Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) 8 сынып

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2015

Пән атауы: Информатика

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?

  • Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшілектері қандай?

  • Блок-схема дегеніміз не?

  • Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?

  • Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?


Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм командалары

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама командалардан тұрады.

Жай команда. Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу және циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады. Олардың жай командадан ерекшелігі бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Алгоритм құрылымы

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға - сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.

1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуы - сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу, тиісті бетін ашу,

үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

соңы

2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпеес, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орынду тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түінді сөздер қолданылады.

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі - танымдық тапсырмалар

Математикалық өрнектерді Паскаль тіліне жазыңыз

Берілгені

Шешуі

ах3 + вх + с

a*sqr(x)*x + b*x + c

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) 8 сынып

sqrt(abs(g*x+s*x)

sinx- cosx

sin(x)-cos(x)

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) 8 сынып

(sqr(a) + exp(sqr(x)))/(sqr(a)+ exp(-sqr(x)))

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер) 8 сынып

((sqr(a) + sqr(b))/(a*b*sqr(sin(x))

В деңгейі - жартылай-іздену тапсырмалар

Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың бөліндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Шешуі:

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x/y;

write('бөліндісі = ',z);

end.

С деңгейі - өзіндік шығармашылық жұмысты қажет ететін тапсырмалар

Екі үшбұрыш қабырғалары a, b, c және d, e, f деп берілген. Қайсы үшбұрыштың үлкен екенін анықтау қажет.

Шешуі:

program esep2;

var a,b,c,d,e,f,p1,p2,S1,S2:real;

begin

writeln('1-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:');

readln(a,b,c);

writeln('2-ші үшбұрыш қабырғаларын енгіз:');

readln(d,e,f);

p1:=(a+b+c)/2;

p2:=(d+e+f)/2;

S1:=sqrt(p1*(p1-a)*(p1-b)*(p1-c));

S2:= sqrt(p2*(p2-d)*(p2-e)*(p2-f));

if S1>S2 then writeln('үлкені 1-үшбұрыш, ауданы =', S1:8:2)

else writeln('үлкені 2-үшбұрыш, ауданы =', S2:8:2) end.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?

  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

Үйге тапсырма: Алгоритм түрлеріне мысал келтіру


© 2010-2022