Шебер сынып тақырыбы: Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№23 мектеп - лицей







Шебер сынып







Тақырыбы: Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.







Орындаған: Анарбаева Г.С.



Шымкент 2015

Күні: 27.11.2015

Тақырыбы: Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту

Мақсаты:

  • Оқушының ойлау қабілетін арттыру, сыни тұрғыдан талдауға бейімдеу, іскерлік дағдысын қалыптастыру;

  • Жаңа технологиялардың элементтері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  • Сын тұрғысынан ойлау, оқушыларды сенімділікпен жұмыс жасауға, бар ынтасын оқуға берілуге, бір-бірінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, өз пікірлерін ашық білдіруді талап етеді. Өз беттерінше жұмыс істеуге, еркін сөйлеуге, өз ойларын ел алдында аша білуге ынталандыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы, топпен, жеке жұмыс, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, стикерлер, фламастер, кеспе қағаздар

Мазмұны

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының
дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал, оқушыларға байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді таңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты -оқытуды оқушыға бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді.
Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:
- оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
- Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,
- жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
- мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
- кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
- мен күтпеген өзгерістер болды;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.

Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?

Тарелка әдісі

  • Әр оқушы 5 сұрақ жазады

  • Сұрақтары топтар арасында ауыстырылады

  • Ең жақсы деген оқушының жауабы талқыланады

Детальдарын қосу

Берілген сөйлемді кеңейту қажет.Мақсаты:алған білімді көрсету.

Мысалы: Паскаль программалау тілін негізін қалаған Никлаус Вирт.

Осы сөйлемді ары қарай кеңейту қажет.Мысалы: Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

(осы тәрізді ретпен алғаш берілген сөйлемнің көлемі ұлғая береді)

конверт-сұрақ

2-3 сөйлем жазып, конвертке салып (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындадым. Әрқайсысына екі минут беріледі: оқушы стикерде атын және жауабын жазады. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан); сынып белгілі бір жауаптың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Шебер сынып тақырыбы:Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабаққа рефлексия: Әр топқа бүгінгі өткен сабаққа қорытынды жасау. Стикер үлестіріп, екі жұлдыз, бір тілек жазу.


© 2010-2022