Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі

  Күні: 23.09.2014ж Сыныбы: 5а,ә,в,г Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Бағытова Н   Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.  Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  туралы түсіндіру Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту Түрі: Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ Көрнекілігі: ДК, оқулық, интеракти... 100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны: Мәтін беттері                   50 000 Түрлі түсті слайдтар       150 Музикалық фрагмент      10 минут Фильм                              15 секунд Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп кқлемдегі ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік  береді, мысалы, Интернет желісі арқылы Ақпарат жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с өлшенеді. Бекіту сұрақтары: 1.     Хабарламаның ақпараттық көлемі дегеніміз не? 2.     «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді? 3.     «нөл» мен «бір» не  деп аталады?      Бағалау Үйге тапсырма:Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлі...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 23.09.2014ж

Сыныбы: 5а,ә,в,г

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Бағытова Н

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға туралы түсіндіру

Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі: Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі: ДК, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ.Үйге тапсырма: Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиетттері

ІІІ Жаңа сабақ

Ақпарат сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музиканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз.

Арақашықтықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты -раммен және килограммен, т.б өлшейміз.

Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерде жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табаылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады.Символ- ол кез келген белгі: әпіп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын (11-сурет)

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) =1024 Мб

1 Терабайт (Тб) =1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі-хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50 000

Түрлі түсті слайдтар 150

Музикалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп кқлемдегі ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы

Ақпарат жеткізу жылдамдығы дегеніміз - бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с өлшенеді.

Бекіту сұрақтары:

1. Хабарламаның ақпараттық көлемі дегеніміз не?

2. «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді?

3. «нөл» мен «бір» не деп аталады?

Бағалау

Үйге тапсырма:Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпаратқасиеті


© 2010-2022