Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлттық құндылықтар негізінде

информатика пәнін оқыту әдістемесі»


Ихсанова Фарида Меңдігерейқызы информатика

және есептеуіш техника негіздері пәнінің І санатты мұғалімі

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,

«Жылыой ауданының №24 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі

Нәтижеге бағытталған білім беру моделі тұлғаның әлеуметтену процесіне қоғамды,

түрлі қауымдастыктарды тартуды қарастырады. Дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау - білім беру саласьның ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

  • өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке тұлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);

  • білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудщ бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);

  • білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);

  • білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы ұғымды қалпына келтіру (өмір мен еңбек үшін білім алу);

  • оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық және жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру - ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);

  • барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оган жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау (барлық адамдардың тең білім алуы);

  • білім беру үрдісіне бүкіл қоғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату (білім беру ісі ашық жүйе ретінде) [4].

Нәтижеге бағытталған мектептік білім беруді дамыту аясында бүкіл қоғам білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаттары тәрізді стратегиялық міндеттерді айқындау ісіне тартылуы тиіс. Білім берудің ата лған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс.

Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап

кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау - бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;

  • мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті.

  • мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;

  • қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында

әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек. Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет.

Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында, қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды көзбен бағалай отырып саралауды, мұғалім іс-әректін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.
Демек, болашақ педагогтар болсын, информатика мұғалімдері болсын қазіргі заман

педагогикалық технологияларының пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс.

Педагогикалық технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты

қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы [6].

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге, тәрбиелеуге, дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Информатика пәні бойынша оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелерді әр түрлі тапсырмалар ретінде дайындауға болады.

5 сыныптағы «Ақпарат беру тәсілдері» тарауы бойынша тапсырма.

Кестені толтыр


Нысан


Ақпарат түрлері


Сезім мүшелері

«Баланы бесікке салу» рәсімі

көру

көз

Бауырсақ

дәм сезу

тіл

«Адай» күйін тыдау

есту

құлақ

Ақпаратты беру әдістері мен оған сәйкес ақпарат түрлерінің реттері алмастырылған, сәйкестендіруді орындаңыз:

Ақпаратты беру әдістері

Ақпарат түрлері

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


органо-лептикалық - иіс және дәм арқылы;

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


тактильді - сезім арқылы


Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


визуальды - көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


аудиальды- дыбыс арқылы

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

тактильді - сезім арқылы;

«Microsoft Word мәтіндік редакторы» тарауы бойынша тапсырмалар:

Деңгейлік тапсырма. Суретте не бейнеленген ? Ол туралы не білесің, 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін жаз. Берілген сөз ұйқастарын құрастырып, өлең құраңыз:

************** елімнің,

******* ******** әдемі!

************** көңілдің

***************** әлемі.

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт,әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.


Көгілдір түс аясында елтаңбаның орта тұсында шаңырақ бейнеленген.Оның ортасындағы айқасқан белдеу әлемнің төрт бұрышының рәмізі. Шанырақты күн сәулесіндей тарап, уақтар шаншылған. Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан,ал төменгі жағында-Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі - алтын және көгілдір түсті.


Осындай тапсырма түрлерін «Астана», «Елбасы», «Туған жерім» және т.б.

тақырыптары бойынша беру арқылы бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениеті, адами қасиеті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу мақсатындағы тапсырма түрлерін үнемі ұйымдастырып отырамын.

7 сынып. Microsoft Word мәтіндік редакторы. а)Диаграмма құрыңыз:

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

ә)Мәтінді теріңіз және бұл мәтінде қазақтың қай тойы туралы сөз болғанын анықтаңыз:

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі



Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі


6-сынып оқушыларына Paint графикалық редакторы және Word Pad мәтіндік редакторы тарауын өткеннен соң, мынадай деңгейлік тапсырма түрлерін ұсынамын.

Жұмбақ жазу, шешуін Paint графикалық редакторында салып, суретін көшіру арқылы қою және сол суретке байланысты мақал-мәтел жазу.

Мысалы:

Қабат-қабат қаттама, Қара сиырым қарап тұр,

Ақылың болса аттама. Ала сиырым, жалап тұр.

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесіҰлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесі

Кітап-білім бұлағы, Отан - оттан да ыстық.

Білім-өмір шырағы.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені

көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді.

Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1 Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата - аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Тарих сабағында танымдық, қазақтың ұлттық ойындарының пайдаланылуы

Ұлттық ойындарды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен тұлғалық қатынасын(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт - дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік қонақжайлық, мейірімділік, т. б сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым - қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт - дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т. б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс - тәсілдер құралы сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде ұрпақтан - ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл - ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасаты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы дами түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Бәйге», «Көкпар», «Теңге алу», «Көш», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?» секілді танымдық, ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын туғызу тек қана тарихқа қызығушылықты туғызып қоймай, оқушылардың өмір тәжірибелерін кеңейтуіне, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне, тарихты басқа пәндермен байланыстыра қарауға үйретеді тәрбиелейді. Ендеше тарих сабағын танымдық, ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.
Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

Еңбек, ойын және оқу ерте кезден ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. И. Сухомолинский, Н. К. Крупская, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Д. А, Диваев, М. О. Әуезов. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологиясының нәтижесін дұрыс болуы үшін мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы. Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді. Теориялық білімін практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, басты мақсатымыз ұрпақ тәрбиесі. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Сондықтан тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деген сөзін басшылыққа ала отырып, оқушының өзіне сенімін арттырып, өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін.

Тақырыбы: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін жүйелеу. Орта ғасырлардағы қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің мәнін түсіндіру, үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға, ойындар арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ата - баба тарихын, салт - дәстүрін әдет - ғұрпын құрметтеуге, мәдени құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: слайд - суреттер, сызбалар, интерактивті тақта. Әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ - жауап, суреттеу, топтастыру әдісі. Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық деңгейін анықтау. 2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау:
(Оқушы тақтаға шығып рухани және материалдық мәдениет сызбасын толтырады). 1. Тарихи сынақ хат Сұрақ - жауап: «Бәйге» ойыны. Бәйге - қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.
Сабақтағы бұл ойынның мақсаты: Оқушының тез ойлау, шешім қабылдау әрекетін дамыту. Оқушыларға қойылатын талап, әр сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беру. Тақтадағы ұяшықтардың арқасына сегіз сұрақ жасырылған, сол сұрақтардың жауабын кім көп тапса, сол жеңімпаз болып, сыйлыққа ие болады. Оқушы әр дұрыс жауапқа екі ұпайдан алады.

«Бәйге» ойынының сұрақтары:
1. Мәдениеттің қандай түрлері бар, олардың бірбірінен айырмашылығы? 2. Күнтізбе қазақтарға не үшін керек болды?
3. Ислам діні қашан, қалай таралды? Ол халыққа қандай тәлім тәрбие береді? 4. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
5. Қазақтардың жерлеу дәстүрі қандай болған?
6. Қазақтардың ұлттық тағамы туралы айт.
7. Ұлттық киімі туралы айт.
8. Тұрғын үйі туралы айт.
III Жаңа сабақ материалдарын меңгеру.
Жоспары:
Жыраулар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Музыка
Жырау деген сөзге түсініктеме беру Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесшісі қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қазақ тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. тіршілік, өмір жайлы философиялық ойлар айтып, табиғаттың әр алуан құбылыстарын түсіндірді. XVI - XVII ғ. ғ өмір сүрген: Доспамбет, Марғасқа, Жиенбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұхар жыраулар жайлы мәлімет беру. Ертегілер бірнеше түрге бөлінеді: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял - ғажайып ертегілері, тұрмыс - салт, әзіл - сықақ ертегілері. Эпостық жырларға түсініктеме беру Батырлар жыры - батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы жырлар. Елін қорғаған ер бейнесі көркем тілмен бейнеленген батырлар жыры: «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Ер Сайын»т. б. батырлар жырында Отанын сүю және халықтың ерлік істері дәріптеледі. Халық арасында көп тараған музыка аспабы - домбыра. Көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап - қобыз. Музыка аспаптары арқылы дүниеге күй келді. Көптеген тарихи күйлеріміз бар: «Асқақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» және т. б. Талқылау Сұрақ - жауап арқылы тақырыпты талдау.
IV Сергіту сәті.

V «Теңге алу». Сабақты бекіту. Барлығына бірдей тапсырма:
1. Лиро - эпостық жырларға, ертегілерге ролдік ойын ұйымдастыру.
2. Ислам дінінің діни - нанымдар, әдет - ғұрыптарға байланысты шығармашылық жұмыс жасау. 3. Қазақ халқы үшін орны ерекше және кең тараған аспап туралы ой қозғау. 4. Ақын - жыраулардың бір жырын жатқа оқу.
VI Қорытындылау. Бағалау.
VII Үйге тапсырма: Жыраулар ( Марғасқа, Ақтамберді, Бұхар) жайлы реферат жазу.

Қорытынды
«Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады» Н. Ә. Назарбаев
Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болады. Ия, «Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.

Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.














Қазақтың төрт тойы.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын - сауықтар өткізілді.

Біздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана.Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан.Бұл жердің ауасы таза,қысы қатал,жазы ыстық болады.

Астана-болашағы үлкен қала.Мұнда әсем,зәулім ғимараттар салынып жатыр.Ол-әлемдегі көрікті қалалардың бірі.

Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды.Астана қаласы-жаңаҚазақстанның белгісі.

Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ.

Ұлттық құндылықтар негізінде информатика пәнін оқыту әдістемесірд

ың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты - айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл - көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады.

Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адам- дар қауіп-қатерге ұшыра-ғанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалға-нында әлгі адам ауыл айма- ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалына- тын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айт- са, соны құдайыға союға ти- іс.

Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шыға-рады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанын-да алдынан ақ шашады, үй-ге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құ-йып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жаман-дық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

Ат тергеу. Ол - адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайны-ларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтей-ді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады.

Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру - араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай жанжалда ауылдың, ел-дің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.

Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп ба-ра жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақи-лық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жи-налғандардан, олар одан кешірім сұрайды.

Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз ба-су, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы - үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрме-тін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, кө-мегіне ақы алмайды.

Асату. Оны С.Мұқанов өзі-нің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бас-тағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүре-тін-ді.

Ат тұлдау. Ер адам қай-тыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қон-сын» деп балаларын ауна- тып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жері- не келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орын-дыққа ұлын аунатып алған көрінеді.

Ауыз тию. Алыс сапара- ға аттанарда сол адам ауы-лындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың кие-сі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ау- ыз тимеуге болмайды. Ас- тан ауыз тию - үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастар-қандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.

Аузына түкірту. Бұл - қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындар-ға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ға- на жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен ту-ған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.

Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішірею- дің ең ауыр түрі - осы ғұ-рып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап кел- ген адамдар туған-туысқан-дарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақ- ты сыйлықтар әкеліп бере- ді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сый-лағанның белгісі.
Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.

Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратыла- ды. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғым-ды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Ен салу. Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі - ен салады. Ол малын та- бу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шыға-рады. Сонда малынан - мал, мүлкінен - мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың ма-лы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі - тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетін-ше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-ту- ыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтен- сімей, өз ортасына тарта білген.

Жол беру. Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғы-зады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғаш-қысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жо- ралғы болып саналады.

Жылу жинау. Бір бақыт-сыздыққа ұшырағанында, үймүлкі, малынан айырылған-ында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор- тасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем - жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыра- ғандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қарта- ға салып ұтқызып жіберген- дер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Жұмалық. Бұрындары дә-ріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбаға- ға ет, қымыз, май, құрт әке-летін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен. Алайда жұма күні қыз-келін-шектердің, әйелінің қойны-на барып, еркектік парызын өтеуді де жұмалық санайтындар бар...

Көрімдік беру. Нәресте-лі болғанында, келін түсірге-нінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан кел- ген құдаларға болашақ ке-ліндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.

Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақта-сып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыс- тарының кішкентай баласы- на бұзауларының, құлында-рының, қозыларының, лақта- рының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бер- мей кету-өнегесіздік, дүние-қоңыздық. Қайырлы болсын айту.

Бала туғанда, келін түсірген-де, тағы да басқа үлкен қу-аныштарға ие болғанында ту-ған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол - қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы бол- сын айтпағандарға ренжиді де.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарас-қан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үй-дің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту. Біреудің жақ-сы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұн- дай сыйлы, жөн-жоралғысы-мен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа са- латын болған. Ол - өлең ай- тыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қо-нақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себеп- ті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәріз-ді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу - ыңғайсыз жағдай.

Қорықтық құю. Ол - емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорға-сын сұйығы бір бейне қал-пына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен не- месе адамнан, жыланнан қо-рыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазы-латынына сендіреді. Мойнына бұршақ салу.

Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр- шағын салып Аллаһ Тағала-дан перзент сұрап жалба-рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

Салауат айту. Ол - Ал- лаһты, пайғамбарды ма-дақтап айтылатын дұға. Оны намаздың соңында зор ынта-ықыласпен оқиды. Сауға сұрау. Бұрын-дары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге бұйырылғанында өте беделді кісілер барып оның жазасын жеңілдетуді, кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың өтінішін орындаған. Мұны сауға сұ- рау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап алынған адам да жолынан жығылмай құн, шығын төлеген, екі жақты бітістіруге күш салған.

Сауын айту. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұ-рын) жан-жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік ат- тарын қосып, астың, той- дың жақсы өтуіне жан-жақ-ты қолдау көрсетеді. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.

Сүйінші сұрау. Өте қуа-нышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сү-йінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақ-сы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. Сәлемдеме. Біреу арқы- лы беріп жіберілген затты сәлемдеме деп атайды. Сәлемдемеге жіберілетін заттар: сыбаға, ақша, көй- лек-көншек, орамал (бір ұшына сақина, білезік бай- ланған). Сәлемдеме жолау- шының жүгін ауырлатпай- тындай болуға тиіс. Алыс-тағы адамдар бір-біріне та-ныстары арқылы ауызша сәлем, өтініштерін де жолдайды. Сірге мөлдіретер. Бие ағытар күні берілген қы-мызды - «Сірге мөлдіретер» деп атайды. Оған ауылдың ақсақалдары, әжелер, ел ағалары шақырылады.

Сүйек жаңғырту. Бұ- рындары құда-құдағи бол- ған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құда- лықты одан әрі жалғас-тырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр. йын технологиясының тиімділігі
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындағын. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.

Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ойөрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.


Қазақ халқының салт - дәстүрлері

Салт - дәстүрлердің түрлері.

1. Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық

тойлар

мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар

нанымдар дәстүрлері

3. Жерлеу салты

2. Діни рәсімдер

мен мейрамдар

Ырымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату,

ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май

салу, дуалау, бәдік, алғыс - қарғыс, бақсылық және

т.б.

Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт

Жалпы халықтық тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой

(мизам), Соғым басы.

Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек

байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.

Қазақтың төрт тойы.

Наурыз мейрамы - күн мен түн тепе - теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды...

Қымызмұрындық - жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын - жекжаттар бірін - бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын - сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын - сауықтар өткізілді.

Соғым басы - қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін - бірі қонаққа шақырады.

қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Дәстүрлі үйлену тойы.

1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке - шешесіне сездіреді. 2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.

4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған - туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық - бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

5. Есік - төр көрсету тойы. Қыздың туған - туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады

6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі. Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу

қашырар, желі тартар, ит ырылдар, бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.

7. Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады.Түрлі ойын - сауық өткізіледі, жар - жар айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады

8. Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі.


Қыз таңдау дәстүрі.

№ Қызға қойылатын

талаптар

Талапқа сай ұлттық түсінік

1 Қыз бен жігіт арасындағы

туыстық жеті атаға толуы

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың

қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке

ел болыстық.

2 Қыз бен жігіт арасындағы

жас үйлесімі болуы

Отау тігер жас - жігеттерде 19 бен 25, ал

қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз

сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.

(Шал ақын)

3 Қыздың ақылдылығы Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің

ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата - ананың қызынан қапы қалма

(Абай)

4 Қыздың тектілігі Тегіне қарап қызын ал

Соғуына қарап қау ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.

5 Қыздың сымбаты мен

көркі

Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

Ақылына көркі сай

6 Қыздың іскерлігі Өнерсіз қыздан без.

Өнегесіз ұлдан без

Ер жігітке қойылатын талаптар.

№ Халықтық талап

Талапқа сай түсінік

1 Кескін келбеті «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді,

қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды,

қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с»

2 Қадір - қасиеті. «Қырандай алғыр, сұңқардай ер,

арыстандай айбатты, жолбарыста й

қайратты, қасқырдай өжет, нардай

төзімді т. с. с»

3 Қабілет икемі. Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық

жасайтын.

4 Зерде - зейіні Тылсым сырды ұға алмайтын.

5 Өнер - өрісі Өмірден әперер сыбағасын

6 Тапқырлық - ерлігі Дұшпанға найза сұға алатын

7 Қайрат - қаруы Аяқтан шалғанды жыға алатын

8 Жігер - күші Қиындықта сыналатын.

9 Білімі. Биікке бастап шыға алатын

10 Адалдығы Туған елі мен дос - жарандарына адал

болатын

11 Әділеттігі Қара қылды жаратын

12 Шыншылдығы Қаймықпастан, турасын айтатан

Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.

№ Атауы

Түсінік

1 Құда Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен

әкелері, аға - інілері мен туған туыстары

2 Құдағи Қарама - қарсы жақтың, әжелері, шешелері,

апалары

3 Құдаша Қарама - қарсы жақтың сіңілері

4 Бел құда Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар

5 Бесік құда Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай

құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те

аталады.

6 Қарсы құда Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда»,

«бесік кертті құда» делінеді.

7 Бас құда Бір - бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат -

қабат құдалар

8 Жанама құда Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.

9 Бауыздау құда Мал бауыздағанда бата берген құда.

Кіндік кесу дәстүрі.

Р/с Кіндік шешенің атқаратын

міндеті.

Кіндік кесуге байланысты салт -

дәстүрлер

1 Жүкті болған әйелді күту Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік

шеше болуды қалап алатын әйелдер

болады. Ол үшін алдымен екі жасты

арнайы қонаққа шақырып, өз

дастарханынан дәм тарттырады.

Осыдан кейін екі үй арасында да

қарым - қатынас жиілеп,, жарастық

орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.

2 Босану кезінде басы- қасында

болу

Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй

дайындалады. От жа ғып, су

жылытылады. Үйдің іші - сырты дүние

мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы

істердің, басы - қасында кіндік шеше

ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді

толғақ үстінде кіндік шеше демеп

тұрады және олай - бұлай жүруіне де

рұқсат етіледі.

3 Кіндігін кесу Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен

байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны

өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап

қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап

«үй күшік болмасын» деп қырдан

асырып лақтырған. Ал қыз баланың

кіндігін «үйдің құты болсын» деген

оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.

Оқымысты болсын деп кітаптың, ат

құлағында ойнасын деп аттың жалына

байлайды.

4 Балаға қамқорлық жасау. Дүниеге келген сәбиді емізбестен

бұрын таза суға малынған қасқырдың

жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп

ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым

қамқор болып жүрген.

Балаға ат қою дәстүрі.

№ Балаға ат қоюдағы салт -

дәстүрлер

Түсінік.

1 Артық саусағына қарай ат қою Артық, Артықәлі, Артықбай,

Қосекен.

2 Балаға тіл - көз тимейді деген

ниетпен ат қою.

Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай,

Тезекбай т. б

3 Баланың дені сау, жаны берік

болуы үшін ат қою.

Тасболат, Тастемір, Шымырбай.

4 Баласы шетіней берген үйде жас

сәбиге ат қою.

Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін,

Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар.

5 Бала - шағаларының өмірі ұзақ

болсын, көп жасасын деген

ниетпен ат қою.

Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса,

Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай,

Тоқсанбай, Ұзақбай.

6 Бұрын - соңды болған қару -

жарақ аттарына байланысты.

Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек,

Садақбай, Шоқпарбай т. б

7 Елдің ардақты азаматтарының

атын солардай батыр, дана,

өнерлі болсын деген ниетпен

жаңа туылған балаға ат қою.

Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек,

Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым,

Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек

т. б

8 Ерекше көзге түсетін белгілеріне

қарай ат қою.

Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай,

Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б

9 Ислам дініні ң ә серіне

байланысты ат қою.

Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет,

Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б

10 Қыз аттарына аспан әлемінің,

аңдардың, асыл тастардың

қымбат металдың нәзік

өсімдіктердің атын қою.

Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз,

Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт,

Раушан, Шолпан, Шынар т. б

11 Мерзімінен бұрын дүниеге

келген балаға ат қою.

Лекер, Шалабай, Шалабек.

12 Мұрат - мақсатыма жеттім - ау

деген ниетпен.

Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат

13 Соңғы балаға ат қою. Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл

14 Төрт түлік мал, аң мен құстарға

байланысты.

Арыстан, Алабай, Бота, Ботаг өз,

Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.

15 Ұлы жоқ үйде қыз туғанда Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан,

Ұлту, Ұлтуған т.б.

Шілдехана тойы.

№ Шілдеханада орындалатын

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1 Бала дүниеге келген күні

кешке ауыл жастары

шілдеханаға жиналады..

Әйел аман - есен босанған күні кешке

ауыл жастары шілдеханаға жиналады.

Шілдехана кейде үш күнге созылады.

2 Өнерлі жастар таң атқанша

жаңа туған баланы, оның

анасын ардақтап ән салып, күй

тартады.

Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп,

таң атқанша көңіл көтереді.

3 Қыз - келіншектер мен

бозбалалар айтысады.

Қыз - келіншектер мен бозбалалар

айтысып, жеңгендері тоғызын алады.

4 Әртүрлі ойындар

ұйымдастырылады.

Жастар түнді қуаныш қызықпен

өткізеді.

5 Шілдеханаға тек қана жастар

қатысады.

Шілдеханаға ауыл үлкендері

қатыспайды. Жаңа туған нәрестені

әртүрлі жын - шайтан, перілердің

салқынынан қорғап, күзету халық сенімі

бойынша тек қана жастардың міндеті.

Баланы бесікке салу дәстүрі.

№ Баланы бесікке

салуда орындалатын

салт - дәстүрлер.

Түсінік

1 Бесіктің

жабдықтарын орын -

орындарына қою

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке

салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші -

қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы

бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен,

беделді әйелі бесік жабдықтарын орын -

орындарына қояды. Содан кейін бесікті

адыраспанмен аластап шығады.

2 Адыраспан түтінімен

бесікті аластап шығу.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын -

шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа

жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын

бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел

ағашына қыздырылған темір тигізіп, те

ырымдайды.

3 «Тыштыртыма»

ырымын жасау.

Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма

ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы

бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа

тарамағай астына тосыл ған алақандарға

тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде,

қасындағы әйелдер іле - шала «тыштым» деп шу

ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу

шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған

рәсім.

4 Бала б өленген

бесіктің үстіне жеті

нәрсе жабу.

1 - бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон

жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен

жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл

болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын.

Кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын

деген тілек.

Баланы қырқынан шығару дәстүрі.

№ Баланы қырқынан шығаруда

орындалатын салт -

дәстүрлер.

Түсінік.

1 Ұл баланы қырқынан

шығару мерзімі.

Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде

шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін

қалың малы аз болсын деген ниетте

істеледі.

2 Қыз баланы қырқынан

шығару мерзімі.

Қыз баланы қырық күннен асырып 42 - 44

күнде қырқынан шығарады.

3 Баланы шомылдыру. Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері

ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер

салған суға баланы шомылдырады.

4 Сүт тырнағын алу Баланың тырнағын алғаннан соң адам

баспайтын жерге көміп тамтайды.

5 Қарын шашын алу. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша

етіп, тігіп, баланың оң иығына қадайды.

Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық

- шашық жерге тастамайды. Адам аяғы

баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын

шаштың қарғысы қатты болады» деген

мақал да осы салтқа байланысты.

6 Ит көйлегін ауыстыру. Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит

көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару

үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің

мойынына байлап қоя береді. Жас балалар

итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп

алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер

қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы

ит көйлекті жыртып береді.

Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрі.

№ Нәрестені тіл - көзден сақтау Түсінік. дәстүрлері.

1 Нәрестені тіл - көзден сақтау

дәстүрлері.

Нәрестені тіл - көзден сақтау үшін

нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде,

жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс

тиындарды іліп қойған.

2 «Көз тиді» деп секем алу. Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда

сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп

түтетеді. Осылайша қас күштердің беті

қайтады. Баланы тіл - көзден сақтайды

деген сенім болған.

3 Нәресренің ата - анасы әлде

біреудің нәрестеге сұқтана

қарағанын, «бала ң

балпақтай» екен деген сөзін

көңіліне алу.

Егер нәрестенің ата - анасы көңіліне алған

жағдайда, іле - шала оған түкірту ырымын

жасатады. «Көзінде қалы бар адамның

қарағаны тегін жібермейді» деп осындай

белгісі бар адамның келуінен қатты

сақтанады.

4 Нәресте сұлқ түсіп, қатты

ауырып қалған кезде.

Осының «көзі тиді - ау» деген адамды

таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да

сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.

5 Нәрестеге жұрттың назары

түспеуі үшін.

Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе

жаман - жәутік, ескі - құсқы кигізіп, бет

аузына әдейі күйе жағып қояды.

Жүкті болған келінді күту дәстүрі.

№ Жүкті болған келінге

жасалатын салт - дәстүр.

Түсінік.

1. Керегеге орамл тану. Келіннің жүкті болғанын сезген ене

«Атамыздың аруаға біліп, қолдап

жүрсін»деп ауылдағы үлкен үйдің оң

керегесіне ақ орамал таңады.

2. Құрсақ шашу. Келін жерік болғанда кішігірім той істейді.

Бұған әйелдер өз үйлерінен бір -бір дәм

пісіріп әкеледі.

3. Жуамен тамақтандыру. Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп

жегізеді.

4. Сағыз шайнату. «Іштегі бала шымыр болсын»деген ниет.

5. Саз,топырақ, қызыл

ірімшік жегізу.

Баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.

6. «Келін көңілі»бас қосуын

өткізу.

Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың

бас қосуын ұйымдастыру.

7. Арқан еспеу. Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.

8. Теңді буу, қаптың аузын

жабуға рұқсат етпеу.

Керісінше жабулы заттарды алуға, буулы

нәрселерді шешуге болады. 9. Түйе етін жемеу. Жүкті әйел баласын 9ай емес 12ай көтеруі

мүмкін.

10. Келіннің етегін бүру,

далаға жалғыз шығармау.

Түсік болдырмауы үшін жасалады.

Баланы сынау дәстүрі.

№ Балада болатын

қасиеттер.

Баланың баламасын болжау белгілері.

1. Бақытты, жары

сұлу.

Ұл бала көзін ашып ұйықтайтын болса.

2. Балуан. Бетінде қалы болса.

3. Ел басқаратын

көсем.

Жастықтың үстінде ұйықтайтын болса.

4. Жайдары. Маңдайы кең болса.

5. Жайдары, ақкөңіл. Шалқасынан жатып ұйқтайтын болса.

6. Жалқау. Желкесінің шұқыры үлкен болса.

7. Кемеңгер. Аяқ -қолын төрт жаққа созып бей -жай

ұйықтайтын болса.

8. Күйеуі көрікті. Қыз болса көзін ашып ұйықтаса.

9. Күйеуі. Баланың бір құлағынан екінші құлағы үлкен

болса.

10. Қызғаншақ, кейде

ойшыл.

Етпетінен ұйықтайтын болса.

11. Мырза. Алақаны ашық, алсңсыз емес.

12. Өтірікші. Құлағы мен ауызының арасы жақын болса.

13. Сараң. Анасының омырауын тас қылып ұстап отырып

алса.

14. Сері. Бас бармағы үлкен,сүйрік болса.

15. Уайымшыл. Бүктісіп ұйықтайтын болса.

16. Шебер. Бармағы майысқан болса.

17. Ынжық. Көрпені тұмшалап орап алып жататын болса.

Баланы: 1. Асырап алу дәстүрі.

2.Cүндетке отырғызу дәстүрі

№ Бала асырап алуда

орындалатын

салт -дәстүрлер.

Түсінік.

1. Міндетті түрде

той жасау.

Қазақ халқында негізінде өз кіндігінен ер баласы

жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының

баласын асырап алатын. Көбінесе ер балаларды, ал

оның реті елгенде қыз баланы да асырап ала

беретін. Малды адамдар атшаптырып той жасаса, дәулеті шағындар құрмалдық жасайды.

а Ер балаға асық

жілік, қыз балаға

тоқпақ жілік

ұстау.

Баланың қолына жілік ұстатып, көпшілікті бұған

куә ету болса асырап алатын әке мен шешенің де

жұрт алдында оларды тумады деп бөлмеу туралы

беретін уәдесі, анты. Жұрт алдында жілік ұстану

салтй екі жағынан да бала аяу, бала беру ісіне

ризашылығын білдіру.

ә Ер баланы

ашамайға мінгізу.

Ер балаларды жілік ұстауға қосымша ашамайға

мінгізу жорасы да бар. Өйткені баланы бауырға

салу көбінесе оның 5-6жасар кезінде болады. Бұл

кезде баланың атқа мініп үйренетін кезі. Әрине тым

жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған

кезде де бола береді. Ал бөтен елден алғанда болса

мүмкіндігінше жастау болу керек.

2. Сүндет тойды

өткізетін күнді

белгілеу.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ата - бабаларымыз

ер балаларын 5.7-не 9-жасында сүндетке

отырғызады. Сүндет тойын өткізетін сәтті күн

алдын - ала белгіленеді.

а. Қонақтарды тойға

шақыру.

Тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Оның

бауырсақ пен кәмипт толтырылған қоржынынанат

басын тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны

жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.

ә. Сәрсенбі күні

баланы сүндетке

отырғызу.

Сәрсенбінің сәтті күні баланы сүндетке

отырғызады. Тойға келген адамдар «сүндетің

қабыл болсын!»деп, баланың айналасына жеміс -

жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.

Бала тәрбиелеу дәстүрлері.

№ Бала тәрбиелеудегі

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1. Құрсақ шашу. Жүкті болған келіннің енсі ауыл әйелдерін

шақырып қонақ етеді.олар өз үйлерінен бір

-бір дәм пісірп әкеледі. Оның себебі -

келіннің жерік болып жүрген асын тауып

беру.

2. Жарыс қазан. Толғата бастаған келіннің енсі қыстай

сақтаған жылы -жұмсағын қазанға салып,

«жарыс қазан»асу қамына кіріседі. Бұл

келін тез босансын деген ниеттен туған

ырым.

3. Шілдехана. Жаңа туған нәрестені әртүрлі «жын -

шайтан», «перілердің»салқынынан, қорғап,

күзету үшін. 4. Сүйінші. Немерелері болған әже сүйінші сұратып

жас балалар мен келіндерін жан -жаққа

жібереді.

5. Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады.

6. Бесік тойы. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін

бесікке салады.

7. Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң нәрестенің «сүт

тырнағы»мен «қарын шашы»алып,

теңгелер салған су құйып, шомылдырады.

8. Тұсаукесер тойы. Сәби жүре бастаған кезде ата -анасы

«балам тез жүріп кетсін»деген оймен

жасалады.

9. Тілашар тойы. Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді

айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы

үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын

жасайды.

10. Атқа мінгізу тойы. Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі

ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде

ашамай ерге мінгізіп үйретеді.

11. Сүндет тойы. Ер балаларды 5-7 -не 9жасында сүндетке

отырғызады.

12. Тоқым қағар. Бала бірінші рет үйінен алысқа

жолаушылағанда өткізіледі.

Қыз ұзату дәстүрлері.

№ Қыз ұзатуда

орындалатын

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1. Күйеу келген соң,

қалыңдыққа пен жігітке

арналған ақ отау тігу.

Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі

рәсімдер орындалады;

1. құдай жолы; 6. түндік жабар;

2.кереге керер; 7. үзік жабар;

3. шаңырақ көтерер; 8. бау - шу байлар;

4.уық шаншыр; 9. отау байғазысы;

5.туырлық жабар; 10.мойын ұсынар;

2. Отауға түсу. Түн ортасы ауа күйеу жігіттің ақ отауда

оңаша кездесуі «отауға түсу»деп аталады.

Қыз жеңгелері қалыңдыққа ен күйеуге ақ

шүберек (неке жаулық)салып, тілеуін тілеп,

екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық

пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері сүйінші

сұраған.

3. Тойға шақыру. Той басталардан екі күн бұрын жан - жаққа шақырушылар жіберіледі, алыстағы

ағайындылар екі - үш ай бұрын хабардар

болады.

4. Қыздар мен жігіттер

арасындағы айтыс.

Жастар қараңғы түсісімен - ақ киіз үйдің

іргесін түріп тастап қыздар іште, жігіттер

сыртта тұрып, қызу айтысты бастаған

жеңілген жақ уақ - түйекпен бір тоғыз

төлеген.

5. Сыбағалы табақтарды

тарту. Балуандар күресі,

көкпар, ат бәйгесі, түрлі

ойындар.

Ең үлкен жүлде ат бәйгесіне беріледі.

Бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз.

Екінші бәйге ат бастатқан тоғыз.

Тілашар тойы.

№ Тілашарда

орындалатын

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1. Ауылдың ділмар,

шешен ақсақал

қарияларын

шақыру.

Бүлдіршіннің тілі жеке -жеке сөздерді айтуға

икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін

дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып,

ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.

2. Балаға қойдың тілін

жегізу.

Олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың

тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып,

«Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде

алады.

3. Ақсақалдардың ақ

батасын алу.

Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап

кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем

бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.

Тұсау кесер тойы.

№ Тұсаукесер тойының

салт -дәстүрлері.

Түсінік.

1. Тұсаукесер күнін белгілеп,

қонақтарды шақыру.

Сәби «тәй -тәйлап»жүре бастағанда

өткізіледі. Алдымен тұсаукесер күні

белгіленіп, арнайы қонақтар шақырылады.

Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да

тартқызып, арты думанды тойға да ұласып

кетуі ғажап емес.

2. Көпшілік арасында

баланың тұсауын кесетін

адамды таңдап алу.

Жиналған көпшілік арасынан көбінесе

жылдам, қимылы ширақ, іске епті

қасиеттерімен көзге түсетін қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің

тұсаукесерін оған тапсырады. Тұсау кескен

адамға сәбидің тұсауына байланысты,

арнайы «тұсаукесер»сыйлығы беріледі.

Кең дала, таза ауада

жайылған дастархан

жанына қазық қағып, аяғы

тұсалған баланы арқандап

қою.

Тұсуакесер салты алдында жиналғандар

кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті

дәмге толы бала -шағаға арналған

дастархан жанына қазаық қағып, аяғы

тұсалған баланы арқандап қояды.

4. Балаларда жаяу жарысқа

жіберу.

Тойдың негізгі жанкүйерлері балалар

алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай

озып келгені арқанды қиып, барлық

дастархандағы дәмге ие болады, оған

арнайы сыйлық беріледі.

5. Баланың тұсауын кесу. Бұдан соң «Жүйрік бол!», «Шауып кет!»

т.б. тілектер айта отрып, екі қолынан екі

адма жетектеген баланың тұсауын

таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп

жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі

адам ортаға алып шығып, тез - тез

жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер»жыры

шырқалады.

Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі.

№ Тәрбиелеудегі

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1. Қыз баланың белін 7жасқа

келгенде белбеумен буып

қою.

Бұрынырақта қызы жетіге толысымен - ақ

аналары белін белбеумен буып қоятын.

2. 12-ге келген соң қызының

төсегіне дәл жуырынының

астынан келетіндей етіп қос

арқан керу.

Аналары қызының төсегіне дәл

жауырының астынан келетіндей етіп, қос

арқан керіп соған ұйықтататын.

Сондықтан да ежелгі қазақ қыздары бұраң

бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.

3. Қызды оң жаққа шығару. Қызды он екіге толғанда ата - анасы киіз

үйдің оң босағасынан орын беріп, оның

көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық

ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң

жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық

ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы

қосағаны бүркемелеп тұрған перде

«көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа

шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек

сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

4. Қыз баланы ұзатылуына 6ай

қалғанда үй тігіп, бір

жеңгесімен бөлек шығару.

Қыз баланың ұзатылуына 6ай қалғанда

жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір

жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй -

«доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы үйде

ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан -

ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн

атқарып, отбасылық өмірге үйрене

бастаған.

Қонақ күту дәстүрі

№ Қонақ күту дәстүріне

байланысты аталы сөздер.

Түсінік.

1. «Барымен базар» Бұрынырақта қызы жетіге толысымен - ақ

аналары белін белбеумен буып қоятын.

2. «Бөлінбеген енші» Аналары қызының төсегіне дәл

жауырының астынан келетіндей етіп, қос

арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан

да ежелгі қазақ қыздары бұраң бел, аршын

төс, сымбатты болып өскен.

3. «Қырықтың бірі қыдыр» Қызды он екіге толғанда ата - анасы киіз

үйдің оң босағасынан орын беріп, оның

көрпе төсегін көлегейлеп шымылдық

ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң

жаққа шығару»деп аталады. Шымылдық

ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы

қосағаны бүркемелеп тұрған перде

«көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа

шыққанда жасауымен бірге көсегесін де

ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек

сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

4. «Қонақты қуа берсен ,

құт қашады»

Қыз баланың ұзатылуына 6ай қалғанда

жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір

жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй -

«доғалаң»деп аталған. Бойжеткен осы үйде

ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан -

ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн

атқарып, отбасылық өмірге үйрене

бастаған.

5 «Өз үйіңде таудай дауынды

айтпа»

Қонақ үй иесінің қамқорлығында болу

керек.Қонақ боп отырған адам ол үйдің жауы болса да, өз үйінде оған өзі

түгелі,басқаға да қиянат жасатпайды

6 «Қонақ таңдап қонады» Жолаушы қонаға келіп қалғанда қонақ асы

беруден қысылмайтын үйге түседі.

7 «Түскенше қонақ ұялады,

түскен соң,үй иесі ұялады»

Қонған қонақты күту міндеті үй иесіне

түседі

8 «Қонақ қойдан да жуас ,май

берсе де жей береді»

Қонақ та тамақ келген кезде сыпайылық

танытады

9 «Асың барда ел таны беріп

жүріп,атың барда жер таны

желіп жүріп»

Ер азаматқа үйінде отыра бермей,ел

көр,жер көр, кәсіп ет деп кеңес береді

10 «Адам болар бала қонаққа

үйір»

Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар

болады.

Қой сою дәстүрі.

№ Қай союда орындалатын

салт - дәстүрлер.

Түсінік.

1. Сойылатын қойды таңдау. Сойылатын қой пышаққа жарамды

семіз болуы керек. Буаз қой

сойылмайды, өсімге қалдырылады.

Көбіне қоңы жарамды қартаң қой

таңдалады.

2. Таңдалып алынған қойды

қонаққа көрсетіп, бата сұрау.

Сояр қой таңдалып, іріктеліп

алынғаннан кейін үй иесі ақ адал -

малын қонгағына көрсетіп бата

сұрайды.

3. Қысапшы пышағын, үй

дайындау, құманға жылы су

құю.

Үй иесі малын қонағына көрсетіп, оның

ризашылығын алып жатқанда қасапшы

пышағын сайлап, құманға жылы су

құйып, шаптасын ыңғайлап қояды.

4. Малды бауыздау. Малды бауыздау үшін қан -жын

төгіліп, үйдің маңын шыбын -шіркей

басып кетпеуі үшін малды аулаққа

көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын

айқастыра қосып байлайды. Малдың

басын құбылаға (оңтүстік батысқа)

қаратып «бісмілә»деп бауыздауға

кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ,

менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан

малынан амалсыздан болып жатқан іс

екенін айтып кешірім сұрағандай

аяушылық білдіреді.

5. Қойың аяғын байлаған жібін

шешу, құмандағы сумен

Бауыздалып жаны әбден шыққанан

кейін қойдың аяғын байлаған жіп қойдың алқымын жуып,

бауыздау, қанынан тазарту,

қолын, пышағын жуу.

шешіліп алынады. Содан кейін

қысапшы құмандағы жылы сумен

қойдың алқымын жуып бауыздау

қанынан тазартады, қолын, пышағын

жуады.

6. Бауыздалған қойдың екі түрлі

тәсілмен сою.

Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен

сойылады. Бірі - төселген шыптаның

үстінде жатқызып сою да, екіншісі

артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп

сою (кей жерде асып сою деп аталады)

7. Қойдың терісін іреу, түю. Қойды сою үшін алдымен терісінен

ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға

қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі

бір тәртіппен қойдың терісінен бауыр

жағынан кесуді айтады.

8. Бас пен 4сирақты үйту. Тері сыпырылмас бұрын бөлек алынған

бас пен сирақ үйтуге жіберіледі.

9. Терісі сыпырлған қойдың

денесін мүшелеу.

Ет мүшелерінің атаулары.

№ Мүше атауы. Төрт түлікте аталуы.

1. Бас. Ірі қарада екі шеке

2. Жақ. Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы

екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

3. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа

пайдалынылады.

4. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға

арналған табаққа салынбайды.

5. Мойын ет. Ірі қарада бөлек салынып алынатын ет, көбінесе

қуырдақ қуырылады.

6. Бұғана. Екі жақта үш талдан алты тал. Мүше орнына

салынады.

7. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа

салына береді.

8. Сүбе. Етіменен алынған алты қабырға. Таңдаулы

мүшелердің бірі.

9. Қазы. Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырады,

кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне

айналдырады.

10. Төс. Қыз - күйеулер үшін таңдаулы мүше.

11. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша айтылады. Көбінесе

қуырдақ жасалады.

12. Төстік. Қойда осылай аталады. Терісеімен істікке шаншып отқа қақатап құйқасымен жейді.

13. Ауыз омыртқа. Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал

сойған кісіге шикідей беріледі.

14. Кәрі жілік. Қолда болады,жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға

берілмейді.

15. Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады.Қолда болады

мүшелік жілік.

16. Асық жілік. Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.

17. Тоқпан жілік. Санда болады, ең етті жілік.

18. Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп

асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас асылады.

Ең таңдаулы мүше.

19. Жая. Жылқының жауыр еті, оны сүрлейді қақтап

кептіруге болады.

20. Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ

омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына

жатады.

21. Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді.

22. Ұзын омыртқа. Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа

салынады.

23. Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.

24. Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май,

кесек ет.

25. Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай

пісіреді, қуырады.

26. Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.

27. Бауыр ет. Ірі малда бөлек салынып алынады. Асып қақтап

жеуге қуыруға, --------- қосуға пайдаланады.

28. Бүйрек. Балалар сыбағасы саналады.

29. Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.

30. Қата. Жылқы малының ең таңдаулы мүшесінің бірі.

31. Қима. Сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ

ішегі.

32. Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ

қонақтың табағына салынбайды.

33. Ащы шек. Өкпе - бауырға қосып қуырылады.

34. Желін. Шап майымен бірге алынап сүрленеді.

35. Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да,

жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.

36. Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады,

қонақтың табағына салынбайды.

37. Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе

сүрленеді.

38. Сирақ. Қой - ешкінің (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді.

Балалар сыбағасы. 39. Бүйен. Ертеректе май, ет тығып өсіп, түйрек, жұмыр

дейтін тағамдар жасаған.

Қыз - келіншектер сыбағасы.

Еттен табақ тарту дәстүрі.

№ Жасалатын

табақ түрлері.

Табаққа салынатын ет мүшелері.

1. Бас табақ. Бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы

сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның

ұсынуы бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

2. Сый табақ. Сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы

қонақтың алдына қойылады.

3. Орта табақ. Асық жілік, кейде жамбас та түседі.

4. Аяқ табақ. Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл

адамдарына қойылады.

5. Күйеу табақ. Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс аслынады.

6. Келін

табақ.(беташар

табағы)

Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

7. Қыздар табағы. Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл

салынады.

8. Құдағайлар

табағы.

Құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік

пен сүбе болады.

9. Жерік асының

табағы.

Екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап

жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе

әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік,

төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат

кездік(пышақ)салып апару салты болған.

Ұлттық тағамдар.

№ Түрлері. Атауы.

І. Сүт тағамдары. 1.Айран. 5.Сүзбе.

2.Қаймақ. 6.Сүт.

3.Құрт. 7.Шұбат.

4.Қымыз. 8.Ірімшік.

ІІ. Ет тағамдары. 1.Әсіп. 11.Ет қошын.

2.Бас. 12.Қазы.

3.Борша - кіме. 13.Қарта.

4.Бұжығы. 14.Қимай.

5.Бітеу. 15. Қуырдақ.

6.Жал. 16.Қыранбөрте.

7.Жау - жұмыр. 17.Мипалау. 8.Жая. 18.Сырбаз.

9.Жөргем. 19.Үлпершек.

10.Ет. 20. Шұжық.

ІІІ. Сорпа тағамдары. 1.Жас сорпа. 2.Кәкірім.3.Қалжа.4.Тармы.5.Нарын.

IV. Ұн тағамдары. 1.Бауырсақ. 4.Быламық.

2.Бөкпен. 5.Жайма.

3.Бүкпелер. 6.Нан.

V. Дән тағамдары. 1.Боза. 5.Палау.

2.Бадырақ. 6.Сүркүріш.

3.Жарма. 7.Талқан.

4.Майсөк. 8.Тары көже.

Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері.

Дәстүрлі қолөнер түрлері.

1. Ағаштан бұйымдар жасау.

2. Жүннен бұйымдар жасау.

3. Арқан жіп бесу.

4. Киіз басу.

5. Киізден бұйымдар жасау.

6. Киім тоқу.

7. Теріден бұйымдар жасау.

8. Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.

9. Металдан бұйымдар жасау.

10. Зергерлік.

11. Тасатан, қыштан бұйымдар жасау.

12. Ши тоқу.

13. Ер - тұрман жасау.

14. Кесте тігу.

15. Киім тігу.

16. Аяқ киім тігу.

17. Сабын жасау.

18. Бояу жасау.

Ағашатан жасалатын бұйым түрлері.

1. Киіз үй сүйегі.

2. Киіз үй жиһаздары.

3. Ыдыс - аяқтар.

4. Сазгерлік аспаптар.

5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал - жабдықтар.

6. Егіншілікте қолданылатын құрал - жабдықтар.

7. Аң аулауда қолданылатын құрал - жабдықтар 8. Тұрмыста қолданылатын құрал - жабдықтар

9. Ойын жабдықтары.

10. Бесік.

Киіз үй атаулары.

1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.

2. Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй.

3. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

4. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

5. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

6.

7. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.

8. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

9. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.

10.Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

11.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

12. Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.

Киіз үйдің сүйегі.

№1. 2.Сүйегінің бөліктері. 3. Құрамдас бөлшектерінің атауы.

1.

Шаңырақ.

1.Бақалақ.

2. Күлдіреуіш.

3. Қаламдық.

4. Табақ.

5. Тарам.

6. Тоғын.

2.

Уық.

1. Қалам.

2.Қары.

3. Иін.

4.Уық бау.

3.

Кереге.

1. Балашық.

2. Ерісі.

3. Желі.

4. Көк.

5. Қанат.

6. Сағанақ.

4.

Сықырлауық.

1.Босаға.

2. Жарма бет.

3. Маңдайша.

4. Табалдырық.

Киіз үй жиһаздары.

1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен

түрі.

2. Абдыра. Киім - кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.

3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.

4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз.

5. Асадал. Тамақ пен ыдыс - аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.

6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).

7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық.

8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.

9.Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.

10.Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын

үй жиһазы.

Киіз үй жабдықтары.

1.Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

2. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп

жабуға керекті ашалы ағаш.

3.Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра,

қазықтарға байлапйтын ұзын арқан.

4.Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға

байлайтын ұзын арқан.

5.Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ

бау.

6. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.

7. Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.

8. Дөдеге. Сән үшін үзәіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

9. Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

10.Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.

11. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын

байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

12.Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі

сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

13.Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

14.Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

15.Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

16.Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.

Киіз үй - мал баққан көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте

қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы,

ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып

келеді. Киіз үйдің негізгі қаңқасы - киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар: кереге, уық,

шаңырақ есік немесе сықырлауық. Бұл сүйекткрі көлеңкеде кептірілген

талдан, жіңішке қайыннан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың

өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер - үйші жасайды.

Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі

метрдей болады. Кергенің әр бөлігін - қанат деп атайды. Қанат саны үй

көлеміне қарай көбйе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады.

Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен.

Осыдан кейін ша ңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде

шаңырақтыңмаңызызор. Шаңырақ - үй,әулет мағынасында да

пайдалаылады. Оны «қра шаңырақ»

дп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі,мұрагері болып саналады. Киіз

үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте

шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат

үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан - ір ұшын екі аша етіп жасаған екі

сырық. Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтардың кереге басына

байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді.,

оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық, пен кереге басын біріктіріп

байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құмен шамалап

таңады.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі - босаға. Ол табалдырық

пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді.

Оған сықырлауық орнатылады.

Сықырлауық - киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл

ортасынан ашылып - жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа

ілмек арқылы ұстасады, ашып - жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны

сықырлауық деп атайды.

Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық,

үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты кереге керіп ұзын баулары арқылы

уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті

жабады. Үзік кереге басынан шаңырақ шеңбаріне дейінгі аралықты қамтиды.

Атауына сай олар үзік - үзік киізден тұрады.

Түндік - шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Түндік арнаулы

бояу арқылы оңай ашылып - жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши,

астары жарғақ теріден жасалады. Ол шыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар: төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы) есік

жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген.

Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып,

кереге асылады. Ол киіз үйге сәндік - жиһаздық сипат береді. Оның негізгі

міндеті - дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатылып, оның тұсына түскиіз ұстап,

шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне абдыра (сандық)қояды.

Абдыраға көрпе - жастық тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына

тамақ салатын кебеже, қазан - аяқ салатын аяққап, ыдыс - аяқтар (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.)қойылады да, осы араны шым шимен

қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді.

Ал, үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған)немесе темір пеш орнатып

қояды. Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған.

Жабыдқталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.

Үш санындағы ұшқыр ой

Үш жұрт.

1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт

Үш байлық.

Брінші байлық -денсаулық. Екінші байлық -ақ жаулық. Үшінші байлық - он

саулық.

Үш би.

1. Үйсін Төле би. 2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.

Үш дана.

1. Абай 2. Шоқан 3. Ыбырай.

Үш қат.

1. Жоғары қат (аспан) 2. Орта қат. (жер үсті) 3. Төменгі қат (жер асты)

Үш қуат.

1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

Үш ғайып.

1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.

Үш арсыз.

1.Ұйқы арсыз. 2.Тмақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

Үш дауасыз.

1. Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.

Үш қадірлі.

1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.

Үш қадірсіз.

Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.

Үш жамандық.

1.Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3.Ата - бабаның көзі - ескі

жұртты бұзу.,.

Үш жақын.

1. Жан тәтті. 2. Бала тәтті. 3. Жар тәтті.

Үш ақиқат..

2. 1. Қымбат - шындық, арзан - өтірік, дауасыз - кәрілік.

Үш қуаныш.

1. Алғыс алу.2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі.

Үш биік.

1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.

Үш асыл.

1. Көз. 2. Тіл 3. Көңіл.

Үш артық.

1. Адалдық. 2. Еңбексүгіштік. 3. Өнерпаздық.

Үш ынтық. 1. Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету.

Үш тұл.

1. Қайратсыз ашу тұл. 2. Тұрлаусыз ғашық тұл. 3. Шәкіртсіз ғалым тұл.

Үш апат.

1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. Асты

ысырап ету.

Үш кедейлік.

1. Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы.

Үш кемдік.

1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық.

Үш бақытсыздық.

1.Жаман ат 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.

Үш көз.

1. Су анасы - бұлақ. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ.

Үш тоқтам.

1.Ақыл - арқан. 2.Ой - өріс.3. Адам - қазық.

Үш қасиет.

1. Өліде - аруақ.

2. Малда - кие.

3. Аста - кепиет.

Үш тағлым.

1.Мейірім сауап.

2 Жақсылықтан - шарапат.

3 Жамандықтан - кесапат

білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс -тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы -халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Ал ұлттық салт - дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсетіп жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан көп қолданысқа әдет-ғұрыпқа айналған, әдет-ғұрып ұлттық қолданыста әдепке ( ұлттық мәдени көрніске) айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт болады. Салттың ұлттық санадағы көрнісі салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып, сараптап өтсек.
Белгілі педагог К.Д. Ушинский "Халықтың (этностың) тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ" дейді. Ал, Аристотель "Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз " деп қарастырды.
Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев "Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізде мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрніс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінезді болып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз" - тұжырымдайды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу - міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында "мәңгүрт", мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек" -деген екен.
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектеп ішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі - тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы", "Тәрбие басы - тал бесік" деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, "Ұстазға қарап шәкірт өсер" деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ.
Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
- мектеппен отбасының байланысын жасау;
Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазір оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, биімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымызды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парымыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ж.Қараевтың, М.Жанпейісованың, Ш.Таубаеваның т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

4. К.Халықова К. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

4. «Практически помощь учителю» журналы, №4. 2004, Алматы.

6. Рахметова С.Р «Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптары» Алматы: «Атамұра»,2004ж-19б

Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

40

© 2010-2022