Тарау бойынша 5-ші сыныптарға арналған тест жинағы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5- сынып Информатика пәнінен тест сұрақтары

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. Экран мониторынан адам көзіне дейінгі ең төменгі арақашықтық:

  1. 20-30 см;

  2. 30-40 см;

  3. 40-50 см;

  4. 55-65 см;

  5. 60-80 см.

2. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек:

  1. 3 сағаттан;

  2. 25 минуттан;

  3. 1 сағаттан;

  4. 15 минуттан;

  5. 45 минуттан.

3. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:

  1. мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін;

  2. компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар;

  3. компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін;

  4. компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды;

  5. компьютер істен шығып қалу қаупі бар.

4. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

  1. көзге арналған жаттыгуды әрбір 10-15 минут сайын жасап отыру;

  2. төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істеу;

  3. қолға арналған жаттығуды әрбір 2 сағатта жасау;

  4. арасында мониторды өшіріп отыру;

  5. дене бөліктеріне үздіксіз жаттығу жасап отыру.

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек:

  1. мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру;

  2. компьютерді ажырату батырмасын басу;

  3. тұрып, кабинеттен шығу;

  4. бөлмені ылғалдап сүртіп шығу;

  5. ә сағат сайын сынып бөлмесінің ауасын тасзарту.

6. Компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға болмайтын себебін ата:

  1. өте ауыр;

  2. ауа алмасу (желдету) бұзылады;

  3. ұнамсыз;

  4. экран жабылып қалады;

  5. кедергі келтіреді.

7. Компьютермен жұмыс істегенде келесі ережелерді міндетті түрде сақтау:

  1. біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау;

  2. компьютерді power батырмасын басу арқылы өшіру;

  3. пернелерді қатты басу;

  4. компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу;

  5. құжаттарды жою.

8. Копьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе:

  1. мұғалімді шақырамын;

  2. ақауды өз бетіммен жоямын;

  3. компьютерді электр желісінен ағытамын;

  4. сыныптасымнан көмек сұраймын;

  5. еш әрекет жасамаймын.

9. Компьютер алдында отыру тәртібі:

  1. басты тік ұстап, иығымыз еркін, арқа түзу және тірегі бар, саусақтар мен білек бір сызықта орналасқан;

  2. басты тік төмен, иығымыз тік, арқа түзу, саусақтар мен білек бір сызықта орналасқан;

  3. еркір отыру, иықтарымызды бос ұстау, тіземіз тігінен;

  4. тіземізді тік ұстап, басымызды сәл төмен түсірім, иығымызды еркін ұстау;

  5. басты жөғары ұстап, иығымыз еркін, арқа түзу және тірегі бар, саусақтар мен білек бір сызықта орналасқан.

10. Компьютерде жұмыс жасағанда көз шаршатпау жолы:

  1. жаттығу жасау;

  2. көзге арналған жаттығу жасау;

  3. тысқа шығу;

  4. таза ауамен демалу;

  5. мониторға қарамау.

11. Компьютер алдында көп отырмау себептері:

  1. шаршайды;

  2. денсаулыққа зиян;

  3. қызықсыз болады;

  4. әсері жоқ;

  5. тынысы тарылады.

12. Компьютерде жұмыста бастау алдындағы ереже:

  1. көзге жаттығу жасау;

  2. ақпаратты қатаң жерде ақтау

  3. жұмыс орынын тексеріп алу;

  4. жұмыс орнын ретке келтіру;

  5. құрылғыны ток көзіне қосу.

13. Ақпаратты сақтау қауіпсіздігі:

  1. драйверлерді қолдану;

  2. мұрағаттаушы программа орнату;

  3. вирусқа қарсы программа орнату;

  4. программаларды ашпау;

  5. құжатты сақтап отыру.

14. Жұмыс барысында ақаулар байқалғанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда техника талаптарына сәйкес жасайтын әрекет:

  1. сынып бөлмесінен шығып кету;

  2. жұмысты тоқтатып, оқытушыға хабарлау керек;

  3. тоқтан өз еркімен ажырату;

  4. дәрігер шақыру;

  5. есепке алу журналына жазу.

15. Компьютермен жұмыс кезінде тиым салынады:

  1. Жиі көз, мойын , арқа үшін арнайы жаттығулар жасауға;

  2. Арнайы көзілдірік киюге

  3. Өз еркімен әкелген программалық заттар қолдануға;

  4. Жұмыс орныны ретке келтіруге;

  5. Көздің экраннан қолайлы қашықтықта ұстауға.



АҚПАРАТ ЖƏНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕР

1. Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?

  1. ақпараттар жиынтығын өңдеуді ұсынады;

  2. мәліметтерді тасмалдау түрі;

  3. ЭЕМ - нің көмегімен таңбалар мен сигналдарды сақтау зандылықтары;

  4. ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтары;

  5. жаңалықтарды алу жолдарын береді.

2. Ақпарат туралы түсінік беру әдісі көзқарасына арналған «артық» объектіні көрсетіңіз.

  1. мектеп оқулығы;

  2. фотосурет;

  3. телефон арқылы сөйлесу;

  4. сурет;

  5. сызба.

3. Ақпараттың өлшем бірлігі.

  1. сантиметр, метр;

  2. код, кодтау;

  3. бит, байт;

  4. грамм, килограм;

  5. милилитр, литр.

4. «Бит» сөзі қандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?

  1. ағылшын тіліндегі Binary digit;

  2. латын тіліндегі Binary digit;

  3. жапон тіліндегі Binry dijit;

  4. француз тіліндегі Binary digit;

  5. араб тіліндегі Binary digit.

5. Байт дегеніміз не ?

  1. 10 биттен тұратын код;

  2. 8 биттен тұратын код;

  3. 6 байтан тұратын код;

  4. 8 бірліктен тұратын ақпарат.

6. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы.

  1. Компьютер;

  2. Модем;

  3. Сканер;

  4. Принтер;

  5. Плоттер.

7. Бір Кбайтта қанша байт бар?

  1. 1000 байт;

  2. 1024 бит;

  3. 100 байт;

  4. 1024 байт;

  5. 1023 бит.

8. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

  1. сезу және көру;

  2. иіскеу мен естуден;

  3. есту мен көру;

  4. көру және дәмін тату;

  5. дәм сезу және иіскеу.

9. Ақпаратты сақтау удерісін көрсет:

  1. теледидар көру;

  2. дәптерге жазу;

  3. кітап оқу телефонмен сөйлесу;

  4. музыка тыңдау;

  5. әңгімелесі.

10. Адам үшін ұялы телефон -ол:

  1. ақпарат көзі;

  2. ақпарат қабылдаушы;

  3. ақпаратты өңдеу құралы;

  4. байланыс құралы;

  5. ақпарат беріші

11. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:

  1. Бит;

  2. Байт;

  3. Нүкте;

  4. Әріп;

  5. Таңба.

12. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен аударылған?

  1. Informatio;

  2. Informatik;

  3. Infoemation;

  4. Informations;

  5. Inform;

13. Қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар:

  1. сигнал;

  2. ақпарат;

  3. информатика;

  4. бейнелер

  5. мәліметтер

14. Адам қабылдайтын ақпарат түрлері:

  1. таңбалы, мәтінді;

  2. бейнелік, қатынас тілі;

  3. бейнелік, таңбалы;

  4. табиғи, таңбалы;

  5. әріптік, бейнелік

15. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс:

  1. сигнал;

  2. ақпарат;

  3. информатика;

  4. мәлімет

  5. күш

16. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

  1. физика;

  2. ақпарат;

  3. информатика;

  4. математика;

  5. география.

17. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

  1. кітап;

  2. радио;

  3. журнал;

  4. плакат;

  5. банер.

18. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?

  1. әріптер;

  2. мәтіндер;

  3. сандар;

  4. нөл мен бірлер;

  5. таңбалар.

19. Бір байт ол:

  1. 10 бит;

  2. 16 бит;

  3. 8 бит;

  4. 4 бит;

  5. 6 бит.

20. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

  1. мәтін;

  2. сурет;

  3. музыка;

  4. видео;

  5. фото.










КОМПЬЮТЕР - АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ҚҰРАЛЫ

1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?

  1. есептеу;

  2. басқару;

  3. ақпаратты іздеу;

  4. құжат құру;

  5. мәліметті тасымалдау.

2. ДК-мен жұмыс істеу үшін ең қажетті құрылғылар жиыны:

  1. принтер, жүйелік блок, пернетақта;

  2. жүйелік блок, монитор, пернетақта;

  3. процессор, тінтуір, пернетақта;

  4. пернетақта, монитор, тінтуір;

  5. сканер, тінтуір, монитор, принтер.

3. Монитор бұл-...

  1. ақпаратты шығаруға арналған;

  2. баспа құрылғысы;

  3. ақпаратты енгізуге арналған;

  4. ақпаратты сақтауға арналған;

  5. ақпаратты өңдеуге арналған.

4. Ақпаратты қағазға басып шығаруға құрылғысы:

  1. сканер;

  2. модем;

  3. принтер;

  4. тышқан;

  5. пернетақта.

5. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?

  1. монитор;

  2. колонкалар;

  3. сканер;

  4. микрофон;

  5. принтер.

6. Принтер құрылғысының жұмысы:

  1. бір компьютерден басқасына ақпарат тасығыш;

  2. графикалық ақпаратты енгізеді;

  3. ақпаратты қағазға басып шығарады;

  4. деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын;

  5. ақпараттын уөшірмесін алады.

7. Компьютерде деректерді сақтау:

  1. жады;

  2. процессор;

  3. дискжетек;

  4. монитор;

  5. пернетақта.

8. Ақпаратты енгізу құрылғысы:

  1. процессор;

  2. принтер;

  3. пернетақта;

  4. монитор

  5. компьютердің жады.

9. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т.б) қағаздан компьютерге енгізу құралы:

  1. сканер;

  2. принтер;

  3. монитор;

  4. пернетақта;

  5. модем.

10. Мәтін тергенде сөздердің арасынада басылатын пернене:

  1. бос орын;

  2. Alt;

  3. Esc;

  4. Ctrl;

  5. Shift.

11. Caps Lock пернесінің қызметі:

  1. бірыңғай бас әріптер режимін қосу;

  2. бірыңғай кіші әріптер режимін қосу;

  3. жоғарғы символдарды теру режимін қосу;

  4. сандық бөлікті қосу режимі;

  5. функционалдық пернелерді қосу.

12. Enter пернесінің атқару қызметі:

  1. курсорды жылжыту;

  2. қосымша цифрлық пернетақтаны алмасытыру;

  3. бас әріптер режимин алмастыру;

  4. енгізу;

  5. шығару.

13. Қандай перне арқылы команданы қайтаруға болады? (отмена)

  1. Enter;

  2. Insert;

  3. Pause;

  4. Home;

  5. Esc;

14. Қандай перне меңзерді жолдың соңына бірден баруды қамтамасыз етеді:

  1. Enter;

  2. Home;

  3. End;

  4. Esc;

  5. Shift;

15. Артығын көрсет:

  1. сканер;

  2. тышқан;

  3. пернетақта;

  4. процессор;

  5. принтер.

16. Заманауи ақпарат тасығыштардың көлемі ең үлкені:

  1. жұмсақ диск;

  2. қатты диск;

  3. лазерлік диск;

  4. флешка;

  5. ішкі жады.

17. Тышқанның оң жақ батырмасын басып шақыратын мәзір атауы:

  1. жанама;

  2. басты;

  3. жүйелік;

  4. көлденең ;

  5. көмекші.

18. Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:

  1. бумалар, жарлықтар, нысандар;

  2. операциялық жүйе, сыртқы құрылғылар;

  3. операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар;

  4. файлдар, жарлықтар, бумалар;

  5. микропроцессорлар, жедел (оперативтік) жады.

19. Файл-бұл ...

  1. дискета;

  2. құрылғы;

  3. қатты диск;

  4. таңбасы бар құжат;

  5. дискінің белгілі бір ат беріп сақталған аумағы.

20. Интерфейс дегеніміз:

  1. программалық жабдықпен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісім шарттары;

  2. ортақ қасиетіне орай белгілі бір атауға біріктірілген файлдар жиыны;

  3. магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны;

  4. белгілі бір атауға ие дискідегі арнаулы орын;

  5. объектілер мен басқару элементтері бейнелетін графиктік орта.

21. Файлдың аты кеңейтілуінен бөліну таңбасы:

  1. , (үтір);

  2. _бос орын;

  3. . (нүкте);

  4. : (қос нүкте);

  5. ? (сұрақ белгісі).

22. Жұмыс үстеліндегі Себет (Корзина) қызыметі:

  1. файлдарды сақтау;

  2. файлдарды реттеу;

  3. жойылған файлдарды уақытша сақтау;

  4. файлдарды сорттау;

  5. файлдарды жасыру;

23. Операциялық жүйелердің бөліну түрлері:

  1. орталықтандырылған, желілі, бөлініп берілген;

  2. универсальды тілде жазылған;

  3. иерахиялық, желілі, реляциялық;

  4. көлемді және кіші;

  5. біресепті және көпесепті.

24. Windows операциялық жүйесінің нысандарына мыналар жатады ...

  1. Бума, Жарлық, Тапсырмадлар тақтасы, Белгіше, Себет;

  2. Office панелі, Терезе, Іске қосу батырмасы, Басты меню;

  3. Windows, Windows NT, Unix, MS DOS;

  4. Проводник, Менің компьютерім, Желілік орта;

  5. Word, Excel, Access.

25. Терезенің элементтері:

  1. Word 97, Excel 97, Access 97;

  2. Far, Norton Commander, Bіos;

  3. Проводник, Менің компьютерім, Тапсырмалар тақтасы;

  4. Мәзір қатары, Саймандар тақтасы, Жұмыс аймағы, Қалып қатары;

  5. Wіndows 98, Wіndows NT, Unіx, MS DOS.

26. Алмастыру буфері дегеніміз:

  1. құрамында объектіге жасалған сілтеме бар кішігірім файл;

  2. буманы, құжатты, программаны қамтитын белгілі контейнер;

  3. қосымшалар мен құжаттар арасында берілгендерді аударатын жадының арнайы облысы;

  4. windows -та буманы, программаны, құжатты бейнелейтін түсті сурет;

  5. файл аты - құжаттың кеңейтілуі.

27. Жарлық дегеніміз ...

  1. құрамында объектіге жасалған сілтеме бар кішігірім файл;

  2. буманы, құжатты, программаны қамтитын белгілі контейнер;

  3. қосымшалар мен құжаттар арасында берілгендерді аударатын жадының арнайы облысы;

  4. Windows -та буманы, программаны, құжатты бейнелейтін түсті сурет;

  5. файл аты-құжаттың кеңейтілуі.

28. Windows - та болмайтын терезенің түрі:

  1. анықтамалық жүйелер терезесі;

  2. бума терезесі;

  3. сұхбат терезесі;

  4. сұрыптау терезесі;

  5. тізім терезесі.

29. Жұмыс үстеліндегі ашық тұрған бірнеше терезелердің біреуін екпінді ету үшін жеткілікті:

  1. есептер тақтасының кез келген жеріне шерту;

  2. жанама мәзірден ашу (открыть) командасын таңдау;

  3. терезеге шерту (жабу батырмасынан басқасына);

  4. басты мәзірден бағдарламалар бөлігін таңдап алу;

  5. басты мәзірден орындау (выполнить) бөлігін таңдап алу.

30. Windows - бұл ...

  1. операциялық жүйе;

  2. қосалқы бағдарлама;

  3. жалпыға арналған қолданбалы пакет;

  4. офистік бағдарлама;

  5. жүйелік бағдарлама.







АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. Суреттермен жұмыс жасайтын қарапайым грфикалық редактор:

  1. WordPad;

  2. Paint;

  3. Excel;

  4. PowerPoint;

  5. Photohop.

2. Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы:

  1. растрлық түрдегі ұсынылу;

  2. векторлық түрде ұсынылу;

  3. графика түрінде ұсынылу;

  4. сызық түрінде ұсынылу;

  5. фигуралық бейнелер түрінде ұсынылу.

3. Кез келген бағдарламада сақталған құжатты ашу командасы:

  1. Файл-Создать;

  2. Правка-Открыть;

  3. Файл-Открыть;

  4. Файл-Сохранить;

  5. Вставка-Открыть.

4. Растрлық графиканың ең кіші элементі:

  1. сызық;

  2. нүкте;

  3. үтір;

  4. таңба;

  5. символ.

5. Paint графиктік редакторында үзінділерді бұру командасын орындау:

  1. Үзіндіні белгілеу, менню-Отразить/Повернуть;

  2. Үзіндіні белгілеу, Правка-Отразить/Повернуть;

  3. Үзіндіні белгілеу, Рисунок-Отразить/Повернуть;

  4. Үзіндіні белгілеу, негізгі меню-Растянуть/Наклонить;

  5. Үзіндіні белгілеу, Файл- Растянуть/Наклонить.

6. Paint графиктік редакторында үзінділерді еңкейту мен созу командаларын орындау:

  1. Қосымша меню-Отразить/Повернуть;

  2. Үзіндіні белгілеу, Правка-Растянуть/Наклонить;

  3. Үзіндіні белгілеу, Файл-Растянуть/Наклонить;

  4. Үзіндіні белгілеу, Рисунок-Растянуть/Наклонить;

  5. Үзіндіні белгілеу, Вид-Отразить/Повернуть

7. Paint графиктік редакторында файлдың типін көрсет:

  1. .doc;

  2. .bmp;

  3. .txt;

  4. .exe;

  5. .соm.

8. Paint сызбалық өңдегішінің көмегімен болады:

  1. мәтіндік ақпараттың түрі мен сызылымын өңдеуге;

  2. нысандармен жұмыс жасап, баптауға;

  3. қарапайым сызбалық кескіндерді әзірлеуге және өңдеуге;

  4. диаграмманы әзірлеуге, өңдеуге;

  5. дыбыстық ақпараттармен жұмыс жасауға,

9. Paint графиктік редакторында сурет салу құралдар саны:

  1. 8;

  2. 10;

  3. 12;

  4. 14 ;

  5. 16.

10. «Қарындаш» құралының қызметі:

  1. Әріптер мен цифрлар салу;

  2. Сызықтар салу;

  3. Қисық сызықтар салу;

  4. Әртүрлі түсте сызықтар салу;

  5. Әртүрлі геомертиялық сызықтар салу.

11. Графикалық редакторда геометриялық фигураларды дұрыс салу үшін қолданылатын перне:

  1. Ctrl;

  2. Alt;

  3. Shift;

  4. Tab;

  5. Insert.

12. Кескін түсін таңдау жолы:

  1. таңдалған түс бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басу;

  2. үнсіз келісім бойынша кескіннің қара түсі мен ақ түсі;

  3. таңдалған түс бойынша тышқанның сол жақ батырмасын шерту;

  4. бейнелеу және фон түсі;

  5. алмасу буферінен түс қою;

13. Құрал таңдау, сызықтың қалыңдығы, қылқаламның түрін немесе төртбұрыш типін, кескіннің түсін, фон түсін таңдап сурет салу амалы:

  1. суретті сақтау кезеңдері;

  2. суретті ашу кезеңдері;

  3. сурет үзіндісін белгілеу;

  4. сурет салу кезеңдері;

  5. сурет үзіндісін жылжыту.

14. «Құю» құралының атқару қызметі:

  1. кез келген бейнені бояйды;

  2. кез келген геометриялық фигураларды бейнелейді;

  3. тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;

  4. эллипс пен төртбұрышты бояйды;

  5. салынған бейнелерді ерекшелеп бояйды.

15. Көлемі кішкентай мәтінерді өңдейтін редактодың атауы:

  1. Wort Pad;

  2. Раіnt;

  3. Microsoft Word;

  4. Блакнот;

  5. PowerPoint.

16. Меңізер (Курсор) дегеніміз:

  1. жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді енгізілетін символдардың орнын көрсетіп тұратын таңба;

  2. тышқанмен жұмыс жасайтын бейне;

  3. магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталатын нұсқаулар жиыны;

  4. мәтіндік және графикалық ақпаратты кескідеуге арналған құрылғы;

  5. экранның бетіндегі тышқан нұсқағышы.

17. Word Pad бағдарламасы арналған:

  1. кеңейтімі doc әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге;

  2. bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге;

  3. мөлшері онша үлкен емес құжатты әзірлеу және қарап шығу кеңейтімі txt мәтіндік құжаттарды пішімдеуге және өңдеуге;

  4. кеңейтімі txt Блокнот бағдарламасының құжаттарын пішімдеуге және өңдеуге;

  5. кеңейтімі txt болатын құжаттарды пішімдеуге және өңдеуге.

18. Word Pad бағдарламасында мәзір жолының көмегімен мәтінді іздеу:

  1. Файл-Ашу-Табу;

  2. Өңдеу-Табу;

  3. Пішім-Табу;

  4. Құралдар-Баптау-Табу;

  5. Өңдеу-Табу;

19. Word Pad бағдарламасын іске қосу жолы:

  1. Бастау- Баптау -Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап;

  2. ppt кеңейтімі бар файлды екі рет шертіп;

  3. Бастау- Баптау -Басқару үстелі әмірлерін тізбекті түрде орындап;

  4. Бастау- Бағдарламалар -Қалыпталған әмірлерін тізбекті түрде орындап;

  5. Қалып күй жолының көмегімен.

20. Мәтінді туралауға (выравнивание) түрлері:

  1. сол жақ, оң жақ, орта бойынша;

  2. мәтінге енгізілген сурет немесе нысанға байланысты;

  3. горизонталь, вертикаль, диогональ боййынша;

  4. үстінгі және астыңғы бөлігі бойынша;

  5. графиктерді орналастыру бойынша.

21. Мәтін бөлігін ерекшелеп белгілеу (дұрыс емес жауап):

  1. Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу арқылы;

  2. Тышқан сол жақ батырмасын басып тұрып жылжыту арқылы

  3. Shift +→ пернелерін басу арқылы;

  4. Тышқанның оң жақ батырмасын екі рет басу арқылы;

  5. Жолдың алдына тышқанның сол жақ батырмасын бір тер басу;

22. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс істейтін қолтанбасы:

  1. Калькулятор;

  2. Блакнот;

  3. Wort Pad;

  4. Раіnt;

  5. PowerPoint;

23. Компьютерлік колькулятордың түрлері:

  1. инженерлік, қарапайым;

  2. күрделі, қарапайым;

  3. статистикалық, тригонометриялық;

  4. санды, әріптік,

  5. инженерлік, күрделі.

24. Қарапайым калькуляторды инженерлік калкуляторға ауысу режимі:

  1. Вид→Обычный командаларын орындаймыз;

  2. Правка→ Инженерный командаларын орындаймыз;

  3. Вид→Инженерный командаларын орындаймыз,

  4. Файл→ Инженерный командаларын орындаймыз;

  5. Правка→ Обычный командаларын орындаймыз.

25. Компьютердің дыбыс жазуға арналған қолтаңбасы:

  1. Wort pad;

  2. Зувукозапись;

  3. Раіnt;

  4. Блакнот;

  5. Колонкалар.

26. Дыбыстық сигналдарды шығаруға арналған құрылғы:

  1. пернетақта;

  2. клонкалар;

  3. монитор;

  4. тышқан;

  5. принтер.

27. Блокнот бағдарламасын іске қосу жолы:

  1. бастау мәзірінен бағдарламалар- қалыпталған әмірін таңдау txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту немесе бастау мәзірін жегу әмірін таңдау;

  2. тек қана бастау-жегу тармағынан notepad әмірін екі рет шерту;

  3. бастау мәзірінен тізбекті түрде бағдармламалар microsoft Оffice әмірін таңдау

  4. кеңейтімі бар файлды екі рет шерту;

  5. тек қана .txt кеңейтімі бар файл бойынша екі рет шерту.

28. Блокнот программасын іске қосу үшін орындалатын командалар:

  1. Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот;

  2. Вид-Стандартные-Блокнот;

  3. Программы-Стандартные-Блокнот;

  4. Стандартные-Блокнот;

  5. Құжаттар- Стандартные-Блокнот.

29. Блокнот бағдарламасы арналған:

  1. doc кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге;

  2. кеңейтімі ppt әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге;

  3. мөлшері үлкен мәтіндерді теру txt кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге;

  4. bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге;

  5. ехе кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге.

30. Windows-тың стандарттық бағдарламалары:

  1. Paint, Сілтеуіш, Менің компьютерім;

  2. Word Pad, Сілтеуіш, Менің компьютерім;

  3. Калькулятор, Сілтеуіш, Менің компьютерім;

  4. Paint, Word Pad, Калькулятор;

  5. Бума, файл, жарлық.


© 2010-2022