Сайыс озық ойлы оқушы 6 -7сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Озық ойлы оқушы»

Мақсаты: Дарынды оқушыны анықтау, оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын арттыруға, алған білімдерін қорытындылауға, тәлім-тәрбиесін, танымдылық қабілетін, белсенділігін дамытуға дағдыландыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылгандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асыгыста

Ойын толқын жатқандай асып - тасып,

Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып-дей отыра бүгінгі сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық

1) 2)

3) 4)

5) 6)

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1 кезең Таныстыру

2 кезең «Кім жылдам?»

3 кезең «Кім тапқыр?»

4 кезең «Байқағыштығыңды байқат»

5 кезең «Сөзжұмбақты шеш»

6 кезең «Кім озық ойлы оқушы»

Мұғалім:

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар

Мұғалім:

Жылдан - жылға оқу салған ой - арнаң,

Талапкердің толқынымен тулайды,

Сусындалып ғылым шыңның басында

Сұңқар болып білімпаздар шулайды.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәдік шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып әділқазылар мүшесімен таныс болайық.

1)

2)

3)

Мұғалім:

Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім.

Бірінші кезеңіміз таныстыруды бастаймыз.

Сайыскерлер білімге қалайсыздар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Қысылмай қымтырылмай тапсырма ал,

Жауап берсең сұраққа , жарайсыздар - дей келе «Кім жылдам?» сайысына кезек береміз. Сайысымыздың шартымен таныстырсақ, әр пәннен 15 сұрақ қойылады, оқушылар қолдарындағы жалаушаны көтеру арқылы сұраққа жауап береді. Бұл сайысымызда жылдамдық танытқан абзал, егер жалаушаны көтермей жауап берсеңіздер ол саналмайды. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі. Сайыс соңында ең аз жинаған оқушымен қоштасамыз.

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың өлшем бірліктері (бит, байт)

  2. Бір байт неге тең? (8 битке)

  3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (жүйелік блок, пернетақта, монитор)

  4. Пернетақтаның қызметі (Ақпарат еңгізу құрылғысы)

  5. Delete пернесінің қызметі (Курсордың оң жақтағы

  6. батырмасын өшіреді)

  7. Dr.Web, Norton Antivirus, Касперский қандай программалар? (Антивирус программалары)

  8. Компьютердің қанша буыны бар? ( 5 буыны)

  9. Ақпараттың түрлерін ата (Дәм сезу, иіс сезу, сезу, көру, есту)

  10. Компьютердің қосымша құрылғысы (Сканер, принтер, дыбыс колонкалары)

  11. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)

  12. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? Декодтау

  13. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (Принтер)

  14. Компьютерден өшірілген құжаттар қайда сақталады (Себетке)

  15. Сурет салуға арналған бағдарлама ( Paint)

Мұғалім:

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа-дей келе келесі «Кім тапқыр?» сайысымызды бастайық. Бұл сайыста экранға жұмбақтар жасырылады, жауабын жалаушаны көтеру арқылы жауап береміз. Әр дұрыс жауап үшін 20 ұпайдан беріледі. Сайыс соңында ұпай аз оқушымен қоштасмыз.

Жұмбақтар:

1)Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (тышқан)

2) Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан... (компьютер)

3) Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)

4) Егер білсең,айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді... (сканер)

5) Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да,бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті... (пернетақта, тінтуір)

6) Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені... ( кактус)

7) Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады... (мәтіналғы)

8) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (басып шығарғыш)

9) Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек... (монитор)

10) Командалар жиынынан тұрады,

Мақсатыңды орындайды... (мәзір жолы)


Мұғалім:

Келесі кезеңіміз «Байқағыштығыңды байқат» сайысымызды бастайық. Оқушыларымыздың назарына суреттер беріледі, осы суреттерден қанша айырмашылықты тапқандарын көрсетеді. Ең көп жинаған оқушыға 50 ұпай, 40 ұпай, 30 ұпай, ең аз айырмашылықты тапқан оқушыға 20 ұпайдан береміз. Бұл сайысымыздың соңында ең аз жинаған оқушы келесі айналымға өтпейді.

Сайыс озық ойлы оқушы 6 -7сыныпСайыс озық ойлы оқушы 6 -7сынып

Сайысымыздың келесі кезеңі «Сөзжұмбақты шеш». Шартымен таныстырсақ әрбір оқушының қолына сөзжұмбақ беріледі және дұрыс, тез шешкен оқушыға 50 ұпай береміз. Келесі оқушыға 40 ұпайдан беріледі. Аз ұпай жинаған оқушы келесі айналымға өтпейді.


Мұғалім:

Шыңда тұрған шынардай арманы бар,

Білімдерін көрсетті ұл мен қыздар.

Ең соңғы айналымға келіп жеттік

Ойланып отырғанды таң қалдырар- деп ойынымыздың соңғы кезеңі «Кім озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастайық. Соңғы сайысымызға жеткен екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Ойлануға 3 минут уақыт береміз. Кімнің ойы озық, тиянақты болса соған ұпай көрсеткішін жоғары береміз.

Әділ-қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын есептегенше көрермендермен ойын ойнасақ.

Ойын:

Әділ қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.

Мұғалім:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім ,жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс , болсаң егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар,

Өнерлілер көбейсін күннен -күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше аман сау болыңыздар! Қатысқан оқушыларымызға алғыс айтамыз.


© 2010-2022