс, "Еркін жазу стратегиясы"


1. Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың өздері оқып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік жасау, топтың ішінде талқылап меңгерілген тақырыпты бір - біріне түсіндіру арқылы ойларын тұжырымдату.

2. Топтық жұмыс. "Кубизм" әдіс-тәсілі бойынша кубик лақтыру арқылы топтарға тапсырма беріледі. Модель жасап қорғайды.

"Екі жұлдыз бір тілек" стратегиясы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

3. Түсініктерін бекіту.
« Компьюшаның » ертегісі.
Күз айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, жаңбыр жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен , информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.

Сұрақтарға жауап беру:
 Асан қанша кате жіберді ?
 Неге сырт киіммен кіруге болмайды ?
 Неге мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайды ?
 Неге пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды ?
 Неге жалғасып жатқан электр сымдарына жақындауға болмайды ?

1. Оқушылар жаңа тақырыптың мазмұнымен танысып, өз топтарында талқылайды.

3. Интрабелсенді тақтада көрсетілген кубик лақтыру арқылы топтарға тапсырма беріліп, модель жасап қорғайды, дәлелдейді.

3. Түсінікті бекіту. «Компьюшаның ертегісін» оқушылар тыңдап,сұрақтарға жауап береді.

4. Дарынды және талантты оқушылар сөз жұмбақ құрастырады.

Критерий бойынша бағалау, «Блоб» ағашы арқылы бағалау




3-кезең: Ой- толғаныс:

-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді

10 мин

Ойлан, жұптас, пікірлес

Қорытынды:

Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай « болады » немесе « болмайды » сөздерін қосып жазыңдар.

Пернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға ...
Экранға және монитордың артқы қабырғасына
тиісуге ...Басқа бағдарламаларды рұқсатсыз ашуға ...
Көзден монитор экранының ара қашықтығы 70 см болуына ...
Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге ...Компьютерде жұмыс істеп отырып орныңнан тұруға ...

1. Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояп, сөйлемдердің мағынасына қарай « болады » немесе « болмайды » сөздерін қосып жазады.
2. Топ спикерінің бағалауы

Критерий бойынша бағалау,

Формативті бағалау.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар (Үй тапсырмасы)

Қауіпсіздік ережелері. Көз жаттығулары


Күнделікке үй тапсырмасын жазады.

Жиынтық бағалау

Рефлексия


Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар толық қатысты.

Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді?

Формативті бағалау,

Рефлекция жасайды.



© 2010-2022