Паскаль бағдарламасындағы файлдарға қолданылатын амалдар

Паскаль бағдарламасындағы файлдарға қолданылатын амалдар Паскаль тілінде – файл деп, сыртқы жады құрылғысының (СЖҚ) деректерді (информацияларды) сақтауға дайындалған бөлігін айтады. Паскаль программасындағы файлдарға қолданылатын амалдар СЖҚ-да деректерді сақтаумен қатар , оларды оқып-жаңартуына да мүмкіндік береді. Файлға қолданылатын бұл амалдар-енгізіп шығару амалдары деп аталады. Паскаль тілінде, файлдардың келесі екі түрі бар: -типтік файлдар (немесе “файл”); -мәтіндік файлдар. Файл типі мен айнымалыларын баяндау Файл типін – кез келген қарапайым немесе күрделі типтермен анықтауға болады (тек файл типінен басқа): fa : FILE OF тип файл; мысалы: TYPE Бүтін _Сан :FILE OF INTEGER; Бүтін сан – файл типін (бүтін сан типіне жататын элементтердің шексіз тізбегін ) анықтайды. Программа құрылымында файлдан енгізіп-шығару амалын ұйымдастыруға арнайы анықталған файл типті айнымалылар қолданылады. Файл типті айнымалылар – программадағы файлдың өкілі деп саналады. Файл типті айнымалылар, файлдың кезекті көрсеткішімен айқындалатын, файлдың “көрінбейтін” нақтылы бір элементінің орнына жүреді.   Файлдың элементтерінің жалпы саны – файлдың ұзындығы деп саналады. Файлда элементтер болмаса, ол бос файл деп аталады. Файлмен жұмыс істеу барысында тек бір элементінің ғана мәні белгілі. Файлдың басқа элементтерін кезекті көрсеткішінің мәнін өзгерту арқылы пайдалануға болады. Файлдарға екі түрлі амалдар қолданылады: а) Файлды қарау. Файлдың тізбектелген элементтерін, файлдың басынан бастап, біртіндеп оқылуы. б) Файлды ұйымдастыру. Файл соңына жаңа элементтерді тіркестіру арқылы орындалады. Файлдарды ұйымдастырғанда, жаңа мәндері файлдың тек соңына жазылады. Файлмен жұмыс істегенде, жоғарғы екі амалды бір уақытта орындауға болмайды. Паскаль тілінің негізгі нұсқасында, файлға қолданылатын амалдар PUT(), GET() процедураларымен орындалатын. Төмендегі мағлұматтарда, Turbo-Pascal жүйесіндегі, файлдарға қолданылатын күрделі (ыңғайлы) амалдар қарастырылған. Turbo-Pascal жүйесінде, файлдармен жұмыс істеуге арналған амалдарды төрт топқа бөлуге болады: -      файлды қолдануға дайындау және жабу; -      файлға деректерді енгізіп-шығару; -      файлдың ішінде ауысу (шарлау); -      MS-DOS жүйесімен информация алмасу (MS-DOS амалданушылық жүйесінің, атқару ұйғарымдарымен жұмыс істеуге арналған амалдар (процедуралар)). Файлды қолдануға дайындау және жабу Бұл топтағы амалдарға : ASSIGN, RESET, REWRITE, CLOSE процедурулары жатады. ASSIGN(JF, Tanba) – процедурасы, файл типті JF айнымалысын СЖҚ-дағы нақтылы Tanba файлымен тікелей байланыстырады. Процедураның екінші параметрі – Tanba, тіркесті өрнек – файлдың толық атауы: MS-DOS амалданушылық жүйесіне сәйкес белгіленуге тиісті, мысалы: ASSIGN(f1,’C:\STUD\Data.Doc’); ASSIGN – процедурасы, прорамма денесінде, f1 файлына қолданылатын басқа амалдардың (RESET, REWRITE, READ, WRITE, т.б.), файл типті f1 айнымалысының атауы арқылы, СЖҚ-дағы нақтылы – Data.Doc файлымен тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. RESET(JF) және REWRITE(JF) – процедуралары JF атаулы файлды қолдануға дайындайды (файл типті JF айнымалысы, ASSIGN – процедурасы арқылы анықталған деп есептеледі). Бұл процедуралар орындалғаннан кейін, СЖҚ –дағы нақтылы файл қолдануға дайындалады.  Файлдың кезекті көрсеткіші. JF файлдың ең бірінші (нөлінші) элементіне мезгейді.(орналастырылады) RESET (JF) – процедурасы,  JF атаулы файлды , деректерді тек енгізуге , дайындап ашады. Егерде , JF-файлы СЖҚ-да әлі құрылмаған болса, онда RESET-процедурасы JF файлын аша алмайды, ал программаның орындалуы тоқтатылады. REWRITE (JF) – процедурасы, JF атаулы файлға, деректерді жазып-сақтауға, дайындап ашады. Егерде JF-файлы СЖҚ-да әлі құрылмаған болса, онда REWRITE – процедурасы JF файлы таба алмаса да жаңадан ашып дайындайды. Ал JF файлы бұрыннан болса, ескі деректер толық  жойылып, файл жаңартылады. CLOSE(JF) – процедурасы , файл типті JF айнымалысымен жұмыс істеуді доғарады, СЖҚ-дағы нақты файлдың деректері дұрыс сақталуы үшін, файл жабылады. Файлға деректерді енгізіп-шығару Файлдан деректерді енгізуге немесе деректерді файліф жазып-сақтауға келесі екі процедура қолданылады: READ (F1, P1, P2,…); WRITE (F2, R1, R2,…); Мұндағы F1, F2 – файл типті айнымалылар; P1, P2, R1, R2 – процедура параметрлері, олар файл типіне сәйкес баяндалуы тиіс.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Паскаль бағдарламасындағы файлдарға қолданылатын амалдар

Паскаль тілінде - файл деп, сыртқы жады құрылғысының (СЖҚ) деректерді (информацияларды) сақтауға дайындалған бөлігін айтады.

Паскаль программасындағы файлдарға қолданылатын амалдар СЖҚ-да деректерді сақтаумен қатар , оларды оқып-жаңартуына да мүмкіндік береді. Файлға қолданылатын бұл амалдар-енгізіп шығару амалдары деп аталады.

Паскаль тілінде, файлдардың келесі екі түрі бар:

-типтік файлдар (немесе "файл");

-мәтіндік файлдар.

Файл типі мен айнымалыларын баяндау

Файл типін - кез келген қарапайым немесе күрделі типтермен анықтауға болады (тек файл типінен басқа):

fa : FILE OF тип файл;

мысалы:

TYPE

Бүтін _Сан :FILE OF INTEGER;

Бүтін сан - файл типін (бүтін сан типіне жататын элементтердің шексіз тізбегін ) анықтайды.

Программа құрылымында файлдан енгізіп-шығару амалын ұйымдастыруға арнайы анықталған файл типті айнымалылар қолданылады. Файл типті айнымалылар - программадағы файлдың өкілі деп саналады. Файл типті айнымалылар, файлдың кезекті көрсеткішімен айқындалатын, файлдың "көрінбейтін" нақтылы бір элементінің орнына жүреді.

Файлдың элементтерінің жалпы саны - файлдың ұзындығы деп саналады. Файлда элементтер болмаса, ол бос файл деп аталады. Файлмен жұмыс істеу барысында тек бір элементінің ғана мәні белгілі. Файлдың басқа элементтерін кезекті көрсеткішінің мәнін өзгерту арқылы пайдалануға болады.

Файлдарға екі түрлі амалдар қолданылады:

а) Файлды қарау.

Файлдың тізбектелген элементтерін, файлдың басынан бастап, біртіндеп оқылуы.

б) Файлды ұйымдастыру.

Файл соңына жаңа элементтерді тіркестіру арқылы орындалады. Файлдарды ұйымдастырғанда, жаңа мәндері файлдың тек соңына жазылады. Файлмен жұмыс істегенде, жоғарғы екі амалды бір уақытта орындауға болмайды.

Паскаль тілінің негізгі нұсқасында, файлға қолданылатын амалдар PUT(), GET() процедураларымен орындалатын.

Төмендегі мағлұматтарда, Turbo-Pascal жүйесіндегі, файлдарға қолданылатын күрделі (ыңғайлы) амалдар қарастырылған.

Turbo-Pascal жүйесінде, файлдармен жұмыс істеуге арналған амалдарды төрт топқа бөлуге болады:

  • файлды қолдануға дайындау және жабу;

  • файлға деректерді енгізіп-шығару;

  • файлдың ішінде ауысу (шарлау);

  • MS-DOS жүйесімен информация алмасу (MS-DOS амалданушылық жүйесінің, атқару ұйғарымдарымен жұмыс істеуге арналған амалдар (процедуралар)).

Файлды қолдануға дайындау және жабу

Бұл топтағы амалдарға : ASSIGN, RESET, REWRITE, CLOSE процедурулары жатады.

ASSIGN(JF, Tanba) - процедурасы, файл типті JF айнымалысын СЖҚ-дағы нақтылы Tanba файлымен тікелей байланыстырады. Процедураның екінші параметрі - Tanba, тіркесті өрнек - файлдың толық атауы: MS-DOS амалданушылық жүйесіне сәйкес белгіленуге тиісті, мысалы:

ASSIGN(f1,'C:\STUD\Data.Doc');

ASSIGN - процедурасы, прорамма денесінде, f1 файлына қолданылатын басқа амалдардың (RESET, REWRITE, READ, WRITE, т.б.), файл типті f1 айнымалысының атауы арқылы, СЖҚ-дағы нақтылы - Data.Doc файлымен тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

RESET(JF) және REWRITE(JF) - процедуралары JF атаулы файлды қолдануға дайындайды (файл типті JF айнымалысы, ASSIGN - процедурасы арқылы анықталған деп есептеледі). Бұл процедуралар орындалғаннан кейін, СЖҚ -дағы нақтылы файл қолдануға дайындалады. Файлдың кезекті көрсеткіші. JF файлдың ең бірінші (нөлінші) элементіне мезгейді.(орналастырылады)

RESET (JF) - процедурасы, JF атаулы файлды , деректерді тек енгізуге , дайындап ашады. Егерде , JF-файлы СЖҚ-да әлі құрылмаған болса, онда RESET-процедурасы JF файлын аша алмайды, ал программаның орындалуы тоқтатылады.

REWRITE (JF) - процедурасы, JF атаулы файлға, деректерді жазып-сақтауға, дайындап ашады. Егерде JF-файлы СЖҚ-да әлі құрылмаған болса, онда REWRITE - процедурасы JF файлы таба алмаса да жаңадан ашып дайындайды. Ал JF файлы бұрыннан болса, ескі деректер толық жойылып, файл жаңартылады.

CLOSE(JF) - процедурасы , файл типті JF айнымалысымен жұмыс істеуді доғарады, СЖҚ-дағы нақты файлдың деректері дұрыс сақталуы үшін, файл жабылады.

Файлға деректерді енгізіп-шығару

Файлдан деректерді енгізуге немесе деректерді файліф жазып-сақтауға келесі екі процедура қолданылады:

READ (F1, P1, P2,…);

WRITE (F2, R1, R2,…);

Мұндағы F1, F2 - файл типті айнымалылар;

P1, P2, R1, R2 - процедура параметрлері, олар файл типіне сәйкес баяндалуы тиіс.



© 2010-2022