Сабақтың тақырыбы: Модельдерді зерттеу практикумы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 21.01.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: «Модельдерді зерттеу» практикумы

Сабақтың мақсаты: Модельдеудің негізгі принциптерін,модельді құру ережесін және модельдеу кезеңдерін меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,оқулық

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Өткен тақырыпты қайталау

1.Барлық модельдер қандай екі үлкен класқа бөлінеді?

2.Ақпараттық модель дегеніміз не?

3. «Мәтін» нысаны қандай қасиеттерге ие?

4. «Мәтін» нысанымен қандай әрекеттер жасауға болады?

5.Модельдің сәйкестік қасиетін қалай түсінесіңдер?

6.Материалдық (заттық) модельдерге мысалдар келтіріңдер.

Жаңа сабақты баяндау

Міндет қою және модельдеу кезеңдерінен кейін тәжірибе кезеңі келеді.

Жаңа идеяны жүзеге асыру немесе жаңа нысандар жасар алдында тәжірибелік үлгілерде сынақтар жүргізіледі.Оның басты мақсаты-тәжірибелік үлгілердің әртүрлі әсерлерге әрекетін көру.

Табиғи тәжірибе өткізу әрқашан мүмкін бола бермейді,сол кезде бізге көмекке қайтадан компьютер келеді.

Компьютерлік тәжірибеде екі кезеңді бөліп көрсетуге болады:зерттеу жоспарын құрастыру және зерттеу жұмысын жүргізу.

Жоспардың бірінші пункті-модельді тестілеу.Тест модельдің жұмыс қабілеттілігін тексере алатын бастапқы мәліметтерді қамтуы керек.Мысалы,графикалық редакторда өрнектерді дайындама арқылы құрастырған кезде,олардың дұрыстығын жасалған фигураларды басу арқылы тексеріңдер.

Есепті қарастырайық.

Астанадан Қарағандыға автобус 60 км/сағ жылдамдықпен шықты.Бір уақытта Қарағандыдан Астанаға 90км/сағ жылдамдықпен такси шықты.Егер екі қала арасы 217 км болса,қанша уақыттан кейін екеуі кездеседі.

Бұл есепте зерттеу нысаны ретінде автобус пен таксидің қозғалыс үдерісі қарастырылып отыр.Қозғалыс үдерісі үшін әртүрлі ақпараттық модельдер құрастыруға болады.

№1 модел.Сұлба

Кескінді-қалалар арасындағы арақашықтық,нұсқарлар-қозғалыстың жылдамдығы мен бағыты,жалауша-кездесу орны.

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді зерттеу практикумы

3-модель.Математикалық жазба.

V1-автобус жылдамдығы;

V2-таски жылдамдығы;

S-арақашықтық, t-қозғалыс уақыты.

t=S:(V1+V2)

Үйге тапсырма.



© 2010-2022