Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 04.02.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып,графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін,ой-өрісін,шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға,техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,презентация

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Кескінді қолмен және компьютермен салу үдерістерінің негізгі айырмашылығы қандай?

2.Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?

3.Қандай салаларда растрлық графика пайдаланылады?

4.Векторлық графиканың растрлық графикадан артықшылығы неде?

5.Компьютерлік кескіндерді қай жерде кездестірдіңдер?

Жаңа сабақты баяндау

Графикалық редакторлар,компьютерлік кескіндер сияқты,растрлық,векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді.Сонымен қатар әртүрлі кескіндер түрлерімен жұмыс істейтін басқа программаларға енгізілген графикалық редакторлардың аралас жүйелері бар.Кестеде графикалық редакторлардың үлгілері көрсетілген:

Растрлық редакторлар

Paint,Gimp,Adobe Photoshop

Векторлық редакторлар

Corel Draw,Inkscape

Фрактал генераторлары

Ultra Fractal,Chaoscope

Графикалық файлдың пішімі-графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.

Графикалық файлдардың пішімін оларда сақталған ақпарат түрлері бойынша жүйелеуге болады.Мысалы:

-растрлық пішімдер-TIFF,GIF,BMP,JPEG;

-векторлық пішімдер-SVG,EPS,WMF;

-аралас пішімдер-EPS,PDF.

Сығымдау-мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап,көлемін өзгерту.

Түйін

-Графикалық файлдың пішімі-графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.

-2D-графикалық ПЖ растрлық,векторлық редакторларына,фракталдық кескіндерді жасайтын программаларға бөлуге болады.

-Графикалық файл пішімдері: растрлық (TIFF,GIF,BMP,JPEG), векторлық (CDR,EPS,WMF) және аралас (EPS,PDF).

-Графикалық редактор-кескіндерді жасауға,өңдеуге арналған программа.

Өзіңді тексер!

1.Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер:

A) Corel Draw

B) Paint

C) Chaoscope

D) Inkscape

2.Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?

A) BMP

B) PDF

C) SVG (Inkscape)

D) CDR (CorelDraw)

3.Қандай пішімде сығымдау қолданылады?

A) JPG

B) PDF

C) SVG (Inkscape)

D) CDR (CorelDraw)

4.Графикалық файлдың пішімі-ол ....

А) файлдың кеңейтілуі

В) графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі

С) мәтінді мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі

D) мәліметтерді сығымдайтын алгоритмді көрсету

5.Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішімді таңдандар:

A) GIF

B) JPEG

C) EPS (Encapsulated PostScript)

D) TIF (Tagged Image File Format)

Бағалау.

Үйге тапсырма беру

© 2010-2022