- Преподавателю
- Информатика
- Информатика Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары 6 сынып
Информатика Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары 6 сынып
Раздел | Информатика |
Класс | 6 класс |
Тип | Презентации |
Автор | Тулепова Г.Д. |
Дата | 04.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні:Информатика Сыныбы: 6
Мерзімі: 08.04.2015 жыл. 1/27 сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты: Рower Point бағдарламасы бойынша білім-білік дағдыларының деңгейін, білімін практикада қолдан білуін анықтау, өткен оқу материалдарын жүйелеп, талдауға мүмкіндік беру.
Міндеттері:
-
жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;
-
оқушылардың жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасай отырып, диалогтік оқыту барысында өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау;
-
топ алдына шығып сөйлей алу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ -ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Оқыту технологиясы мен стратегиялары: дамыта оқыту жүйесінің сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының «диалог негізінде оқыту», «ой қозғау стратегиясы», сұрақ - жауап, топпен жұмыс, миға шабуыл, сергіту сәті, рефлексия, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауы.
Күтілетін нәтижелер:
Алған білімдерін өмірде, қалай қолдану керектігін, оны пайдаланудың мүмкіндіктерін тудыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
-
Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;
-
Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, АКТ, слайд, флипчарт, А3 парағы, маркерлер, стикерлер,
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері, уақыты
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің
іс - әрекеті
Оқушының
іс - әрекеті
Бағалау
Ресурстар
І. Кіріспе
5 мин
Психологиялық ахуал
Ұйымдастыру кезеңі
Тұлғааралық байланыс орнату
Топқа бөлу
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын.
Шаттық шеңбер «Есімдер тарихы» атты стратегия бойынша жүргіземін..
Оқушыларды топқа бөлемін.
«Алтын ережені» құрады.
Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі.
Оқушылар өз есімдерінің не себептен солай аталғандығын айтып береді.
Оқушылар екі түрлі фигураларда жазылған «Р-o-w-e-r», «P-oi-n-t» әріптерінің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді.
Алтын ереже:
- сабаққа кешікпеу;
-ұйымшылдық
- мәдениетті болу;
-бір-бірінің пікірін тыңдау;
- өз ісіне жауапты болу;
- ережелерді үнемі назарда ұстау.
«Жаксы»
«Өте жаксы»
Топқа бөлуге арналған әріптер жазылған фигуралар.
Топтың дайындығын білдіретін әр түсті белгілер.
ІІ.Тұсаукесер
10 мин
Өткен сабақты бекіту
Өтілген тақырыпты бекіту сұрақтары
«Диалогтық оқыту»
Өткен сабақты тест сұрақтары
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Барлық оқушылар өткен сабақты естеріне түсіру үшін 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап береді.
Тест кілті бойынша өзін - өзі бағалау.
Формативті бағалау
ІІІ.
Негізгі бөлім
20 мин
Қызығушылығын ояту
Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Топтық жұмыс
Техникалық диктант
Сергіту сәті
Тақтада берілген Рower Point программасына қатысты ребусты шешу. (Бүгінгі тақырыпқа байланысты объектілер шығады) Оқушылар назарын интербелсенді тақтаға аудару.
Жұмыс барысымен таныстыру.
Интерактивті тақтада көрсетеді.
Екі топқа «Безендіру шаблондары» тақырыбында сыни тұрғыдан ойлау арқылы постермен жұмыс жасау
Интербелсенді тақтада техникалық диктант беріледі
Интербелсенді тақтадан анимация арқылы жасалған қимылдарды музыкамен көрсету
Оқушылар топ болып жұмыс жасайды. Ребустын жауабын тауып, бірінші болган топ жауап береді.
(Слайд, көрме)
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
Оқушылар постермен жұмыс жасайды, постер жасалып болған соң, әр топ ортаға шығып өз постерлерін қорғайды
Оқушылар сөйлемді оқи отырып, техникалық диктантта берілген көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды.
Анимация арқылы жасалған қимылдарды музыкамен қайталау.
Формативті бағалау
Екі топ
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бірін бірі бағалау
«Өте тамаша!»
Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер, дәптер, қалам
ІҮ. Бекіту
5 мин
Миға шабуыл
Корапшаға салынған сұрақтарды ұсыну
Кораптан алынған сұрақтарға әр оқушы жеке-жеке жауап береді
Формативті бағалау
Қорапша, сұрақтар
Ү. Қорытынды
5 мин
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Бағалау
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі - түсті стикерлер таратады «Менің жанұям» тақырыбына презентация жасап келу.
Қорытынды баға шығару
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл - күй дидарына іледі. Оқушылар күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ басында таратылған бағалау парақшасында сабақтың әр тапсырмасын алған ұпайларын есептеп мұғалімге өткізеді.
Мұғалім смейликтермен белсене қатысқан оқушыларды бағалайды
Тұрлі-түсті стикерлер
Күнделік
Бағалау парақшасы критерийлер