Открытый урок по самопознанию

«Адам және отбасы» Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -         Отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу; -         Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;   -         Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу   Адамға өмірде ең қымбаты, ең басты құндылықтың бірі – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, түсіне білгенде ғана отбасы берік болады. Адам...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок по самопознанию25-сабақ Тақырыбы: «Адам және отбасы»

Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • Отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;

  • Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Шаттық шеңбері

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Осындай мейірімді, ақылды, әдепті ұқыпты оқушыларды көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біздер «Адам әлем аясында» ІҮ тараумен танысу бастаймыз. 1 сабақтың тақырыбымыз - « Адам және отбасы». «Отбасы» дегенде ойларыңызға қандай ассоциациялар келеді? (оқушылардың жауаптары). Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді.

Адамға өмірде ең қымбаты, ең басты құндылықтың бірі - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, түсіне білгенде ғана отбасы берік болады. Адамға ең қымбатты, ең асыл да ата-ана. Ата-ана бізге өмір сыйлап, өмір бойы бізге қамқор, тірегі болады. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды деген нақыл сөзді естіген боларсыздар. Қазір бәріміз қосылып «Анашым» деген өлеңді шырқайық.

Тренинг. «Ата-ананы қаншалықты танимын». Оқушыларға допты лақтыру арқылы сұрақтарды қою. Оқушылар сұраққа жауап беріп, қайтадан мұғалімге допты тастайды.

  • Ананың көз түсі қандай?

  • Әкенің туған күні?

  • Анан сені қалай еркелетіп атайды?

  • Сенің отбасының ең сүйікті тағамы?

  • Сенің анаң қандай түсін ұнатады?

  • Сенің әкенің жақсы көретін кітап?

  • Ананың туған күнің?

  • Әкенің мамандығы?

  • Ана немен айналысқаны жақсы көреді?

Жарайсыңдар. Ал енді орындарыңа жайғасыңдар

Әңгімелесу

Оқушылардың отбасы жарастығы мен татулығы және ол арқылы адамдар қандай табыстарға жете алатыны туралы түсініктерін дамыта түсу үшін оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргізеді. Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың отбасында кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық қарым-қатынастарын қалыптастыруға, отбасының адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.

  • «Отбасы жарастығы», «Отбасы бақыты», «Отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесіз?

  • Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?

  • «аялау», «қадірлеу», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесің?

  • Ана, әке деген сөздер қандай сезім тудырады?

  • Ата-анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықта берілген «Мен оны пір тұтамын» мәтінімен жұмыс жүргізу. Бір оқушы дауыстап оқып береді. Талдау. Сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салу:

  1. Мұраттың отбасына түскен қиындықты жеңуіне не себеп болды?

  2. Жақсы отбасы, адал жар болуы үшін не қажет деп ойлайсың?

Тренинг «Шаңырақ жарастығы»

Мұғалімнің қолында киіз үйі:

Балалар менің қолымда не? (оқушылар жауап береді). Шаңырақ дегенді қалай түсінесіңдер? Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

Киіз үй ежелгі заманнан бері қазақ қазақ халқының баспанасы болып келеді.Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекені. Киіз үй пайда болып бастауының өзіңе 3000 жылдай уақыт өтті. Киіз үй аталу себебі сырты жа іші киізден жасалған. Киіз үйдің құрылымы: шаңырақ, кереге, уық және сықырлауықтан тұрады. Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.

-Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ұл мен қыздың тәрбиесін бөлек жүргізетіні.Жеті атасын білуге тәрбиелеу. Отанын сүйіп, ардақтауға, оны жауларынан жан аямай қорғауға, өз елінің патриот болуға тәрбиелеу.

-Отбасы жарастығы сыры неде?

- Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Шаңырақта жарастық болу үшін қандай адами қарым-қатынастар болу керек деп анқытау үшін қазір бір-бірден жақындатып шаңырақтың ішінен керек сөздерді алып күн нұрына орналастырамыз.

(махаббат, мейірімділік, тәкәппарлық, қастық, ынтымақ, сыйластық, менмендік, сүйіспеншілік, татулық, ізгілік, қамқорлық, тыныштық, сараңдық, жамандық, ашушандық)Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде сыйластық та, ынтымақ та, береке, бақ, байлық та болады.Соңғы сабақта сендерге тапсырма берілген . Үйден отбасымен бірге түскен фотосуреттерін алып келуге. Сол фотосуреттерді күн нұрына орналастырып, шағын әңгіме айтып беріңдер.

Тыныштық сәті (баяу музыканы қосып) Мен әуенді қосқан кезде бәріміз көзімізді жұмып, жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды дәл жүректерінің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініндерші. Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздерінің күлкілеріңді сыйландар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтады. Оны тек біз өзіміз ғана ести аламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтте естеріңе сақтаңдар!

Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар!

Дәйексөз. Бүгін сабықтың дәйексөзі ретінде Бауыржан Момышұлының сөзі берілген:

«Отбасының өнегесі - Отан өнегесі».

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіз?

Дәйексөз оқушылардың бойында патриоттық сезім ояту және олардың өз елін сүйе білу мен құрмет тұтудың адам өмірінде қандай орын алатынын түсіндіру.

Назар аударыңыз Оқулықта «Назар аударыңыз» айдарымен берілген Кабуснамеден перзентке айтылған жолдауын оқып беру.

Дәптермен жұмыс«Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына геналогиялық тізбесін жасаңыз. Өзіңнің ата-әжелеріңіз туралы шағын әңгіме жазыңыз. Оқушылар оқулықта берілген тапсырманы орындау арқылы отбасындағы өз орныны және аға ұрпақ өкілдерін, ағайын туыстарын, үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметін, қарым-қатынасын айқындай түседі. Оқушылар тапсырманы орындау барысында ата, әже, әке ана, аға, іні, қарындас болып бір-бірін аялауды, құрметтеуді, қадірлеуді сезінеді.

«Ата-анаға құрмет» бейнефильмді тамашалау

  • Бейнефильмді когеннен кейін қандай әсерде бодңыздар?

Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге тұрып «Айналайын, толғанайын» тренингті ұйымдастыру. Оқушылар бір-біріне өз ата-аналар еркелетіп айтатын сөздерді айтып, жүректі жалғайды.





© 2010-2022