5 cынып Ақпараттың алуан түрлілігі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№________ сабақ

Сыныбы: Күні: Мүғалімі: Тексерген_____________

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттың түрлігі олардың тәсілдері, ақпарат саны, өлшем туралы

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің

көмегімен беру, ақпарат саны, өлшем туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Байланыс тілі деп нені айтады?

Жаңа түсініктер:

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен өабылдануына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі-құлақпен қабылдайды. Ақпаратты көзі қорыңыраулы сағат болып табылады.Ал ақпаратты қабылдаушы -адам.Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпаратты мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіске және сезу арқылы болып бөлінеді.

Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнелуі мүмкін:сан, мәтін немесе сурет түрінде.Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, "бес" сөзімен жызылған мәтінмен және олардың сурет салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

Ақпаратты қайта-қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зөр.Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадының немесе "сыртқы" тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда -дискілер мен флешкаларда сақаталады.

Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда өзіне керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттеуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картотекаларды (кірапханаларды, емханаларды) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.

Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын снгналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен түратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.

АSСП коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты коды.

Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты, баламалы.

Ақпаратты өлшеу

(Ақпараттың ең кіші бірлігі -1 бит.

1 Байт=8 бит,

1 Кбайт(килобайт)=1024 байт,

1 Мбайт(мегабайт)=1024кбайт,

1 Гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.)

Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен копьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі - 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ). Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2-суретте келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін

• Мәтіннің әр символының кодон АSСІІ кестесінен табу керек. Оның коды-екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолды4
номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру керек.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

  2. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Үйге тапсырма : жұмыс дәптеріндегін қайталау


© 2010-2022