Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер

Бағдарламалық-дидактикалық

қамсыздандыру: WINDOWS 9x, QuickBasic, TurboPascal, электрондық оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты: Қайталану саны белгісіз және белгілі циклдерді ұйымдастыру арқылы есептерге циклдік алгоритм құру тәртібін үйрету, осы тарау бойынша алған білімдерін бекіту, талдау жасау

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, қайталау сабағы


Білім мен біліктілікке қойлатын талаптар:


Оқушылар білуі тиіс:

  • цикл түсінігін;

  • циклдік алгоритм қызметін;

  • циклді анықтайтын параметрлердің мәнін;

  • «үшін», «әзірше» циклдерінің қолдану кезеңдерін;

  • параметрлі қайталау командасының жазылу түрін;

  • FOR, NEXT, STEP операторларының қызметін.


Оқушылар үйренуі тиіс:

  • циклдегі параметрлерді сипаттауды;

  • циклді ұйымдастыру әдістеріне қарай қажетті операторларды пайдалана білуді;

  • есеп шартына қарай қайталану саны белгісіз (WHILE-WEND) және қайталану саны белгілі (FOR-NEXT) циклдерді ұйымдастыруды.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Техника қауіпсіздік ережесімен танысу кезеңі



Өткен сабақты еске түсіру мақсатында пысықтау сұрақтары:




  1. Қандай алгоритм цикдік алгоритм деп аталады?

  2. Цикл денесі деп нені айтамыз?

  3. Қайталану саны белгісіз циклдерді ұйымдастыруда қандай операторларды қолданған жөн?

  4. Қайталану саны белгісіз циклдерді ұйымдастыруда жиі жіберілетін қателер.

  5. UNTIL операторын шарттың қандай жағдайында қолдануға болады?

  6. «Үшін» циклін қай жағдайда ұйымдастыру керек?

  7. Параметрлі қайталау командасы қалай жазылады?

  8. STEP операторының қызметі?

  9. NEXT операторының қызметі?

  10. STEP операторын қандай жағдайда жазуға болмайды?



Сабақтың барысы:

Әрбір оқушы дербес компьютерде тікелей жұмыс істейтін болады. Оқушылар алгоритмдеу және программалау курсы бойынша жасалынған шағын электрондық оқулықты пайдаланады. Электрондық оқулықтағы «Қайталану саны белгісіз циклдер» және «Қайталану саны белгілі циклдер» бөлімін ашып, осы бөлімдердегі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап іздейді. Есеп шығарудағы білім мен біліктілікті сынамас бұрын оқушы «Мысал…» батырмасын басу арқылы оқулықтағы бір есептің шығарылу тәртібімен танысады. Содан соң «Өзің орында…» батырмасы арқылы есепті Qbasic програмалау тілінде шығарады. Оқушы есепті тікелей электрондық оқулықта орындайды. Орындалу хаттамасы арқылы есептің нәтижесін алатын болады. Оқулықтағы «Тест» батырмасы арқылы осы бөлімдерге қатысты тақырыттық тест жұмысын тапсырады.

Егер компьютерлер саны жеткіліксіз болса, онда оқушыларға өтілген материалдарды бекіту мақсатында жасалған үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар таратып беремін.

Мысалы, сандар қосындысын табу керек болсын: Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер

а) алгоритмдік тіл

алг сандар қосындысы (нәт зат S)

басы бүтін I

енгізу х

S:=0

I үшін 2-ден бастап 8-ге дейін

цб

Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер

цс

шығару S

соңы

б) блок-схемасы

Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер





в) программалау тілі QBasic

REM сандар қосындысы

INPUT "X="; X

S=0

FOR I=2 TO 8

S=S+SQR(I*X)

NEXT I

PRINT "S="; S

END

г) программалау тілі TurboPascal

program sum;

var x, s: real;

i: integer;

begin

write ('x=');

read (x);

s:=0;

for i:=2 to 8 do

begin

s:=s+sqrt(i*x);

end;

writeln ('s=', s);

end.




Деңгейлік тапсырмалар үлгілері:


Оқушы ______________________________________________________

І-деңгей

1. Мына тізбекті орындау нәтижесі:

F=2

P=3

P=P+F

PRINT P, F


ІІ-деңгей

2. Сандар кубтарының кестесін құрыңыз: -5, -4, -3, … ,1


ІІІ-деңгей

3. Көбейтіндіні табыңыз: Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер







Оқушы ______________________________________________________

І-деңгей

  1. Мына тізбекті орындау нәтижесі:

X=1

Y=X*X

PRINT X, Y

X=X+1

Y=X*X

PRINT X, Y


ІІ-деңгей

  1. 1, 3, 5, …, 21 сандарының арифметикалық ортасын табу программасын құрыңыз.


ІІІ-деңгей

  1. 2, 4, 6, …, 10 сандарының кубтарының қосындысынан осы сандардың квадраттарының қосындысын шегеру алгоритмін және программасын құрыңыз.








Оқушылар білімін бағалау: Сабақ соңында әр оқушы өзінің білім-білік көрсеткіштеріне,

материалдарды игеру дәрежесіне қарай өз білімдерін бағалайды. Оны іске асыру бағалау мониторнигі арқылы іске асырылады. Оқушылардың түсінбеген сауалдары болса, қайта талдап түсіндіремін.

Үйге тапсырма: Үй тапсырмасы деңгейлік бағытта беріледі.


  1. Массасы 50, 100, 150 … 1000г сары майдың құнын анықтау алгоритмін құрыңыз. 1 кг сары майдың бағасы - 300 теңге.

2) Қорапта ақ және қара түске боялған бірнеше шарлар бар. Қорап жанында ақ және қара түске боялған екі қоржын бар. Ақ шарды ақ қоржынға, қара шарды қара қоржынға жинау алгоритмін құрыңыз.

3) z-тің мәнін пернетақтадан енгізе отырып көбейтіндіні табыңыз:

Разработка урока по информатике Циклдық алгоритмдер





























Оқушының өзін-өзі бағалау мониторингі


Оқушы _____________________________________________

Тапсырма түрлері

І-деңгей (5 ұпай)

ІІ-деңгей

(10 ұпай)

ІІІ-деңгей

(15 ұпай)

Барлық ұпай

Баға

Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалармен жұмыс


Тест тапсыру (компьютерде)

Баға (компьютердің бағасы)

Есеп шығару (компьютерде)

Есеп толық шығарылмаса - 0 ұпай

Есеп толық шығарылса - 30 ұпай

Баға


Баға мониторингі

5 ұпай - «3» (қанағат)

15 ұпай - «4» (жақсы)

30 ұпай - «5» (өте жасы)




Оқушының өзін-өзі бағалау мониторингі

Оқушы ____________________________________________

Тапсырма түрлері

І-деңгей (5 ұпай)

ІІ-деңгей

(10 ұпай)

ІІІ-деңгей

(15 ұпай)

Барлық ұпай

Баға

Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалармен жұмыс


Тест тапсыру (компьютерде)

Баға (компьютердің бағасы)

Есеп шығару (компьютерде)

Есеп толық шығарылмаса - 0 ұпай

Есеп толық шығарылса - 30 ұпай

Баға


Баға мониторингі

5 ұпай - «3» (қанағат)

15 ұпай - «4» (жақсы)

30 ұпай - «5» (өте жасы)

© 2010-2022